Otpan News Logo
25 қазанда дүниеге келген балаларға қандай ерекше есімдер қойылған
Анонс
Жаңалықты көру →

25 қазанда дүниеге келген балаларға қандай ерекше есімдер қойылған

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ - 25 қазан - Республика күні еліміз үшін аса маңызды мереке. Бұл күні дүниеге келген балаларының есімін ерекше етіп қойған ата-аналар бар. Мәселен, кейбір отбасылар ұлдарына Республика немесе Тәуелсіз деген есім берсе, енді бірі қыздарына Мереке немесе Арайлы аттарын таңдаған. Ресми статистикаға сүйенсек, бұл мереке күні елімізде шамамен 700–850 сәби жарық дүние есігін ашып, олардың арасында бірнеше жұп егіздер де дүниеге келеді. Маңғыстау облысы бойынша демографиялық көрсеткіштер өте жоғары. Өңірде жыл сайын 20 мыңнан аса сәби өмірге келеді. Ал Республика күні сияқты мерекелі күндері Маңғыстау перзентханаларында ондаған нәресте жарық дүние есігін ашып, тіпті кей жылдары бұл күні өңірде егіздер де дүниеге келген. Осылайша бұл күн еліміз үшін тек саяси-рухани мереке ғана емес, жүздеген шаңырақ үшін қуанышқа толы ерекше күнге айналып отыр.Осы атаулы күні дүниеге келіп, тағдыры ұлттық мерекемен үндесіп жатқан жастардың бірі - Асқар Жасұлан. Ақтаулық тұрғынның есімін - жездесі Республика күніне орай елін сүйген азамат, патриот болсын деп «Жасұлан» қойған. Жасұлан 22 жасында әскерге барып, Ұлттық ұлан сапында 1 жыл адал қызмет етіп қайтты.«Атымды «Жасұлан» деп қойғанына қатты қуанамын. Республика күні дүниеге келіп, осындай ерекше есімді иелену - мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл есім маған әрқашан елімді сүюді, намысшыл болуды үйретеді», - деді ол.Елімізде мереке күні дүниеге келген ерекше мәнге ие есімдері бар азаматтар жетерлік. Ата-аналардың бұл күні туған сәбилеріне қойған есімдері ұлттық рухты, тәуелсіздікті паш етеді. Олардың арасында: Республика, Мереке, Елдар, Елнұр, Әлімхан немесе Тәуелсіз сынды ерекше есімдерді қоюды жөн көрген отбасылар бар. Сонымен қатар ата-аналар арасында мерекелі күні туған ұлдарына батырлық пен ерліктің символы ретінде Бейбарыс, Санжар, Алпамыс немесе Бексұлтан секілді асқақ есімдерді берген. Ал соңғы жылдары республика бойынша 25 қазан сияқты атаулы күндері дүниеге келген балаларға Айсар, Нұрислам, Айсұлтан, Теңіз, Әмір-Хан, Жантөре секілді ерекше есімдер беріліп жүр.Мұның бәрі - мереке мен шаңырақтағы қуаныштың егіз екенін білдіріп, әрбір жастың еліміздің болашағы үшін маңызды тұлға екенін көрсетеді.

Author AvatarГүлсезім Әбдіжәлел

14:53, 20 қазан 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған республикалық форум басталды
Анонс
AuthorРоза Әділханқызы
11:46, 20 қазан 2026

Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған республикалық форум басталды

Ақтауда ерекше балалар мен жастар арасында инклюзивті спорттық жарыс өтті
Анонс
AuthorРоза Әділханқызы
11:35, 20 қазан 2026

Ақтауда ерекше балалар мен жастар арасында инклюзивті спорттық жарыс өтті

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты
Жаңалықты көру →
14:57, 20 қазан 2026

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды
Жаңалықты көру →
11:39, 20 қазан 2026

Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды

Алимент төлемегендер жауапқа тартылды: Мұнайлыда 37 млн теңге өндірілді
Жаңалықты көру →
10:57, 20 қазан 2026

Алимент төлемегендер жауапқа тартылды: Мұнайлыда 37 млн теңге өндірілді

Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?
Жаңалықты көру →
10:46, 20 қазан 2026

Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?

