Otpan News Logo
Ақтауда түлектерге арналған кәсіби бағдар форумы өтті
Анонс
Жаңалықты көру →

Ақтауда түлектерге арналған кәсіби бағдар форумы өтті

Ақтаудағы Достық үйі базасында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге арналған ауқымды шара өтті. Іс-шараны өңірлік мекемелер бірлесіп ұйымдастырып, оған мыңдаған оқушы мен ата-ана қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.Шара екі бағытта ұйымдастырылды. Оның алғашқысы – ата-аналар мен түлектерге арналған танымал профориентологтармен кездесу-форум болса, екіншісі – Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының қатысуымен өткен білім көрмесі. Жалпы форум мен көрмеге 2 мыңнан астам мектеп бітіруші қатысты.Кездесуге Руслан Емелбаев, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, білім басқармасының басшысы Амантаев Құмбаев, сондай-ақ белгілі мамандар – профориентолог Адос Жұманазар, ҰБТ сарапшысы Фархат Сұлтабаев және басқа да спикерлер арнайы келді.Форум барысында қатысушыларға білім гранттарына түсу мүмкіндіктері, Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша соңғы жаңалықтар, мамандық таңдаудың тиімді жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге оқу бағытын дұрыс айқындау мен дайындық әдістері түсіндірілді.Руслан Емелбаевтың айтуынша, көрме Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылып, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын таныстыруға бағытталған. Көрмеге 50-ден астам университет қатысып, талапкерлерге халықаралық стандарттарға сай білім алу және қос диплом бағдарламалары туралы мәлімет ұсынды.«Бүгін Ақтауда министрлік пен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен көрме өтіп жатыр. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі. Астанада басталған көрме екі күн Ақтауда жалғасады. Бұл көрмеге 53 ЖОО келді. Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар шақырылды. Жоғары білім саласында болып жатқан өзгерістермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – талапкерлердің елімізден шықпай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары білім мен диплом алу мүмкіндігіне ие болуы. Қос дипломдық бағдарламамен таныстыру. Шетелдік ЖОО филиалдарында мемлекеттік грантпен білім алуға болады», – деді ол.Көрме барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Азаматтық авиация академиясы және басқа да оқу орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырды. Олар оқу шарттары, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат беріп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.«№29 мектептің оқушысымын. Таңдаған мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті. Қазіргі уақытта осы шара аясында жоғары оқу орындарымен танысып жатырмын. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бұл – ары қарай дамып, ізденуге үлкен мүмкіндік беретін жоба. Мұнда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары да ұсынылып, олардың мамандықтарымен танысып жатырмыз. Маған ерекше ұнағаны – Тұран университеті болды», – деді Сама Шадкам.Ал Достық мектебінің 11-сынып оқушысы Шыңғысхан Рақымжан аталған көрмедегі көптеген мүмкіндікке жол ашылғанын ерекше атап өтті.«Мұндай ЖОО-лармен таныстым. Еліміздегі және шетелдік ЖОО-ларды көрдім. Физика-математика мамандығын таңдап отырмын. Алда Астанада оқуды көздеймін. Херодот пен ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ-ін көрдім. Шекті баллдар мен грант иелену мүмкіндігімен таныстым», – деді Шыңғысхан Рақымжан.Іс-шараға қатысқан түлектер мұндай мүмкіндіктің болашақ мамандықты дұрыс таңдауға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Author AvatarЖанкелді Қаржан

14:49, 24 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?
Анонс
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
17:32, 20 сәуір 2026

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Анонс
AuthorOtpan News
16:30, 19 сәуір 2026

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Жаңалықты көру →
21:36, 14 мамыр 2026

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Ақтауда танымал қаламгер Мейрамбай Қибасовтың 80 жас мерейтой кеші өтті
Жаңалықты көру →
21:15, 14 мамыр 2026

Ақтауда танымал қаламгер Мейрамбай Қибасовтың 80 жас мерейтой кеші өтті

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Жаңалықты көру →
18:47, 14 мамыр 2026

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды
Жаңалықты көру →
17:54, 14 мамыр 2026

Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты
Жаңалықты көру →
16:53, 14 мамыр 2026

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
Жаңалықты көру →
16:13, 14 мамыр 2026

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

Маңғыстауда жаңбыр жауып, найзағай соғады: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықты көру →
16:13, 14 мамыр 2026

