
11:08, 13 қараша 2026
«Әділет» партиясының кандидаттары «Каскор-Машзавод» ұжымымен кездесті
Бүгін «Әділет» партиясының Жаңаөзен қаласындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасты. Маңғыстау облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Каскор Машзавод» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы негізгі басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, өңір экономикасын әртараптандыру, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек адамдарының құқығын қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар кандидаттар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерге назар аударып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалардың маңызын түсіндірді.Кандидат Медет Абуғалиев өз сөзінде өнеркәсіп саласын дамыту мен өндіріс орындарын жаңғырту мәселесіне тоқталды.«Мемлекет басшысы Жолдауында экономиканы әртараптандыру мен өндірісті технологиялық жаңғыртудың қажеттілігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді», – деді Медет Абуғалиев.Ал кандидат Пания Сармурзина еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы мен кәсіби мамандарды қолдау мәселесін көтерді.«Кез келген өндіріс орнының басты құндылығы – білікті мамандар мен еңбек адамдары. Бүгінде жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және жастарды техникалық мамандықтарға тарту маңызды. Өндіріс саласына заманауи технологияларды енгізумен қатар, сол технологияларды меңгеретін кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді», – деді Пания Сармурзина.Жиын соңында мекеме қызметкерлері кандидаттарға сұрақтарын қойып, өндіріс саласына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төлендіДайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.











