Otpan News Logo
«Әділет» партиясының кандидаттары «ҚазАзот» ұжымымен кездесті
Анонс
Жаңалықты көру →

«Әділет» партиясының кандидаттары «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «ҚазАзот» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.Кездесуде кандидаттар кәсіпорын қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, отандық өндірісті қолдау және өнеркәсіп саласы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.Кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, өндірістің қуатын арттыру және еңбек өнімділігін көтеру жөніндегі міндеттерге тоқталды.«Маңғыстау облысы үшін өнеркәсіп саласының маңызы зор. Әсіресе, «КазАзот» мекемесі ішкі нарықты азотты минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы мен өзге де өндіріс салаларының дамуына үлес қосып келеді. Жалпы отандық өндіріс көлемін арттыру, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайту және импортқа тәуелділікті азайту маңызды. Өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, кәсіпорындарды заманауи технологиялармен жабдықтау, отандық өнім көлемін арттыру – өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы саладағы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және кәсіби біліктілігін арттыру да назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені өнеркәсіптің дамуы ең алдымен білікті мамандардың еңбегіне байланысты», - деді Римма Мұханова.Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту, техникалық мамандар даярлау, жас кадрларды өндіріс саласына тарту және кәсіпорынның тұрақты дамуына қажетті жағдай қалыптастыру мәселелері сөз болды.Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кандидаттардан тұшымды жауап алды.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Author AvatarOtpan NEWS

18:03, 12 қараша 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Ақтауда 13 қараша күні терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Анонс
AuthorOtpan News
16:01, 11 қараша 2026

Ақтауда 13 қараша күні терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

«Әділет» партиясының кандидаттары «Каспий» су тұшыту зауытының ұжымымен кездесті
Анонс
AuthorOtpan News
15:55, 11 қараша 2026

«Әділет» партиясының кандидаттары «Каспий» су тұшыту зауытының ұжымымен кездесті

Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады
Жаңалықты көру →
18:38, 12 қараша 2026

Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

Елдегі алғашқы жоба: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады
Жаңалықты көру →
17:28, 12 қараша 2026

Елдегі алғашқы жоба: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады

Ақтауда тұрғын үй ауласында көліктің газ баллоны жарылды
Жаңалықты көру →
16:25, 12 қараша 2026

Ақтауда тұрғын үй ауласында көліктің газ баллоны жарылды

Кендірлі әуежайында ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр
Жаңалықты көру →
15:18, 12 қараша 2026

Кендірлі әуежайында ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды
Жаңалықты көру →
14:55, 12 қараша 2026

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Маңғыстауда биыл 883 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Жаңалықты көру →
14:51, 12 қараша 2026

Маңғыстауда биыл 883 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды
Жаңалықты көру →
14:48, 12 қараша 2026

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды
Жаңалықты көру →
14:46, 12 қараша 2026

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды

Қарақияда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші жауапқа тартылды
Жаңалықты көру →
14:43, 12 қараша 2026

Қарақияда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші жауапқа тартылды

Түпқараған аудандық прокуратурасы 9 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғады
Жаңалықты көру →
14:36, 12 қараша 2026

Түпқараған аудандық прокуратурасы 9 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғады

Мұнайлы ауданында заңсыз қоқыс үйінділерінен 870 тонна қалдық шығарылды
Жаңалықты көру →
14:35, 12 қараша 2026

Мұнайлы ауданында заңсыз қоқыс үйінділерінен 870 тонна қалдық шығарылды

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды
Жаңалықты көру →
14:34, 12 қараша 2026

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды

Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды
Жаңалықты көру →
12:25, 12 қараша 2026

Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларын ұстады
Жаңалықты көру →
12:24, 12 қараша 2026

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларын ұстады

«Заң мен тәртіп» қағидаты: Маңғыстауда балаларға құқық негіздері анимация арқылы түсіндіріледі
Жаңалықты көру →
11:08, 12 қараша 2026

«Заң мен тәртіп» қағидаты: Маңғыстауда балаларға құқық негіздері анимация арқылы түсіндіріледі

Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі
Жаңалықты көру →
11:00, 12 қараша 2026

Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі

Қаржаубай Көшен: Бала тәрбиесі тек тыйым салумен немесе ақыл айтумен шектелмейді
Жаңалықты көру →
10:51, 12 қараша 2026

Қаржаубай Көшен: Бала тәрбиесі тек тыйым салумен немесе ақыл айтумен шектелмейді

Мұнайлы ауданында 7 дәрігер жетіспейді
Жаңалықты көру →
10:34, 12 қараша 2026

Мұнайлы ауданында 7 дәрігер жетіспейді

Ақтауда NOMADIC SPIRIT: ART • JOURNEY • HERITAGE атты халықаралық көрме өтеді
Жаңалықты көру →
10:18, 12 қараша 2026

Ақтауда NOMADIC SPIRIT: ART • JOURNEY • HERITAGE атты халықаралық көрме өтеді

Дәулет ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын
Жаңалықты көру →
10:14, 12 қараша 2026

Дәулет ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Advertisement
Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
18:38, 12 қараша 2026

Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

OTPANNEWS.KZ. - Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті келісімшарт негізінде әскери қызмет атқаруға ниетті азаматтарды қабылдайды.Әскери қызметке үміткерлерге бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда, үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы, мерзімді әскери қызметті өткеруі, орта, арнаулы орта немесе жоғары білімі болуы тиіс. Сонымен қатар өзінің және жақын туыстарының соттылығы болмауы, денсаулығы әскери қызметке жарамды болуы қажет.Келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілерге ай сайынғы еңбекақы 250 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Оның мөлшері әр адамға 68 мың теңгеден белгіленген.Бұдан бөлек, әскери қызметшілер маусымдық киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі, медициналық қызметті ақысыз алады. Жыл сайынғы еңбек демалысы 45 күнді құрайды. Сондай-ақ 45 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі, мансаптық өсу және кәсіби дамуға жағдай жасалған.Ел тыныштығын күзетіп, Отан алдындағы борышын кәсіби деңгейде атқарғысы келетін азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады.Қосымша ақпарат алу және құжат тапсыру үшін Ақтау қаласы, 1-шағынаудан, 12/5 ғимараты мекенжайына хабарласуға болады.Байланыс телефоны: 8 705 276 01 61.

«Әділет» партиясының кандидаттары «ҚазАзот» ұжымымен кездесті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
18:03, 12 қараша 2026

«Әділет» партиясының кандидаттары «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «ҚазАзот» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.Кездесуде кандидаттар кәсіпорын қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, отандық өндірісті қолдау және өнеркәсіп саласы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.Кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, өндірістің қуатын арттыру және еңбек өнімділігін көтеру жөніндегі міндеттерге тоқталды.«Маңғыстау облысы үшін өнеркәсіп саласының маңызы зор. Әсіресе, «КазАзот» мекемесі ішкі нарықты азотты минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы мен өзге де өндіріс салаларының дамуына үлес қосып келеді. Жалпы отандық өндіріс көлемін арттыру, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайту және импортқа тәуелділікті азайту маңызды. Өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, кәсіпорындарды заманауи технологиялармен жабдықтау, отандық өнім көлемін арттыру – өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы саладағы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және кәсіби біліктілігін арттыру да назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені өнеркәсіптің дамуы ең алдымен білікті мамандардың еңбегіне байланысты», - деді Римма Мұханова.Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту, техникалық мамандар даярлау, жас кадрларды өндіріс саласына тарту және кәсіпорынның тұрақты дамуына қажетті жағдай қалыптастыру мәселелері сөз болды.Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кандидаттардан тұшымды жауап алды.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Ақтауда тұрғын үй ауласында көліктің газ баллоны жарылды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
16:25, 12 қараша 2026

Ақтауда тұрғын үй ауласында көліктің газ баллоны жарылды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – 27-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенді. Өрт кезінде көліктің газ-баллон жабдығы жарылған.Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, жалынды толық сөндірді.Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Кендірлі әуежайында ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
15:18, 12 қараша 2026

Кендірлі әуежайында ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр

OTPANNEWS.KZ – Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Кендірлі әуежайы құрылысының 76 пайызы аяқталған. Мердігер компания нысандағы негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін бітіруді жоспарлап отыр.Жалпы аумағы 599 гектар болатын әуежайда ұшу-қону жолағы мен инфрақұрылым құрылысы қатар жүріп жатыр. Сыртқы инженерлік желілер тартылып, ұшу жолағына жарық-сигналдық жабдықтарды орнатуға дайындап жатыр.Ұшу-қону жолағын асфальттау жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Қазір жолдың негізін бекіту, қиыршық тас төсеу және шеткі бөліктерін ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.«Асфальт төсеу жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Қазір жолдың негізін тұрақтандыру, құм мен қиыршық тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жол жиегі мен еңістерін бекітудеміз. Ұзындығы 1–1,5 шақырым болатын учаскеге асфальттың алғашқы қабаты төселді», – дейді «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бригада басшысы Мұхтар Ахмедов.Ал әуежай терминалының негізгі қаңқасы тұрғызылған. Қазір ғимараттың терезелері орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.«Қазір терезелер мен әйнектерді орнатудамыз. Ғимарат ішінде сылақ, шпаклевка және гипсокартон жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, бақылау-өткізу пунктінің қабырғасын қалау және шатырдағы дәнекерлеу жұмыстары атқарылуда», – дейді «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС өкілі Ерқанат Еркөбек.Жаңа әуежай сағатына 150 жолаушыға дейін қабылдай алады. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған соң нысанды лицензиялау және қажетті құжаттарды рәсімдеу жоспарланған. Осы рәсімдерден кейін келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе қатынасы басталмақ.Алдын ала жоспар бойынша Кендірліден Қазақстанның өзге өңірлеріне, сондай-ақ Баку, Астрахань және Нүкіске халықаралық рейстер ашу көзделген. Жаңа әуе айлағы іске қосылса, Кендірлі курортына қатынау жеңілдеп, Маңғыстаудың туристік әлеуетін дамытуға жол ашылады.