Ақтауда көлікпен адам қаққан жүргізуші айыппұл арқалады
Жаңалықты көру →
10:33, 20 қазан 2026

Ақтауда көлікпен адам қаққан жүргізуші айыппұл арқалады

Ақтау полицейлері қауіп төнген екі балаға көмек көрсетті
Жаңалықты көру →
10:22, 20 қазан 2026

Ақтау полицейлері қауіп төнген екі балаға көмек көрсетті

Маңғыстауда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді
Жаңалықты көру →
10:17, 20 қазан 2026

Маңғыстауда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

Жаңа Конституция ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Жаңалықты көру →
09:25, 20 қазан 2026

Жаңа Конституция ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр
Жаңалықты көру →
22:13, 19 қазан 2026

Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр

Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды
Жаңалықты көру →
20:45, 19 қазан 2026

Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды

Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті
Жаңалықты көру →
19:23, 19 қазан 2026

Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті

Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жаңалықты көру →
18:53, 19 қазан 2026

Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Жаңалықты көру →
18:22, 19 қазан 2026

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті
Жаңалықты көру →
17:14, 19 қазан 2026

Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті

Республика күніне орай «Саған кітап арнадым» акциясы басталды
Жаңалықты көру →
16:04, 19 қазан 2026

Республика күніне орай «Саған кітап арнадым» акциясы басталды

Білім беру саласы: жаңа мектептер мен жаңа мүмкіндіктер
Жаңалықты көру →
15:55, 19 қазан 2026

Білім беру саласы: жаңа мектептер мен жаңа мүмкіндіктер

Ақтауда оқушыларға теңіз суын ауызсуға айналдыру жолын түсіндірді
Жаңалықты көру →
15:44, 19 қазан 2026

Ақтауда оқушыларға теңіз суын ауызсуға айналдыру жолын түсіндірді

Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды
Жаңалықты көру →
14:39, 19 қазан 2026

Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңалықты көру →
14:37, 19 қазан 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Азаматтарды бірыңғай қабылдау: Ақтау тұрғындары қандай мәселе көтерді?
Жаңалықты көру →
14:15, 19 қазан 2026

Азаматтарды бірыңғай қабылдау: Ақтау тұрғындары қандай мәселе көтерді?

Advertisement
Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған республикалық форум басталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:46, 20 қазан 2026

Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған республикалық форум басталды

АҚТАУ. OTPANEWS.KZ – «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы басталды. Үш күнге жоспарланған іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы тиімді басқару шешімдерін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының озық тәжірибелерін талқылауға арналған.Форумға Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Беларусь және Өзбекстан республикаларынан білім беру саласының мамандары, колледж басшылары, әдіскерлер, сарапшылар мен әлеуметтік серіктестер арнайы келді.Форумның пленарлық отырысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, колледждерді басқарудың заманауи тәсілдері, цифрлық шешімдерді енгізу, педагогтерді әдістемелік қолдау және тәрбие жұмысының нәтижелілігі қаралды.Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақбөпе Исқалиева өз сөзінде кәсіптік білім беруді экономиканың нақты қажеттіліктерімен ұштастырудың маңызын атап өтті.«Қазіргі әлемде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстардың көлемімен ғана емес, ең алдымен адам капиталының сапасымен өлшенеді. Технологиялық өзгерістер, жасанды интеллектінің дамуы, өндірістік процестердің автоматтандырылуы және жаһандық еңбек нарығындағы жаңа талаптар кәсіптік білім беру жүйесінің маңызын бұрынғыдан да арттыра түсуде»,- деді ол.Сондай-ақ басқарма өкілі колледждерді тек маман даярлайтын оқу орындары емес, экономиканың жаңа салаларын дамытуға ықпал ететін заманауи құзыреттер орталығы ретінде қалыптастыру қажеттігін айтты. Жасыл энергетика, цифрлық өндіріс, автоматтандыру және жаңа технологиялар бағытында білікті кадрларға сұраныс артып келеді.«Облыста 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 27 мыңнан астам студент білім алады. Олардың 17 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқыса, 7 мыңнан астамы дуальді оқыту жүйесімен қамтылған»,- деді Маңғыстау облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қлара Құлатаева. Сонымен қатар Маңғыстау энергетикалық колледжі үздік колледждердің қатарына енген. Ал 2026 жылы өңірдің жеті студенті «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.Қлара Құлатаева колледждерді цифрландыру бағытында электрондық басқару, оқу процесін жоспарлау, құжат айналымын цифрландыру, қауіпсіздік мониторингі және деректерді талдау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын жеткізді. Өңірдегі білім беру ұйымдары халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлауға басымдық беріп отыр.Пленарлық отырыс барысында Беларусьтің Могилев облысы мен Өзбекстанның Самарқанд облысының өкілдері кәсіптік білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар білім сапасын арттыру, басқарушылық көшбасшылық, ұжымдық мәдениет және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады.Форум аясында Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Өзбекстан және Беларусь өкілдері арасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:39, 20 қазан 2026

Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Ақтауда дәмханада болған жанжал кезінде ер адамға пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалалық сот сотталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды.Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 4 шілдеге қараған түні Ақтаудың 12 шағынауданындағы дәмханалардың бірінде болған. Сотталушы Е. алкогольдік ішімдік ішіп отырып, жәбірленуші А.-ның үстелінен рұқсатсыз тіскебасар алып, оның ішімдігін төгіп, кейін дәмханадан шығып кеткен.Жәбірленуші жағдайдың мән-жайын анықтау үшін сыртқа шыққан кезде, сотталушы өзімен бірге болған ас үй пышағымен оның шап тұсына соққы жасаған. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілген.Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Е. өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрағанын айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.Жаза тағайындау кезінде сот оның кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.Сот үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 7) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтауда ерекше балалар мен жастар арасында инклюзивті спорттық жарыс өтті
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:35, 20 қазан 2026