Маңғыстауда жаңбыр жауып, найзағай соғады: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау тұрғыны есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталды
Жаңалықты көру →
16:12, 14 мамыр 2026

Маңғыстау тұрғыны есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталды

Ақтауда эко-парк салынады
Жаңалықты көру →
15:29, 14 мамыр 2026

Ақтауда эко-парк салынады

Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды
Жаңалықты көру →
14:41, 14 мамыр 2026

Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды

Бейнеу – Ақжігіт автожолында жүргізушілерге арналған лазерлік жүйе іске қосылды
Жаңалықты көру →
14:25, 14 мамыр 2026

Бейнеу – Ақжігіт автожолында жүргізушілерге арналған лазерлік жүйе іске қосылды

Маңғыстауда тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау талаптары түсіндірілді
Жаңалықты көру →
13:35, 14 мамыр 2026

Маңғыстауда тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау талаптары түсіндірілді

Сенатор Бекбол Орынбасаров Сам мен Тұрыш тұрғындарының мәселесін көтерді
Жаңалықты көру →
12:58, 14 мамыр 2026

Сенатор Бекбол Орынбасаров Сам мен Тұрыш тұрғындарының мәселесін көтерді

Ақтауда полицей баланы қағып өлтірді
Жаңалықты көру →
12:10, 14 мамыр 2026

Ақтауда полицей баланы қағып өлтірді

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
Жаңалықты көру →
20:44, 13 мамыр 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді
Жаңалықты көру →
17:14, 13 мамыр 2026

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнирге әлемнің үздік спортшылары жиналды
Жаңалықты көру →
16:40, 13 мамыр 2026

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнирге әлемнің үздік спортшылары жиналды

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды
Жаңалықты көру →
16:25, 13 мамыр 2026

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Жаңалықты көру →
16:17, 13 мамыр 2026

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты
Жаңалықты көру →
16:00, 13 мамыр 2026

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты

Advertisement
Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
17:54, 14 мамыр 2026

Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды

Ақтау қалалық сотында жәбірленушінің еркінен тыс аңду және үнемі мазалау дерегі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы күш қолданбаса да, жәбірленушіге психологиялық қысым жасап, қорқыныш пен мазасыздық туғызған, деп хабарлайды otpannews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2025 жылдың ақпанынан 2026 жылдың ақпанына дейін жәбірленушінің еркінен тыс байланыс орнатуға бірнеше рет әрекет жасаған. Ол қыз барған жерлерге барып, соңынан еріп, үйіне дейін ілесіп жүрген. Сонымен қатар әртүрлі нөмірлерден және WhatsApp арқылы хабарлама жіберіп, қайта-қайта қоңырау шалған.Салдарынан жәбірленушінің тыныштығы бұзылып, жеке қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық күшейген. Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұрады.Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтқан.Сот жаза тағайындау кезінде оның кінәсін мойындауын және өкініш білдіруін ескеріп, ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін атап өтті.Нәтижесінде сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді.

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
16:53, 14 мамыр 2026

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты

Маңғыстауда Айрақты тауының етегінде экологиялық акция өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай волонтерлермен, экологтармен және мемлекеттік қызметкерлермен бірге қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Акция барысында қатысушылар өңірдегі ең танымал табиғи орында демалушылар қалдырған тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты тек аумақты тазалау ғана емес, табиғатқа әр адамның жауапкершілікпен қарауы керек екенін еске салу.Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ұғымы қоғам санасына сіңіп келеді. Алайда бүгінгі таңда ата-бабамыз жанын қиып қорғаған қасиетті жерлерде демалушылардың қоқыс қалдырып кететін жағдайлары әлі де кездеседі. Осыған байланысты әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге волонтерлік топ құрып, табиғатты тазалау жұмыстарына атсалысуға келдік. Біздің даламызды сырттан келіп ешкім тазалап бермейді. Бұл – біз барған жалғыз ғана орын, ал мұндай аумақтар өңірімізде көп. Сондықтан қай жерде жүрсек те айналамызды таза ұстап, өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін насихаттау – баршамызға ортақ міндет деп санаймын және тазалық сақтауға шақырамын, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Өңір басшысы Маңғыстауда мұндай табиғи аумақтардың ондаған екенін атап өтіп, оларды сақтау әр адамның демалыс мәдениетіне байланысты екенін айтты.

