Otpan News
«Әділет» партиясының кандидаттары Су өндіру және тасымалдау басқармасының ұжымымен кездесті
Otpan News
17:49, 10 қараша 2026

«Әділет» партиясының кандидаттары Су өндіру және тасымалдау басқармасының ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Су өндіру және тасымалдау басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.Жиында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын тиімді пайдалану және өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар су шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу, инженерлік желілердің тозуын азайту және сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту қажеттілігі айтылды.Кандидаттар су мәселесінің өзектілігін атап өтіп, өңірдің тұрақты дамуы халықты және өндіріс орындарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге тікелей байланысты екенін жеткізді.«Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Маңғыстау өңірі үшін су – стратегиялық маңызы бар ресурс. Халық санының өсуі мен өндіріс көлемінің артуы суға деген сұранысты да көбейтуде. Сондықтан су өндіру және тасымалдау жүйесін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу, су шығынын азайту – уақыт талабы. Ең бастысы, әрбір тұрғын сапалы әрі тұрақты сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл бағытта инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін бағалау және оларға қолайлы жұмыс жағдайын жасау маңызды», – деді Исенбай Абиевич.Сондай-ақ кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, білім беру және денсаулық сақтау салаларының сапасын арттыру бағытындағы міндеттер түсіндірілді.Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері кандидаттарға толғандырған сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, халықпен тұрақты байланыс орнату мен ашық диалог жүргізудің қажеттілігіне тоқталды.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!