Otpan News
Маңғыстаудағы Түйесу құмынан саңырауқұлақтар табылды
Ақмарал Берекет
13:21, 20 қараша 2026

Маңғыстаудағы Түйесу құмынан саңырауқұлақтар табылды

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау өңіріндегі Түйесу құмынан ерекше табиғи құбылыс байқалды. 19 қарашада археолог Андрей Астафьев әлеуметтік желідегі парақшасында Сенек ауылы маңындағы құм арасынан саңырауқұлақтар табылғанын хабарлады.Құмды алқапты аралау барысында Андрей Астафьев құмның арасында өсіп тұрған саңырауқұлақтарды кездестірген. Ерекше олжа сапарға қатысушыларды да таңғалдырған.– Мұның Түйесу құмы екеніне ешкім сенбейді. Құм арасындағы төмпешікті аяғымызбен сәл түртіп қалғанда, осындай ерекше көрініске тап болдық. Қандай да бір саңырауқұлақтар өсіп тұр. Бүгін – 19 қараша. Ал Сенек ауылы маңындағы құмды алқаптан саңырауқұлақ кездестіруге болады, – деді ол.Әзірге табылған саңырауқұлақтардың нақты түрі анықталған жоқ. Дегенмен құмды және шөлейтті аймақтарда құрғақ климатқа бейімделген саңырауқұлақтардың кездесетіні белгілі. Олардың кейбірі құмды топырақта, әсіресе жауын-шашыннан кейін ылғал жеткілікті болған жағдайда өседі. Мұндай саңырауқұлақтардың пайда болуы ауа температурасына, жауын-шашын мөлшеріне және топырақтың жағдайына байланысты.Болжамдардың бірі бойынша, бұл Montagnea тобына жататын шөлейтті аймақтарға тән тақташалы саңырауқұлақ (Montagnea arenaria) болуы мүмкін. Халық арасында оны «құм бал саңырауқұлағы» деп те атайды.

Спорт

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады
Otpan News
18:07, 16 қараша 2026

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады

Otpannews.kz. - Ақтау қаласында «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласында еңбек ететін қыз-келіншектер арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық додаға өңірдегі медициналық ұйымдардан жасақталған 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.Турнирдің басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жанна Сайым сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.«Медицина қызметкерлері күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапты қызмет атқарады. Спорттық іс-шаралар мамандардың күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, әріптестерімен бейресми ортада бас қосуына мүмкіндік береді. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың да маңызды құралы. Бүгінгі турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, медицина ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады», – деді Жанна Сайым.Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Әр кездесу тартысты өтіп, ойыншылар шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін танытты. Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. 2-орынды Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының командасы иеленсе, жүлделі 3-орын Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрамасына бұйырды. Ал Жаңаөзен қаласының құрама командасы 4-орынға тұрақтады.Турнир қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай сыйлықтармен, арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Сабира Оңдасова «Үздік ойыншы», Жасмина Жұмашева «Үздік байланыстырушы», ал Сапаргүл Қаратаева «Үздік шабуылшы» атанды.

Эксклюзив

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

15:57, 15 қараша 2026

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті
Жанкелді Қаржан14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!