Маңғыстауда жаңбыр жауып, найзағай соғады: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
16:13, 14 мамыр 2026

Маңғыстауда жаңбыр жауып, найзағай соғады: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

15 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түсуі күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында шаңды дауыл болады, деп хабарлайды otpannews.kz. Қазгидрометтің мәліметінше, Маңғыстауда желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 15 мамыр түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
16:13, 14 мамыр 2026

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.Конкурсты өткізудің мақсаттары:1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; ​2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; ​3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі; ​4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); ​ 5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; ​6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу); ​7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; ​8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері; ​9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. ​Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады. ​Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді. ​Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім 1. Отбасы құрамы:Р\с №Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)Туыстық дәрежесіТуған күні (күні, айы, жылы)Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымыТұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны ​2. Отбасылық өмір тәжірибесі ​3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ​4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ​5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) ​6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ​7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды) ​8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик ​9. Өзге де құжаттар ​Қолы ______ ​Күні ______*Өтінім мекен-жайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады. Байланыс телефондары:Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;Жаңаөзен қаласы: 8 705 246 4808;Бейнеу ауданы: 8(72932)21680;Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;Түпқараған ауданы: 8 775 456 4565.

Ақтауда эко-парк салынады
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
15:29, 14 мамыр 2026

Ақтауда эко-парк салынады

Ақтаудағы Ақжелкен ауданындағы жағажайда эко-парк салынады. Жобаны іске асыру үшін 874 млн бөлінген, деп хабарлайды otpannews.kz.Жоба аумағының жалпы көлемі 67,5 мың шаршы метрді құрайды. Оның шамамен 35,5 мың шаршы метрінде абаттандыру жұмыстары жүреді. Ал 10 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырады.Жоба аясында жағалау бойында жаяу серуендеу бағыттары, абаттандыру мен сәулет нысандары, демалыс орындары салынады. Сондай-ақ, спортты дамыту мақсатында футбол алаңы, баскетбол алаңы, workout-аймақтар мен үстел теннисіне арналған алаңдар салу жоспарланған.“Келушілердің жайлы демалысы үшін 12 киім ауыстыру кабинасы, 12 ашық душ, 4 санитарлық торап, 1 құтқару пункті, 3 жазғы терасса, 150 шезлонг, 75 жағажай қолшатырын орналастыру жоспарланып отыр”, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі ММ-нің бас маманы Әсет Басбаев.Қосымша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы шомылу аймағы жабдықталады. Оның ішінде пандустар мен тактильді бағыттағыштар қарастырылған.Келушілердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін 54 бейнебақылау камерасы, дабыл сиреналары бар 27 бейнебақылау тірегі, 165 көше жарықтандыру элементі орнатылады.

Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:41, 14 мамыр 2026

Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Раушан Аймұрзаева және өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері 18 және 18 а шағынаудандардағы жолдың жағдайына мониторинг жүргізді.Тұрғындар жаяу жүргіншілерге арналған жолдың талапқа сай емес екенін айтады. Жаңбыр жауған кезде су жиналып, жүруге қиындық тудырады. Мониторинг барысында абаттандыру жұмыстары да сын көтермейтіні анықталды. Жол жиегіндегі орындықтар сынған, брусчаткалар бөлініп кеткен.Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев жаяу жүргіншілер жолы мамыр айында жөнделетінін айтты. Дегенмен, бұл барлық мәселені толық шешпейтіні анық.Ал 18-шағынаудан 21-үй маңындағы жол шамамен 5 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жолдың қазіргі жағдайы көлік жүргізушілеріне де, тұрғындарға да қолайсыз. Әсіресе, қыс мезгілінде қозғалу қауіпті. Алайда жауапты мамандар бұл жол жақын арада жөнделмейтінін жеткізді. Бұған жол жанындағы тұрғын-үй құрылысының аяқталмауы және қаржының бөлінбеуі себеп болып отыр.Кеңес мүшелері аталған аумақты мамыр айының соңында қайта тексеретінін айтты. Сондай-ақ тұрғындар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау қажет екенін ескертті.

