
15:19, 5 қараша 2026
Жүлде қоры - 1,5 миллион теңге: Маңғыстауда экологиялық марафон басталады
OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған TAZA MANGYSTAU облыстық экологиялық марафоны басталады.30 күнге жоспарланған экологиялық бастама 2026 жылғы 16 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Марафонның басты мақсаты – өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды азайту және қоғамда тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастыру.Марафон аясында қатысушылар төрт бағыт бойынша өз жобалары мен бастамаларын жүзеге асырады.Бірінші бағыт – «Табиғат жанымызда». Бұл бағыт туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасауға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи аумақтарды таза ұстауға бағытталған.Екінші бағыт – «Заттарға екінші өмір». Қатысушылар ескі заттарды жөндеу, жаңарту және қайта пайдалану арқылы тұтыну мәдениетін өзгертіп, қалдықтардың көлемін азайтуға үлес қосады.Үшінші бағыт – «Жұмылдырамыз және өзгертеміз». Негізгі міндет – тұрғындарды ортақ экологиялық бастамаларға тарту, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру және пайдалы әдеттерді қалыптастыру.Төртінші бағыт – «Қалдық аз – пайда көп». Бұл бағыт ресурстарды үнемдеуге, қалдықтарды азайтуға және қоршаған ортаға түсетін салмақты төмендетуге негізделген.Экологиялық марафонға Маңғыстау облысындағы мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер, ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатыса алады.Марафонға қатысу тегін. Барлық қатысушыларға ортақ бағалау жүйесі қолданылады. Жобалардың нәтижесі нақты экологиялық іс-әрекеттер мен өлшенетін көрсеткіштер негізінде бағаланады.Марафонның жалпы жүлде қоры – 1,5 миллион теңге. Оның ішінде:• І орын – 700 000 теңге;• ІІ орын – 500 000 теңге;• ІІІ орын – 300 000 теңге.Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 15 қарашаны қоса алғанға дейін жүргізіледі.Марафон туралы толық ақпарат пен жаңалықтарды Instagram әлеуметтік желісіндегі @tazamangystau парақшасынан білуге болады.Ұйымдастырушысы – «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы.TAZA MANGYSTAU марафоны – тек тазалық жұмыстарын жүргізу емес, өңір тұрғындарын экологиялық жауапкершілікке үндейтін маңызды бастама. Себебі таза әрі қолайлы орта қалыптастыру әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады.