Маңғыстауда биыл 883 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
14:51, 12 қараша 2026

Маңғыстауда биыл 883 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 883 жүргізуші анықталды. Барлығы жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша хаттама толтырылған.Бұдан бөлек, бұрын мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған 50 адам анықталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқару жол-көлік оқиғаларына себеп болып, өзге адамдардың өміріне де қауіп төндіретінін ескертеді. Сондықтан жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
14:48, 12 қараша 2026

Ақтауда алып раушан гүл шоғын тасымалдаған көлік айыптұраққа қойылды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда тіркемеге тиелген алып қызыл раушан гүл шоғын тасымалдаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жүктің көлеміне байланысты жол қозғалысы талаптарының бұзылғанын анықтаған.Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 қарашада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейд кезінде болған. Тіркемемен көлемді гүл композициясын тасымалдаған көлік полицейлердің назарына іліккен.Тексеру нәтижесінде жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.Полиция өкілдері қандай жүк тасымалданса да, оның жол қозғалысына кедергі келтірмеуі және қауіпсіздік талаптарына сай болуы керектігін ескертеді.

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
14:46, 12 қараша 2026

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша 167 өтініш тіркелген. Оның 20-сы балалардың жоғалуына қатысты болса, қалған 147-сі ересектерге байланысты.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған баланың барлығы дер кезінде табылып, отбасыларына қайтарылған. Ал ұзақ уақыт хабарсыз кеткен ересектерге қатысты 30 іздестіру ісі қозғалып, 28 адамның жүрген жері анықталды.Полиция қызметкерлері іздестіру кезінде дрондар мен заманауи технологияларды пайдаланады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына түрлі бөлімшелердің мамандары жұмылдырылады. Ауа райының қолайсыздығы мен жер бедерінің күрделілігіне қарамастан, іздестіру шаралары тоқтатылмайды.Полицияның хабарлауынша, адамдардың жоғалуына көбіне отбасылық жанжал, жақындарымен түсініспеушілік және өзге де өмірлік жағдайлар себеп болады.Ведомство өкілдері жақындары хабар-ошарсыз кеткен жағдайда уақыт жоғалтпай, полицияға хабарласуға шақырады.

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
14:34, 12 қараша 2026

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды

OTPANNEWS.KZ – Мұнайлы ауданында прокуратура 475 кәсіпкердің құқығы қорғап, үш инвестордың мәселесі шешілді. Сонымен қатар мемлекет меншігіне жалпы құны 49,4 млн теңге болатын тоғыз жер учаскесі қайтарылды.Мұнайлы ауданы прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бағытында бірқатар жұмыс жүргізілген. Соның бірі – «ADIL-FASAD» ЖШС-нің мәселесі. Өндірістік база салу кезінде кәсіпорын электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды алуда қиындыққа тап болған. Прокуратура араласқаннан кейін компанияға тиісті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді.Бұдан бөлек, жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аукцион арқылы берілген 16 жер учаскесі үшін төлем жасалмағаны анықталды. Сатып алушылар бюджетке 39,4 млн теңге аудармаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде оның 21,9 млн теңгесі бюджетке өндірілді.Сондай-ақ мемлекетке жалпы құны 49,4 млн теңге болатын тоғыз жер учаскесі қайтарылды.

Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
12:25, 12 қараша 2026

Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда қорқыту және бопсалау арқылы азаматтардан ақша талап еткен ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты. Олар жәбірленушілерден 3 миллион теңге беруді талап еткен.Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, 2026 жылғы 25 қыркүйектегі сот үкімімен Р. және А. есімді ерлі-зайыпты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп танылған.Сот анықтағандай, сотталушылар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар интимдік қызмет көрсететін азаматтың клиенттері туралы мәліметтерді заңсыз иемденіп, жәбірленушілерді күш қолданумен қорқыту және бопсалау арқылы 3 миллион теңге талап еткен.Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін материалдарды ұсынған. Сот оларды жеткілікті деп танып, айыптау үкімін шығарды.Сот шешімімен А. есімді азаматша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал Р. есімді азамат 4 жылға сотталып, жазасын өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.Облыстық прокуратура азаматтарды қорқыту немесе заңсыз ақша талап ету жағдайларына тап болғанда, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:00, 12 қараша 2026

Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі

Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің басты құжаты, ел болашағының берік іргетасы. Конституцияның қоғамдағы маңызы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен ғана шектелмейді. Ол ұлт тәрбиесі, бала болашағы және білім беру саласының дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды құндылықтарды қамтиды.Бес баланың анасы әрі ұстаз ретінде бала тәрбиесі мен білімнің адам өміріндегі орнын ерекше бағалаймын. Өйткені ұлттың болашағы – бүгінгі тәрбиеленіп жатқан ұрпақтың қолында. Балаға дұрыс тәрбие беру, сапалы біліммен қамтамасыз ету, оның бойына адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру – ата-ана мен педагогтің ортақ міндеті.Білім – қоғамды алға жетелейтін басты күш. Әрбір баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік берілуі керек. Конституцияда азаматтардың білім алу құқығының бекітілуі – мемлекетіміздің жас ұрпақтың болашағына ерекше мән беретінін көрсетеді. Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығайып, ұстаз еңбегі бағаланып, балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамытуға жағдай жасалуы қажет.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен оқушыларға тек пәндік білім беруді ғана емес, олардың дүниетанымын кеңейтіп, өзге мәдениеттерді құрметтеуге, ана тілі мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйретуді де маңызды санаймын. Себебі бірнеше тілді меңгерген, ұлттық болмысын сақтаған, ойы еркін әрі білімді ұрпақ – еліміздің үлкен байлығы.Ұлт тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Ата-ананың өнегесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адалдық пен мейірімділік сияқты қасиеттер баланың бойына кішкентай кезінен сіңуі тиіс. Ал мектеп осы тәрбиені біліммен ұштастырып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Меніңше, Конституцияны құрметтеу – оның қағидаттарын күнделікті өмірде ұстану, өз құқығыңды білу және міндетіңді жауапкершілікпен орындау. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне бейжай қарамай, әрбір ұстаз өз мамандығына адал қызмет етсе, біз саналы, білімді әрі отаншыл ұрпақ қалыптастыра аламыз.Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі ел тірегі. Ұрпақ тәрбиесіне салынған инвестиция – мемлекеттің болашағына салынған инвестиция. Сондықтан отбасы, мектеп және қоғам бірлесе отырып, келешек ұрпақтың жарқын болашағына қызмет етуі керек!Сарсенова Жанар Кубербаевна,Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №7 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Қаржаубай Көшен: Бала тәрбиесі тек тыйым салумен немесе ақыл айтумен шектелмейді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:51, 12 қараша 2026

Қаржаубай Көшен: Бала тәрбиесі тек тыйым салумен немесе ақыл айтумен шектелмейді

OTPANNEWS.KZ. - Әке - отбасының тірегі ғана емес, баланың өмірлік ұстанымы мен мінез-құлқының қалыптасуына ықпал ететін басты тұлғалардың бірі. Ұл-қыздың бойына жауапкершілік, төзімділік, еңбекқорлық пен батылдық қасиеттерін сіңіруде әкенің орны ерекше. Осы мәселелер төңірегінде Маңғыстау ауданына қарасты Онды ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаржаубай Бейсенғұлұлы Көшен өз пайымымен бөлісті.Оның пікірінше, бүгінгі бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігімен қатар, баланың ақпараттық кеңістікте дұрыс бағыт алуына көңіл бөлу маңызды. Қазіргі балалардың телефон мен интернетке әуестігін біржола шектеу мүмкін болмағанымен, оны пайдалы мақсатқа пайдалануға үйретуге болады. Ол үшін ата-ана баласының немен айналысатынына бейжай қарамай, білім мен танымға жетелейтін дүниелерге қызығушылығын арттыруы қажет.«Меніңше, ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі артуы керек. Біз баланы телефоннан бір күнде ажырата алмаймыз. Бірақ оны пайдалы дүниеге бағыттай аламыз. Мысалы, телефонда тек ойын ғана емес, білім беретін бағдарламалар да жеткілікті. Тарих бар, әдебиет бар, ғылым бар. Егер ата-ана баласымен бірге отырып, оның не қарап жүргенін бақылап отырса, бала да біртіндеп жақсы дүниеге қызыға бастайды.Расында, бала тәрбиесі тек тыйым салумен немесе ақыл айтумен шектелмейді. Ең бастысы – оған дұрыс бағыт көрсетіп, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету. Бұл ретте ата-ананың жеке үлгісі мен баламен өткізген уақытының маңызы зор. Әсіресе әкенің баласымен ашық сөйлесіп, оның қызығушылығы мен көзқарасына көңіл бөлуі өзара сенімді нығайтады», – дейді Қаржаубай Бейсенғұлұлы.Сұхбат барысында Қаржаубай Көшен ұлттық тәрбиенің мектеп пен қоғам тарапынан да жүйелі түрде қолдау табуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, салт-дәстүрді қадірлеу секілді асыл қасиеттер баланың бойына күнделікті тәрбие арқылы сіңуі тиіс. Өйткені тәрбие белгілі бір мерекеге немесе арнайы іс-шараға ғана арқа сүйейтін жұмыс емес.«Ұлттық тәрбие тек үйде ғана емес, мектепте де берілуі керек. Баланың санасына қазақтың дүниетанымын, дәстүрін, үлкенді құрметтеуді, кішіге қамқор болуды мектеп қабырғасынан бастап сіңіруіміз қажет. Өкінішке қарай, қазіргі тәрбиелік жұмыстардың дені науқандық сипатта қалып қояды. Бір-екі іс-шара өткізіп, сонымен тоқтаймыз. Ал тәрбие – күн сайын берілетін үздіксіз жұмыс», – дейді ол.Әке тәрбиесінің тағы бір маңызды қыры – баланың мінезін қалыптастыру. Қаржаубай Бейсенғұлұлының пайымынша, адам өмірінде материалдық байлық пен мансаптан да жоғары тұратын құндылық бар. Ол – мінез. Себебі мінезі берік, жауапкершілігі жоғары адам кез келген қиындыққа төтеп беріп, тығырықтан шығудың жолын таба алады.