Бейнеу – Ақжігіт автожолында жүргізушілерге арналған лазерлік жүйе іске қосылды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:25, 14 мамыр 2026

Бейнеу – Ақжігіт автожолында жүргізушілерге арналған лазерлік жүйе іске қосылды

Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Ақжігіт автожолының учаскесінде жүргізушілерге арналған ерекше лазерлік жүйе іске қосылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме беріп.«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл ерекше технология түнгі уақытта қолданылады және ұзақ жолда келе жатқан жүргізушілердің зейінін арттыруға арналған. Лазерлік бағдарлар рөлде шаршау қаупін азайтып, жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі.– Сонымен қатар Бейнеу – Ақжігіт ақылы автожолының 85-шақырымында, «Тәжен» бақылау-өткізу пунктінің маңында жүргізушілер мен жолаушыларға арналған заманауи санитарлық-гигиеналық кешен ашылды. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған және жол бойындағы сервисті жақсартуға бағытталған, - делінген хабарламада.

Маңғыстауда тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау талаптары түсіндірілді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
13:35, 14 мамыр 2026

Маңғыстауда тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау талаптары түсіндірілді

Маңғыстауда тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың тәртібі мен заң талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесінің директоры Балтабай Балапан айтты.Спикердің айтуынша, облыс бойында бүгінде мемлекеттік қорғауға алынған 602 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оның 25-і республикалық маңызға ие. -Аталған нысандардың ішінде 67 сәулет ескерткіші, 178 ансамбль, 350 археология ескерткіші және 7 киелі нысан тіркелген. Сонымен қатар алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген 800-ден астам тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Бұл тізім жыл сайын археологиялық және ғылыми экспедициялар нәтижесінде толықтырылып отырады. ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, қорғау, қайта жаңғырту және кеңінен насихаттау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, - деді Балтабай Балапан.Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Рысгүл Күзембаева тарихи-мәдени мұраны қорғау бағытындағы заң талаптарына тоқталды.-Соңғы уақытта тарихи ескерткіштердің бастапқы келбетін өзгерту, заңсыз құрылыс жүргізу, археологиялық нысандарды бүлдіру және вандализм әрекеттері жиілеп отыр. Осыған байланысты тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорлау, бүлдіру немесе оларға жазу мен сурет салу фактілері үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамаққа алу жазасы қарастырылған. Аталған бап бойынша бір жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Қылмыстық кодекстің 295-бабына сәйкес археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізген тұлғаларға ірі көлемде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары көзделген. Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деді Рысгүл Күзембаева.Спикердің айтуынша, ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес өз бетінше салынған құрылыс оны салған тұлғаның есебінен бұзылуға тиіс. Маңғыстау өңіріндегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер – халқымыздың рухани және мәдени мұрасы. Оларды сақтау, қорғау және келер ұрпаққа аман жеткізу – баршаға ортақ міндет.Сондай-ақ брифинг барысында Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі сәулет және археология бөлімінің басшысы Лунара Бешакова тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан аумақтардағы жер пайдалану талаптарын түсіндірді.-ҚР заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер санатына жатады. Аумақтарды игеру алдында міндетті түрде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Егер мұндай зерттеу жұмыстары жүргізілмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 145-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынады. Аталған бап жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, 10-250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, - деді Лунара Бешакова.Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша тұрғындар «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ-не хабарласа алады. Байланыс телефоны: 8 (7292) 50-41-75

Сенатор Бекбол Орынбасаров Сам мен Тұрыш тұрғындарының мәселесін көтерді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
12:58, 14 мамыр 2026

Сенатор Бекбол Орынбасаров Сам мен Тұрыш тұрғындарының мәселесін көтерді

Депутат Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысының Сам, Тұрыш және Ноғайты ауылдарындағы темір жол көлік мәселесі бойынша Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Аталған ауыл халқының көтерген мәселесі – “Жезқазған - Маңғыстау” жүрдек пойызына аялдама қосу, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Биыл сәуір айынан бастап пойыздар кестесі өзгеріп, бұл стансаларда жолаушы түсіру тоқтатылған. Бұл ауылдарда 1500-ден астам адам тұрады. Ауыл тұрғыдары аудан орталығы Бейнеу мен облыс орталығы Ақтауға жету үшін теміржолды қолданады. Сенатор Сам мен Тұрыш ауылдарына 2-3 минуттық аялдама жасау туралы өтініш жолдады. “Осыған дейін «Маңғыстау – Алматы» бағытын қалпына келтірген едік, ендігі кезекте «Қарағанды – Маңғыстау» пойызына аялдама енгізу туралы ұсыныс жасадым. Сондай-ақ жаңадан іске қосылған «Жезқазған – Маңғыстау» жүрдек пойызының да осы ауылдарға тоқтау мүмкіндігін қарастыру қажеттігін алға тарттым”,- деді депутат Бекбол Орынбасаров.

