Otpan News
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді
Роза Әділханқызы
12:03, 15 қараша 2026

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар коляскасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды.Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар коляскасымен жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте коляска жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.Егер ата-анаға балалар коляскасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын колясканы жайылған күйінде жалғастыра алады.Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.

Ақтау қаласының әкімі мектептердің техникалық жағдайымен танысты
Роза Әділханқызы
12:00, 15 қараша 2026

Ақтау қаласының әкімі мектептердің техникалық жағдайымен танысты

OTPANNEWS.KZ – Қала әкімі Мақсат Мұқаш білім беру нысандарын аралап, ғимараттардың техникалық жағдайы мен инженерлік желілерінің жай-күйін тексерді.Қала басшысы №5, №7, №10 орта мектептер мен №11 лицейге барып, білім беру нысандарындағы өзекті мәселелермен танысты.Тексеру барысында мектептердің жылу жүйелері, су және кәріз құбырлары, электр желілері, сондай-ақ ғимараттардың жалпы жағдайы қаралды. Сонымен қатар нысандардың техникалық қауіпсіздігі мен жөндеуді қажет ететін тұстарына назар аударылды.Қала әкімі жылу желілерінің жағдайына тоқталып, мұндай мәселелердің алдын алу үшін инженерлік желілердің жай-күйіне алдын ала назар аудару қажеттігін атап өтті.– Қақаған қыстың ортасында жылу желісінен ақау шықты, ескі еді, күрделі жөндеуден өткеніне 10 жыл болып еді деген әңгіме болмауы керек. Инженерлік желілердің мәселелерін реттеу үшін келесі бюджеттік өтінімге ұсыныңыздар, – деді Мақсат Мұқаш.Мақсат Мұқаш анықталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыруды және әр мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!