Ақтауда NOMADIC SPIRIT: ART • JOURNEY • HERITAGE атты халықаралық көрме өтеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:18, 12 қараша 2026

Ақтауда NOMADIC SPIRIT: ART • JOURNEY • HERITAGE атты халықаралық көрме өтеді

«Көшпенділер ізімен» арт-экспедициясы арқылы көрермендер көшпелі халықтардың мәдени мұрасы, өнері мен тарихына саяхат жасай алады. Көрмеде Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай және Ресей елдерінің мәдени кеңістігі тоғысады.📍 Өтетін орны: Өнер галереясы, Ақтау қаласы📅 Күні: 20 қараша 2026 жыл🕕 Уақыты: 18:00Баршаңызды өнер мен мәдени мұра тоғысқан көрменің ашылуына шақырамыз!

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
16:39, 2 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі

OTPANNEWS.KZ. - Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін Маңғыстау облысының дзюдошылары қараша айының ортасында Хорватиядағы өтетін Гран-при турниріне қатысады. Олардың қатарында Жантілек Нұртілепұлы мен Меруерт Сәрсенова бар. -100 келіде белдесетін Жантілек ерлер құрамасының тізіміне енсе, Меруерт Сәрсенова (52 кг) үшін бұл сын Азия ойындарынан кейінгі маңызды турнир болмақ. Бұған дейін жерлестеріміз 11 қазан күні Бакуде өткен әлем біріншілігінің аралас командалық сайысында өнер көрсеткен болатын. Аталған турнирде Жантілек Нұртілепұлы Франция балуанынан басым түсіп, командағы жалғыз жеңісті сыйлады. Ал Меруерт Сәрсенова Жапонияда өткен Азия ойындарында командалық сында күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, қос балуан да тамыз айында Оралда өткен ел чемпионатында жүлдегерлер тізіміне қосылды. Ерлер:60 кг: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов73 кг: Данияр Шамшаев90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.Әйелдер: 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева 52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова 57 кг: Дана Әбдірова 63 кг: Эсмигүл Куюлова 70 кг: Ажар Асхат 78 кг: Екатерина Токарева +78 кг: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш.

Ақтауда төрт елдің жасөспірім дзюдошылары «Er-xan IV» турнирінде бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
20:27, 22 қазан 2026

Ақтауда төрт елдің жасөспірім дзюдошылары «Er-xan IV» турнирінде бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдодан «International Tournament Judo Open Er-xan IV» халықаралық турнирі аяқталды. Үш күнге созылған жарыс «Халық арена» спорт кешенінде өтті.20 қазанда басталған байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен мыңға жуық жас дзюдошы қатысты. Тартысты додада 2011–2012, 2013–2014 және 2015–2016 жылдары туған ұлдар мен қыздар 36 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Халықаралық турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, өзге елдердің балуандарымен белдесіп, тәжірибе жинауына мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жас дзюдошылардың үлкен спортқа қадам басуына ықпал етеді.«Бұл жарыс — өңіріміздегі кішкентай балаларымыздың, палуандарымыздың болашақта үлкен олимпиада шыңдарын бағындыруына жол ашатын маңызды қадам.Таяуда ғана қаламызда өткен Азия кубогінде дәл осы татамиде олимпиада жүлдегерлері белдескен еді. Біздің қатысушыларымыз да осындай халықаралық атмосфераны ерте жастан сезініп, алдағы уақытта үлкен жарыстарда ешқандай қорқынышсыз, қобалжусыз күресуді үйренеді. Сонымен қатар, басқа өңірлер мен шетелдерден келген команда өкілдерімен дос болып, өзара қарым-қатынас орнатудың тәрбиелік мәні зор. Осындай ауқымды турнирді ұйымдастыруға мұрындық болған облыстық дзюдо федерациясы мен спорт саласының өкілдеріне алғыс білдіреміз», — деді турнир ұйымдастырушысы Айбар Сайфенов.Үш күнге созылған тартысты жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылар балалардың кәсіби спорттағы шеберлігін шыңдау үшін турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Маңғыстау спортының жарқын бес жылы: әлемдік аренаны бағындырған чемпиондар
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:40, 21 қазан 2026