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
17:14, 13 мамыр 2026

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Бейнеу ауданындағы Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан ХҚКО тұрғындарға жаңартылған форматта қызмет көрсетуді бастайды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осыған орай бөлімнің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи қызмет көрсету аймақтары іске қосылды.Жаңғыртылған бөлімде мемлекеттік қызметтер заманауи үлгіде ұсынылады. Орталық бірнеше функционалды аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, мұнда жылдам қызмет көрсету аймағы, әлеуметтік қызметтер аймағы, құжаттандыру аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және дайын нәтижелерді беру аймағы жұмыс істейді. Аймақтар келушілерге ыңғайлы болу үшін түрлі түсті ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен ерекшелендіріліп, айқын бөлінген. Сонымен қатар күту аймағы жаңартылып, келушілерге қолайлы жұмсақ орындықтар орнатылған.«Бұл — Маңғыстау облысындағы үшінші жаңғыртылған ХҚКО. Бұған дейін Мұнайлы ауданында және Жаңаөзен қаласында жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталықтары пайдалануға берілген болатын. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз», — деді Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айбек Мұзбаев.Айта кетейік, Бейнеу ауданында 70 мыңнан астам тұрғын тұрады. Жаңғыртылған бөлімге күніне шамамен 300-ге жуық тұрғын келеді деп күтілуде. Еске сала кетейік, жаңғыртылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
16:25, 13 мамыр 2026

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау облыстық филиалы республикалық маңызы бар KR-10 «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автомобиль жолының 91-161 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарына кезекті инспекциялық бақылау жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz.Орталықтың мәліметінше, бақылау кезінде нысанға 3 рет инспекциялық шығу ұйымдастырылып, жол-құрылыс материалдарынан 34 сынама алынды. Сынамалар зертханалық тексеруден өткізілді.- Сараптама қорытындысы бойынша алынған материалдардың үшеуі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, технологиялық талаптардың бұзылуына қатысты екі ақау тіркелді, - деп атап өтті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы.Орталық анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігер мекеме — «Ақ жол құрылыс» ЖШС-ға және техникалық қадағалаушы «Сапалы құрылыс инжиниринг» ЖШС-ға - тиісті нұсқама берді.

