Otpan News
Бейнеуде жаңа теміржол вокзалының құрылысы аяқталуға жақын
Otpan News
21:53, 5 қараша 2026

Бейнеуде жаңа теміржол вокзалының құрылысы аяқталуға жақын

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданындағы жаңа теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, нысандағы жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Құрылысы 2025 жылы басталған жаңа вокзалдың аумағы 3500 шаршы метр. Бұл бұрынғы вокзал ғимаратынан 15 есе үлкен. Үш қабатты нысанды биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның мердігері - «JJ Construction» ЖШС.Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ғимараттың ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары шамамен 90 пайызға орындалған. Құрылыс алаңында 130-дан астам жұмысшы еңбек етіп, 15 арнайы техника жұмылдырылған.Жаңа вокзал бір мезетте 1300 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы болады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимаратта эскалаторлар мен лифтілер қарастырылған.Сонымен қатар екінші қабатта кофехана, сауда дүңгіршектері, бутиктер, коворкинг және демалыс аймақтары орналасады. Бұл жолаушылардың сапар алдында уақытын жайлы өткізуіне мүмкіндік береді.Нысанның іске қосылуы ауданның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Өңір басшысы мердігер ұйымға құрылыс қарқынын төмендетпей, жұмыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс-монтаждау және абаттандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, нысанды пайдалануға беруге қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуді міндеттеді.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі
Otpan News
15:58, 4 қараша 2026

Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі

Жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту нәтижесінде автомобиль отынын өндіру көлемі ұлғайып, оның сапасы «К-5» стандартына дейін жақсарады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.— Биыл біз мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын әзірледік. Оған сәйкес, жұмыс істеп тұрған үш зауыттың жалпы қуаттылығын жылына 18 миллион тоннадан 27,7 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, — деді министр.Сонымен қатар министр Ақтөбе облысында қуаты орташа мұнай өңдеу зауытын салу жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2 миллион тонна болады.Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жаңа зауыт ішкі нарықты қамтамасыз етуге және Орталық Азия елдеріне өнім жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шамамен екі жылға созылады. Бұл автомобиль отыны мен басқа да мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.— Қазір мұнай өнімдерін жеткізу кезінде қиындықтар туындап отыр. Біз ресурстық әлеуеті жоғары ел ретінде көршілес мемлекеттерді де мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз. Жоба екі жылдан кейін аяқталады. Болашақта бұл тек автомобиль отынының ғана емес, авиациялық отынның да қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.Бұдан бөлек, жоспарланған 27,7 миллион тонна өндірістік қуаттылыққа кірмейтін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Ақкенженовтің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанның орналасатын жері таңдалып жатыр. Жоба бойынша шешім жақын арада қабылданады.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!