Otpan News
Ақтауда заңсыз жұмыстан шығарылған күзетші қызметіне қайта оралды
Роза Әділханқызы
16:03, 10 қараша 2026

Ақтауда заңсыз жұмыстан шығарылған күзетші қызметіне қайта оралды

OTPANNEWS.KZ – Ақтау қаласының №2 соты заңсыз жұмыстан шығарылған күзетшіні бұрынғы қызметіне қайта орналастыру туралы шешім шығарды. Жұмыс беруші оған амалсыз бос жүрген кезеңі үшін 2 миллион теңгеден астам жалақы төлеуге міндеттелді.Сотта бұрынғы күзетші Б.-ның «К» ЖШС-ға қатысты еңбек дауы қаралды. Ол жұмыс берушінің 2026 жылғы 20 ақпандағы жұмыстан шығару туралы бұйрығын заңсыз деп танып, қызметіне қайта орналастыруды және тиісті өтемақыларды өндіруді талап еткен.Іс материалдарына сәйкес, азамат 2016 жылдан бері аталған серіктестікте күзетші болып жұмыс істеген. Алайда жұмыс беруші оны қызметтік міндеттерін бірнеше рет дәлелді себепсіз орындамады деген негізбен жұмыстан босатқан. Бұған күзетшінің бекітілген орнында болмағаны және жұмыс кезінде ұялы телефон пайдаланғаны себеп болған.Істі қарау барысында сот бейнебақылау жазбаларын және тараптардың дәлелдерін зерделеді. Нәтижесінде жұмыс беруші күзетшінің күзет орнын өз еркімен тастап кеткенін немесе күзетілетін нысанды қараусыз қалдырғанын дәлелдей алмаған.Сондай-ақ сот 28 қаңтар күні ауа райының қатты суытуына байланысты қызметкердің ғимарат ішінде жылынуын және бейнебақылау арқылы аумақты қадағалауын орынды деп бағалады. Бұған қоса, жұмыс берушінің далада жұмыс істейтін қызметкерге қажетті жылыну жағдайларын жасамағаны да ескерілді.Осылайша, сот күзетшіні жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жойды. Азамат бұрынғы күзетші қызметіне қайта орналастырылды.Бұдан бөлек, жұмыс берушіден амалсыз бос жүрген кезеңі үшін 2 052 997 теңге жалақы, моральдық зиян үшін 50 мың теңге өтемақы және сот шығындары өндірілді.Сот шешімі заңды күшіне енді.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!