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
16:00, 13 мамыр 2026

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты

Маңғыстау облысы - Қазақстанның негізгі туристік орталықтарының бірі. Соңғы 5 жылда туризм саласы айтарлықтай дамыды. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары мен инвестициялық бастамалар аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды otpannews.kz. Маңғыстау облысының Туризм басқармасының мәліметінше, өңірде соңғы 5 жылда қонақ үй инфрақұрылымы едәуір кеңейіп, орналастыру нысандарының саны артты. Маңғыстауда халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи қонақ үйлер мен курорттық кешендер ашылды. Мәселен, 2025 жылы Ақтау қаласының жылы жағажай аумағында Shahristan қонақ үйі пайдалануға берілді. Нысан 20 нөмірлі және эконом, стандарт, люкс санаттарын қамтиды. Қонақ үйдің жеке жағажайы, мейрамханасы, VIP-залы және хамамы бар. Аумағы абаттандырылған. Мұнда 25 адам жұмысқа орналасқан, ал маусым кезінде қызметкер саны 30-ға дейін артуы мүмкін. Туризм басқармасы бұл нысанның құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүргізілгенін атап өтті. Ал 2024 жылы O'MIR glamping этно-қонақ үйі жұмысын бастады. Мұнайлы ауданының аумағындағы нысанның ашық бассейні, терраса мен мейрамханасы бар. Жеке инвестиция есебінен ашылған демалыс орнында балалар клубы да бар. Демалыс орны Omirapartments апартаменттерімен де толықты. Мұнда 100 адамға шақталған 20 модульдік үй бар. Тұрақты түрде 40 адам жұмыспен қамтыған этно-қонақүйде маусымдық кезеңде 80 адамға дейін жұмыс істей алады. Сондай-ақ Туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы «Достар» қонақ реконструкция жүргізілген. Жағалау аймағында орналасқан қонақ үй 44 нөмірге лайықталған. Демалыс орнында стандартты және люкс санаттары бойынша нөмірлер, жеке жағажай, мейрамхана және сауна бар. Нысанда 20 жұмыс орны қарастырылған, маусымда олардың саны 30-ға жетеді. Жаңғырту жұмыстары жеке қаражат есебінен жасалды.Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, балалар мен отбасылық демалысқа және сауықтыруға бағытталған демалыс кешенінің бірі - Aqqu Resort Camp көпфункционалды орталығы. Нысан жазғы маусымда 300-350 орындық балалар лагері ретінде жұмыс істейді. Жылдың қалған уақытында корпоративтік-курорттық демалыс орталығы ретінде қызмет етеді. Кешенде корпустар, бассейндер, кинозал, спорт алаңдары, медпункт және мейрамхана бар. Маусымда мұнда 100-ден астам адам, ал тұрақты негізде 10 адам жұмыс істейді. Кешен жеке инвестициялар есебінен салынған.Ақтаудың жағалау аймағындағы ірі сауықтыру нысаны SAYA Thermal термалды сулары бар санаторлық-курорттық кешені деп аталады. 2017 жылы «Сая» демалыс базасы ретінде ашылған нысан өңірде туристік кластерді қалыптастыру аясында 2023-2024 жылдары ауқымды жаңғыртудан өтті. Мұнда тұрғын үй қоры мен инфрақұрылым жаңартылып, ребрендинг жасалды. Соның нәтижесінде жаңа SAYA Thermal термалды курорты ашылды. Курорттық кешенде шамамен 983 метр тереңдіктен 47°C температураны сақтайтын табиғи термалды су шығады. Демалыс аумағына келушілердің қатары көп. Кешен 15-тен астам адамды жұмыспен қамтуға есептелген және жеке қаражатқа салынған.Бұдан бөлек, Ақтау қаласының аумағында Dostyk Business бес жұлдызды қонақ үйі 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Нысан люкс, жартылай люкс және стандартты қоса алғанда 70 нөмірден тұрады. Қонақ үй тұру қызметтерін, таңғы ас және конференц-зал ұсынатын бизнес-нысан ретінде қызмет атқарып келеді, 20 адам жұмыс істейді. Туризм басқармасы биыл Ақтауда Wyndham Garden Aktau атты 96 нөмірлік төрт жұлдызды қонақ үй кешенін ашылғанын да атап өтті. Мұнда іскер адамдар мен демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Соның ішінде апартаменттер, стандартты және жартылай люкс нөмірлері бар. Нысан жеке инвестиция есебінен салынып, 45 адамды жұмыспен қамтып отыр. Туризм басқармасы өңірде мұндай жобалардың іске асуы туристердің көп келуіне, және осы саланың дамуына серпін беретінін атап өтті.

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
15:34, 8 мамыр 2026

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.🇰🇿Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:🇰🇿Қазақстан🆚🇱🇹Литва - 4:1🇰🇿Қазақстан🆚🇯🇵Жапония - 6:0🇰🇿Қазақстан🆚🇵🇱Польша - 3:2Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді.Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады.

Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
12:17, 28 сәуір 2026

Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді

Маңғыстау облысы бойынша 800-ден астам жасөспірім самбомен тұрақты түрде айналысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қобланов айтты. Спикердің айтуынша, өңірде самбо спортының даму қарқыны айтарлықтай артып келеді. Бүгінде бұл спорт түрі Ақтау қаласынан бастап ауылдық елді мекендерге дейін кеңінен таралып, тұрғындар арасында танымал бола бастаған.–Самбо спорты бүгінде бұқаралық сипат алып, жастардың қызығушылығы күн санап артып келеді. Бұл жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың, қолдаудың және спорт инфрақұрылымының дамуының нәтижесі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады,- деді Жомарт Қобланов.Сонымен қатар, «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Ғайса Қалмұханов 2026 жыл самбо спорты үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Мектепте 400-ге жуық спортшы жаттығып, олардың арасында халықаралық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздар бар.Атап айтқанда, Нұрсұлтан Жұбатқан самбодан әлем чемпионы атанса, Гүлдана Әлмұхамбетова, Мұрат Ықылас, Рабай Мейіржан және басқа да спортшылар Қазақстан чемпионаттарында жоғары нәтижелер көрсеткен.Брифингте сондай-ақ өңірдегі білікті төрешілер мен бапкерлердің еңбегі де ерекше аталып өтті. Олардың қатарында халықаралық және ұлттық дәрежедегі төрешілер бар.Маңғыстау облыстық самбо федерациясының президенті Серік Байжанов самбо спортын жаңа деңгейге көтеру, бұқаралық қатысуды арттыру және халықаралық жетістіктерге жол ашу басты мақсат екенін жеткізді. Сонымен қатар, 100-ге жуық спортшыны арнайы спорттық киіммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
12:30, 27 сәуір 2026

Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті

Бейнеу ауданында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Бейнеу жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл үшінші рет жалауын көтерген ауқымды спорттық додаға ауданның 23 мектебінен 600-ге жақын оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар спорттың тоғызқұмалақ, шахмат, бес асық, асық ату, дзюдо, волейбол, баскетбол және футбол түрлері бойынша жарысты. Әрбір сайыс тартысқа толы өтіп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Шоқан Жаулиев құттықтап, марапаттады. -Аталған спартакиада – оқушылардың спорттағы жетістіктерін айқындайтын маңызды алаң ғана емес, сонымен қатар олардың өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынас орнатуына зор мүмкіндік беретін тағылымды шара болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жастардың дені сау, білімді әрі белсенді болуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі».Осы тұрғыда мұндай спорттық іс-шаралардың маңызы айрықша, дейді ұйымдастырушылар.Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте үздік үштік төмендегідей нәтиже көрсетті. І орынды — «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі», ІІ орынды — «Атамекен жалпы білім беретін мектеп», ІІІ орынды — «Сам жалпы білім беретін мектеп» алды.

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:41, 10 сәуір 2026

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты

Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізіп, ҚР ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 76 келіде күресетін балуан бұл турнирде жүлде алатынына сенімді болғанын алға тартты. Otpannews.kz тілшісімен әңгіме барысында спортшы чемпион болсам деген мақсатының әзірге орындалмай қалғанын жеткізді.- Құрлық біріншілігінде сіз үшін ең күрделі белдесу қай кезеңде болды?- Ең қиын белдесу Моңғолия балуанына қарсы кездесуде өтті. Бұған бұрынғы жарақатымның да белгілі деңгейде әсері бар. Одан бөлек, әдіс жасау кезінде қарсыласымның аяғына өтіп тұрып, құлаудан аман қалдым. Өздеріңізге белгілі, мен есе жіберген моңғол спортшысы бүгін Азия чемпионы атанды.- Қола жүлде үшін күресте оңтүстіккореялық спортшымен қаншалықты «таныссыз»?- Біз Азия чемпионатынан бір ай бұрын Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынына қатыстық. Сол уақытта Оңтүстік Корея құрамасы да келген болатын. Сол кезде қарсыласымды біраз зерттеп көрдім. Жасы менен үлкендеу, әрі тәжірибелі спортшы. Дегенмен, өзімнің қола жүлдені қиындықсыз иеленетініme сенімді болдым.- Бұған дейін күрескен құраманың өзге балуан қыздары есе жіберіп жатты. Бұл жағдай сізге психологиялық тұрғыда қалай әсер етті?- Ұлттық құрама Азия чемпионатына сақадай сай келді. Жарыс болғаннан кейін жеңіс пен жеңілістің болуы — заңды құбылыс. Жалпы, қыздарымыздың ешқайсысы осал емес. Өзге мемлекет балуандарынан кем түспейді, тіпті кейде асып түседі. Бағы мен бабы қатар шаппаған болар. Бір жағынан, психологиялық тұрғыдан аздап сенімсіздік болды деп ойлаймын.- Ұзақ үзілістен кейін спорттық бабыңызға толық келдіңіз бе?- Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралдым. Сол уақыттары ота жасаттым. Азия біріншілігі мен үшін алғашқы халықаралық жарыстардың бірі болды. Финалға шығып, алтын аламын деген мақсат қойғанмен, бұйырғаны қола жүлде болды.- Турнирде жанкүйерлер қолдауын сезіне алдыңыз ба?- Иә. Бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Трибунада отырып қолдау көрсетіп, құдды Қазақстанда күрескендей сезім сыйлады. Барлығымыз да жанкүйерлердің қолдауын сезініп отырмыз. Күрес федерациясына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп otpannews.kz сайтының тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иеленген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, турнирдің төртінші күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) қана қола жүлде үшін сынға түседі. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.