Маңғыстау спортының жарқын бес жылы: әлемдік аренаны бағындырған чемпиондар

OTPANNEWS.KZ. - Соңғы жылдары Маңғыстау облысынан шыққан спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, құрлықтық және әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бокс, дзюдо, джиу-джитсу, кикбоксинг және өзге де спорт түрлерінде топ жарған жерлестеріміз өңір спортының әлеуетін танытып, жас буынға үлгі болып отыр. Соңғы бес жылдағы спорттық жетістіктерге көз жүгіртсек, халықаралық аренадан көрінген тәжірибелі спортшылармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас чемпиондардың да қатары көбейгенін байқауға болады.Бокстағы жеңісті жолМаңғыстау спорты туралы сөз қозғағанда, алдымен боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің жетістіктерін атап өткен жөн. Жаңаөзендік спортшы 2019 жылы әлем чемпионы атанып, Токио Олимпиадасына қатысқан еді. Кейінгі жылдары да жоғары деңгейдегі жарыстарда нәтижелі өнер көрсетті.2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. Ал 2025 жылы Астанада ұйымдастырылған World Boxing Әлем кубогының кезеңдік турнирінде 85 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Бұл нәтиже оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Бекзаттың жетістігі - ұзақ жылдық еңбектің, тәжірибенің және жүйелі дайындықтың жемісі. Оның спорттық жолы жас боксшылар үшін үлкен мектеп деуге болады.Әлем чемпионатында жарқыраған жастарМаңғыстаулық жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі табыстарының бірі 2024 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында тіркелді. Жастар мен кадеттер арасындағы жарыста Базар Диас пен Құбаш Сахи әлем чемпионы атанса, Махмұт Мәди қола медаль иеленді.Базар Диас 54 келіге дейінгі, Құбаш Сахи 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ал 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұт Мәди әлемдік додада үздік үштіктен көрінді. Чемпионатқа 50 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысқанын ескерсек, бұл нәтижелердің маңызы арта түседі.Жас кикбоксшылардың жетістігі өңірдегі спорт мектептерінде қалыптасқан дайындық жүйесінің әлеуетін көрсетеді. Сонымен бірге олардың жеңісі халықаралық аренада Маңғыстау атын танытуға мүмкіндік берді.Дзюдодағы жаңа есімдерӨңір спортының келешегінен үміт күттіретін жас дзюдошылардың қатарында Ғабит Расулхановтың (60 кг) есімін ерекше атауға болады. Ол 2026 жылы Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.Ғабит финалда канадалық Роман Семирозумнан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бұған дейін де халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтаған жас спортшы бұл жолы әлемдік додада үздік екенін дәлелдеді. Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда он медаль иеленіп, аралас командалық бәсекеде де чемпион атанды.Ғабиттің жеңісі – Маңғыстау спортының болашағына деген сенімді арттыратын нәтиже. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жару спортшының алдағы уақытта ересектер деңгейінде де үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.Дзюдодан тағы бір назар аударарлық есім – Азат Күмісбаев. Ол 2024 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Мұндай нәтижелер жас спортшылардың құрлықтық деңгейде бәсекеге түсуге қабілетті екенін көрсетеді.Джиу-джитсудан тарихи жеңіс2025 жылы Маңғыстау спортының шежіресіне енген тағы бір маңызды оқиға болды. Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан сынға түскен Жәнібек Әбу-Бәкір алтын медаль жеңіп алды.69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшы финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының жарыстағы алғашқы алтын медалі болды. Дүниежүзілік ойындар – олимпиадалық бағдарламаға кірмейтін спорт түрлерінің үздіктері бас қосатын ірі халықаралық бәсеке. Сондықтан Жәнібектің нәтижесі тек өңір үшін емес, еліміздің спорт тарихы үшін де маңызды.Оның жетістігі джиу-джитсудың Маңғыстаудағы әлеуетін көрсетіп, дәстүрлі спорт түрлерінен бөлек бағыттарда да әлемдік деңгейге көтерілуге болатынын аңғартты.Сурдлимпиададағы табысӨңір спортындағы маңызды жетістіктердің қатарында сурдлимпиадалық спортшылардың нәтижелері де бар. 2025 жылы дзюдодан Хамзе Ғұлама Сурдлимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс мүмкіндігі шектеулі спортшылардың да халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдеді.Спорттағы мұндай жетістіктер инклюзивті бағыттың маңызын арттырып, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды спортқа тартудың өзектілігін көрсетеді. Чемпиондардың тәжірибесі мен табандылығы өзге спортшыларға да жігер береді.Чемпиондарды тәрбиелейтін ортаСпортшының жетістігі тек жеке қабілеті мен табандылығына байланысты емес. Оның артында бапкердің еңбегі, спорт мектебінің дайындығы, заманауи инфрақұрылым және тұрақты қолдау тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, Маңғыстаудағы спорт нысандарының жаңаруы мен жаңа кешендердің ашылуы да назар аударуға тұрарлық.Ақтаудағы Halyk Arena мен BS Arena секілді көпфункционалды спорт кешендері түрлі спорт бағытында жаттығуға және жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге ауылдық елді мекендерде ашылған жаңа спорт нысандары балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасауға бағытталған.Маңғыстаулық чемпиондардың жеңістері – жеке спортшылардың ғана емес, тұтас өңірдің жетістігі. Ал олардың ізін басқан жас буынның халықаралық аренада жаңа белестерді бағындыруы алдағы жылдардағы спорт дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болмақ.

