Otpan News
Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі
Роза Әділханқызы
11:00, 12 қараша 2026

Конституция – ұлт тәрбиесі мен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі

Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің басты құжаты, ел болашағының берік іргетасы. Конституцияның қоғамдағы маңызы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен ғана шектелмейді. Ол ұлт тәрбиесі, бала болашағы және білім беру саласының дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды құндылықтарды қамтиды.Бес баланың анасы әрі ұстаз ретінде бала тәрбиесі мен білімнің адам өміріндегі орнын ерекше бағалаймын. Өйткені ұлттың болашағы – бүгінгі тәрбиеленіп жатқан ұрпақтың қолында. Балаға дұрыс тәрбие беру, сапалы біліммен қамтамасыз ету, оның бойына адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру – ата-ана мен педагогтің ортақ міндеті.Білім – қоғамды алға жетелейтін басты күш. Әрбір баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік берілуі керек. Конституцияда азаматтардың білім алу құқығының бекітілуі – мемлекетіміздің жас ұрпақтың болашағына ерекше мән беретінін көрсетеді. Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығайып, ұстаз еңбегі бағаланып, балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамытуға жағдай жасалуы қажет.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен оқушыларға тек пәндік білім беруді ғана емес, олардың дүниетанымын кеңейтіп, өзге мәдениеттерді құрметтеуге, ана тілі мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйретуді де маңызды санаймын. Себебі бірнеше тілді меңгерген, ұлттық болмысын сақтаған, ойы еркін әрі білімді ұрпақ – еліміздің үлкен байлығы.Ұлт тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Ата-ананың өнегесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адалдық пен мейірімділік сияқты қасиеттер баланың бойына кішкентай кезінен сіңуі тиіс. Ал мектеп осы тәрбиені біліммен ұштастырып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Меніңше, Конституцияны құрметтеу – оның қағидаттарын күнделікті өмірде ұстану, өз құқығыңды білу және міндетіңді жауапкершілікпен орындау. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне бейжай қарамай, әрбір ұстаз өз мамандығына адал қызмет етсе, біз саналы, білімді әрі отаншыл ұрпақ қалыптастыра аламыз.Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі ел тірегі. Ұрпақ тәрбиесіне салынған инвестиция – мемлекеттің болашағына салынған инвестиция. Сондықтан отбасы, мектеп және қоғам бірлесе отырып, келешек ұрпақтың жарқын болашағына қызмет етуі керек!Сарсенова Жанар Кубербаевна,Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №7 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!