Сонымен бірге, бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Грек-рим күресінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын жүлдені иеленді. Бұл медальды ұлттық құрама қоржынына 72 келіде сынға түскен Алматбек Аманбек салды. Белдесуден кейін спортшы otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, чемпионаттағы әсерімен бөліскен еді.- Биылғы Азия чемпионатында өз дегенімізге жеттік. Елден тек алтын үшін келдік. Сол үшін осы жолда аянбай еңбек еттік. Бізге жанкүйер болған барша ағайынға алғысым шексіз. Оның ішінде маған барынша сенген ағаларыма, жақын достарыма ерекше алғысымды айтамын. Олар мені соңына дейін қолдаумен болды.- Финалда қарсыласыңның партердегі қателігін тиімді пайдаландыңыз. Жалпы, белдесу алдындағы жоспарыңыз қандай еді?- Бұл кездесуге менің тактикам басқаша болды. Алдымен қарсыласты тоқтатып отыруға тиіс болдым. Оның әлсіз жерін білгендіктен, сол бойынша жұмыс істеуім керек еді. Дегенмен, бүгінгі белдесуде қателескен тұсын сәтті пайдалана алдым.- Жартылай финалдан кейін «алтын аламын» деп сенімді түрде айттыңыз. Иран балуанының әлеуетін қалай бағалайсыз?- Бұған дейін Албанияда өткен рейтингтік турнирде Иран балуанымен белдесуде басым түсіп жатып, екінші кезеңде қателікпен есе жіберіп едім. Ол жолы 77 келіде күрестік. Ұпай беріп қойғаннан кейін белдесу соңына дейін есеп айырмасын қысқарта алмадым. Сол жеңілістің қарымтасын бүгін қайтаруға толық мүмкіндік туды.- Дегенмен, кешегі жартылай финалдағы белдесу қиын болған секілді...- Жартылай финалда жолыққан қырғыз балуаны да, финалда сынға түскен Иран спортшысы да физикалық тұрғыда өте мықты. Біреуін әлсіз, біреуін ыңғайсыз қарсылас деп айта алмаймын. Белдесуде өзіңнің күресіңді жүргізуге тырысасың. Кеше 100 пайыз барымды салсам, бүгін оны екі есе жүктемемен міндетімді орындап шықтым.- Күзде әлем чемпионаты өтеді. Дайындық жұмыстары қалай жалғасады?- Алда елімізде әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді. Бірақ Азия біріншілігінің алдында аға бапкеріміз «олимпиадалық емес салмақта чемпион болған балуандар бірден әлем чемпионатына баратын құрамаға кіреді» деді. Енді соған барымызды салып дайындаламыз. Қателіктермен жұмыс істеуім керек. Қазіргі сәтте маған жақсылап тынығу қажет болып тұр.- Финалға жолдама алғаннан кейін тура бір күн уақыт өтті. Осы аралықта өзіңді қалай сезіндің?- Жақсы сезіндім деп айта аламын. Бапкерлерім үнемі қасыма келіп, жағдайымды сұрап, ойымды бөлумен болды. Күресті ойламасын деп психологиялық тұрғыда дайындады.

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:22, 8 сәуір 2026

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:14, 8 сәуір 2026

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық бірішілігінің алтынына қол жеткізді. Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:23, 8 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны біріншілікті сәтті бастады, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. Әйелдер күресінен өткен іріктеу бәсекесінде ұлттық құрамадан 5 балуан бозкілемге шықты. Оның ішінде тек Марал Тәңірбергенова (50) пен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалға өтті. Шұғыла ширек финалдық белдесуде Қытай Тайпейінің балуанын 9:2 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалдық кезеңде Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен шеберлік байқасады. Ең жоғары салмақтағы Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалмен тартысты белдесуде соңғы секундтарда ұпай алып, жеңіске жетті. Қазақ балуаны жартылай финалда Моңғолия спортшысы Даваанасан Энх Амармен кездеседі. Дегенмен, бүгін белдесуге шыққан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Виктория Кусаинова (59 кг) алғашқы айналымда үнді балуандарына қарсы тегеурінді қауқар таныта алмады. Ал Елена Шалыгина (68 кг) Жапония өкілінен 10:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, бүгін грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 4 салмақта жүлде үшін бозкілемге шығады. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!