Маңғыстауда әлеуметтік сала қызметкерлері флорболдан бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
18:52, 20 қазан 2026

Маңғыстауда әлеуметтік сала қызметкерлері флорболдан бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстауда Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күніне орай флорболдан турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарынан 80-ге жуық қызметкер қатысып, 10 команда өзара мықтыны анықтады.Спорттық шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры және облыстық көгалдағы хоккей федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Іріктеу кезеңінен өткен бес команда жарыстың шешуші кезеңінде кездесті. Қоғамдық қор төрағасы Роман Уразимбетов алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамытуға арналған осындай шараларды жалғастыру жоспарланғанын айтты.Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының командасы иеленді. Екінші орын Ақтау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына бұйырса, үшінші орынға Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің командасы жайғасты.Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:05, 19 қазан 2026

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Жуырда Ақтау қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты қазақ жеңіл атлеті Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан дәстүрлі республикалық жарыс «Аминиада» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен бақ сынады. Биылғы додада алғаш рет биіктікке секіруден жарыс өткізіліп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті Дәурен Мұратбайдың айтуынша, өңірде жастардың жеңіл атлетикаға деген қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты спорттың бұл түрін дамытуға және жаңа бағыттарды енгізуге басымдық берілуде.- Жеңіл атлетика тек жүгірумен ғана шектелмейді. Оның құрамына биіктікке және ұзындыққа секіру, әртүрлі қашықтыққа жүгіру және басқа да бағыттар кіреді. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша жұмыстарды жоспарлап, облыстық спорт саласына қатысты алдағы міндеттерімізді айқындап, жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Біздің мақсатымыз - өңірде жеңіл атлетиканы дамыту, жас спортшыларды тәрбиелеу және жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттыру, - деді Дәурен Мұратбай.Ал Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының аға жаттықтырушысы Асия Рабаеваның айтуынша, өңірде жеңіл атлетиканың бірнеше бағыты бойынша спортшылар даярланады. - Кедергімен жүгіру бағыты бойынша дайындықтар басталды. Сонымен қатар, маңғыстаулық жеңіл атлеттер ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және найза лақтырудан да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Биіктікке секірудің жаңа бағыт ретінде енгізілуі жас спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың спорттық әлеуетін дамытуға жол ашады. Өңірде жеңіл атлетиканың жаңа бағыттарын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ, - деді Асия Рабаева.

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:14, 14 қазан 2026

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

OTPANNEWS.KZ. - Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қос бірдей алтын медаль иеленді. Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, 60 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков финалда дәл осы санат бойынша фаворит саналған әрі әлем чемпионы Елмир Алиевті (Әзірбайжан) 13:4 есебімен жеңіп, жаһандық додадағы алғашқы алтынды алып берді. Бұған дейін отандасымыз мамыр айында U23 санатында Азия чемпионы атағын да иеленген еді.72 келіде күрескен Юсуф Ашрапов та финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен камбэк жасап кетті. Бір ерекшелігі Армения өкілі бұған дейін U17 және U20 санатындағы жаһандық додада отандасымыздан басым түсіп, топ жарған еді.Одан бөлек, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын да алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жерлесіміз ақтық сында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналатын Ясин Әли Яздимен (Иран) өзара мықтыны анықтайды.Ал 130 келідегі Джохар Узаров қола жүлде үшін күреседі.Айта кетейік, 2017 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатында бұған дейін грек-рим күресінен 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы ғана топ жарған болатын.

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
13:46, 9 қазан 2026

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі

Баку. OTPANNEWS.KZ - Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-консультанты Роберт Мшвидобадзе отандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы әлеуетіне шолу жасады. Оның пікірінше, спортшылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, ішкі бәсекелестікті күшейту қажет. Маман әйелдер дзюдосының қазіргі деңгейіне, жас балуандардың мүмкіндігіне және ұлттық құраманың болашағына қатысты ойымен бөлісті. - Қазақстан дзюдосының қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? Құраманың нәтижелеріне көңіліңіз тола ма? - Өздеріңіз де байқап жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп, алға жылжып келеміз. Қазақстанда бұл жұмысты енді ғана бастап жатырмыз. Соған қарамастан, ілгерілеу бар екенін көріп отырмын. Спортшыларымыз көп жаттығады, олардың әлеуеті де жоғары. Шын мәнінде, бізде өте мықты балуандар бар. Сондықтан алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенемін. - Дегенмен, кейбір шешуші белдесулерде жеңіліп қалып жатамыз. Бұған не себеп? - Қазір біздің ең басты әрі ең үлкен мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі. Олар кейде қарсыластары өздерінен мықты деп ойлайды. Бұл - үлкен қателік. Әрине, халықаралық жарыстарда бәсекелестік жоғары. Бірақ қарсыластың мықтылығын мойындау мен одан қорқудың арасы екі бөлек. Спортшы өз мүмкіндігіне сеніп, татамиге жеңіске жету үшін шығуы керек.Өз күштеріне деген сенімділікті қалыптастыра алсақ, нәтижеміз де жақсарады. Өздеріңіз де көріп жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп келеміз. Осы сенімділікті толық қалыптастырсақ, көп ұзамай жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. - Соңғы уақытта финалдық белдесулерде де жеңілістер болды. Бұл нені аңғартады?- Соңғы аптада ғана алты финалда жеңіліп қалдық. Бұл, әрине, жақсы нәтиже емес. Бізде әлі де жұмыс істейтін тұстар көп. Ұмтылатын белестеріміз де аз емес. Бірақ финалға дейін жетудің өзі спортшының белгілі бір деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Ендігі міндет – шешуші сәттерде жеңіске жетуді үйрену. Ол үшін техникалық және тактикалық дайындықпен қатар, психологиялық тұрғыдан да мықты болу қажет. - Әйелдер дзюдосындағы бәсекелестік деңгейі туралы не айтасыз? Әсіресе ауыр салмақ дәрежелерінде жағдай қалай? - Қазір әйелдер дзюдосында ішкі бәсекелестік жеткіліксіз деп есептеймін. Жалпы, бұл бағытта әлі де атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, жас қыздардың қатарға қосылып, жаттығып, бар күшін салып жүргені қуантады. Олардың дамуына мүмкіндік беруіміз керек. Мысалы, Азия ойындарында әйелдер құрамасы жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Екі күміс және екі қола медаль жеңіп алдық. Командалық жарыста да қыздарымыз жақсы күресті. Мұның өзі белгілі бір ілгерілеудің бар екенін көрсетеді. - Жас спортшылардың өсіп-жетілуі үшін не қажет? - Ең алдымен, уақыт қажет. Жаңа жүйе қалыптасып жатқан кезде бірден нәтиже талап ету оңай емес. Әрине, мен де бәрін бірден қалаймын. Барлық жарыста жеңіске жетіп, алтын медальдарды бірден алғым келеді. Бірақ дзюдо – өте күрделі спорт түрі. Әлемде 184 елдің спортшылары дзюдомен айналысады. Бәсекелестік өте жоғары, әр елдің балуандары жақсы дайындалып, барын салады. Сондықтан спортшыны да, құраманы да кезең-кезеңімен дамыту керек. Жас балуандар тәжірибе жинап, халықаралық жарыстарда шыңдалуы тиіс. - Бүгін әлем чемпионатында күресіп, алғашқы айналымда сүрінген Аруна Жангелдинаның өнеріне қандай баға бересіз?- Аруна жаман күрескен жоқ. Дегенмен, әзірге мұндай ірі жарыстарға толық дайын емес деп ойлаймын. Оған әлі де тәжірибе жинау қажет. Жас спортшылардың дамуы бірден жүзеге аспайды. Сондықтан оларға уақыт беріп, жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. - Алдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан қандай нәтиже күтесіз?- Алдағы әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Қазақстан бұрын-соңды әлем чемпионаттарында қол жеткізген нәтижелерінен де жоғары көрсеткішке жетеді деп сенемін. Біздің спортшыларымыздың әлеуеті жеткілікті. Ең бастысы – өз күштеріне сеніп, дайындық барысында атқарған жұмыстарын татамиде көрсете білу. - Демек, Қазақстан дзюдосының басты мақсаты – спортшылардың өзіне деген сенімін арттыру ма? - Иә, бұл - ең маңызды мәселелердің бірі. Құрамадағы әр спортшыны көрген сайын оның қалай күресетінін білемін. Біздің жігіттер өте көп жаттығады, олардың мүмкіндіктері жоғары. Бірақ кейде өздерін қарсыластарынан төмен бағалайды. Спортшы өзіне сенуі керек. Егер біз осы сенімділікті қалыптастыра алсақ, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. Қазақстан дзюдошыларының көптеген алтын медаль жеңіп ала алатынына сенімдімін. Біздің қолымыздан келеді. Ол үшін жүйелі еңбек етіп, алға қарай ұмтылуымыз қажет.

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
10:31, 9 қазан 2026

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті

OTPANNEWS.KZ - №31 ЖББМ базасында «Келешек мектептері» оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңіне аудан, қала бойынша 9 командадан, 36 оқушы қатысты.Турнирдің негізгі мақсаты – «Келешек мектептері» оқушылары үшін бірыңғай ұлттық шахмат алаңын қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, стратегиялық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында шахматты кеңінен насихаттау.Турнирдің ашылуында Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы директорының орынбасары Али Қабаков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыста №31 жалпы білім беретін мектептің директоры Ескендір Кумбаев және турнирдің бас төрешісі, Маңғыстау облысы Шахмат федерациясының бапкері Капаров Азамат тілектерін білдірді.Үздіктер қатарында:I орынды – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектебі; II орынды– Ақтау қаласы, №35 жалпы білім беретін мектебі;III орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебі бар. Аймақтық кезеңнің жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық ұлттық финалда Ақтау қаласының №31 жалпы білім беретін мектеп командасы Маңғыстау облысының намысын қорғайды.

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:27, 7 қазан 2026

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ атудан жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық спортты дәріптеп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысады.Жарыс 18-24 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылған. Чемпионаттың басты мақсаты - дәстүрлі садақ атуды жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрлерінің дамуына серпін беру және оның бұқаралық сипат алуына ықпал ету.Сайыс бағдарламасына дәстүрлі садақ атудың бірнеше бағыты енгізілген. Атап айтқанда, спортшылар пута, қалқан, Орта Азия және жамбы нысаналары бойынша жекелей сында өнер көрсетеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.Жарыстың жабылу салтанаты 7 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы Әмин Тұяқов атындағы стадионда өтеді.

YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!