Ақтауда ерекше балалар мен жастар арасында инклюзивті спорттық жарыс өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Ақтауда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар арасында «Жүрекпен жеңеміз» атты қалалық жеңіл атлетика жарысы ұйымдастырылды. Спорттық шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды спортқа баулу, олардың қабілеттерін дамыту және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.Іс-шара Маңғыстау облысының мүгедектер дене тәрбиесі және спорт федерациясының қолдауымен ұйымдастылды. Жарыстың өтуі мен қатысушыларды марапаттауға жомарт жандар демеушілік көрсетті. Жарысқа даун синдромы және аутизмі бар балалар мен жастар қатысты. Қатысушылар жеңіл атлетика бойынша бақ сынап, өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік алды.«Жарыс балалардың дене белсенділігін арттырумен қатар, өзіне деген сенімін нығайтуға және спортқа қызығушылығын оятуға бағытталды. Сонымен бірге шара инклюзивті ортаны қалыптастыруға, ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етті»,- дейді «Жарқын Damu» ҚБ негізін қалаушы Әлия Якубқызы.

Алимент төлемегендер жауапқа тартылды: Мұнайлыда 37 млн теңге өндірілді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
10:57, 20 қазан 2026

Алимент төлемегендер жауапқа тартылды: Мұнайлыда 37 млн теңге өндірілді

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ – Мұнайлы ауданында 37 млн теңге алимент өндіріліп, борышкерлер жауапқа тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді. Мұнайлы ауданының прокуратурасы 22 борышкерді әкімшілік, 3 борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тартты.Нәтижесінде балалардың пайдасына бірнеше уақыттан беру төленбеген алимент берешегі өндірілді. «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі»,- деп жазды Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Диёра Келдиёрова, дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы: Ақтау турнирін таңдауым бекер емес...
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:45, 20 қазан 2026

Диёра Келдиёрова, дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы: Ақтау турнирін таңдауым бекер емес...

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы өтіп жатыр. Аталған дәстүрлі турнирге Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Диёра Келдиёрова қатысып, топ жарды. Екі жылдық үзілістен кейін алғаш рет татамиге оралған даңқты спортшы 52 келіде үш белдесу өткізді. Марапаттау рәсімінен соң ол Otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат берді. - Диёра, сіз бүгін Ақтауда басталған Азияның ашық кубогында үздік атандыңыз. Екі жылдық үзілістен кейін бабыңызға толық келе алдыңыз ба? - Шынымды айтсам, Париж Олимпиадасының алдындағы спорттық бабымдамын деп толық айта алмаймын. Ол кезде мен басқа едім. Қазір өзімді сол кездегі өзіммен салыстыра алмаймын. Себебі, мен басқа дзюдошымын – ана ретінде жаңа, әйелдік қасиетке иемін. Екі жылдай дзюдода күреспек, біраз жарыс атмосферасынан тыс қалдым. Бірақ қазір өзімді жақсы сезінемін, ақырындап татамиге қайта қадам басып келе жатырмыз. Алда қалай болатынын көреміз. Мен дзюдодан ләззат алғым келеді, күресті қатты жақсы көремін, дзюдомен өмір сүремін. Бұл спорттан ләззат алу мен үшін маңызды. - Сіз Ақтауға қызыңызбен, отбасыңызбен келдіңіз ғой? Қызыңыз анасының чемпион екенін түсіне бастады ма? - Жоқ, оған ең бастысы – менің жанымда болғаны, менің құшағымда болғаны ғана маңызды. Оған тек ана ретінде керекпін. Ол менің спортшы екенімді әлі түсінбейді. Спортшы екенімді кейінірек түсінетін шығар, сол кезде мақтанатын болады деп ойлаймын. - Бұл ұзақ үзілістен кейінгі сіздің алғашқы жеңісіңіз. Алда Grand Slam турнирлері өтеді. Жобамен қашан ірі турнирлерде өнер көрсетесіз? – Иә, бұл менің олимпиададан кейінгі алғашқы турнирім. Алда Абу-Дабиде Grand Slam турнирі өтеді. Бұйырса қазанның 29-ында сонда қатысамын деп жоспарлап отырмыз. - Бүгінгі жеңісіңізге қарап спорттық бабыңызды қай деңгейде деп бағалайсыз? – 100 немесе 90 пайыз деп айта алмаймын. Қазір мен өзімді қалай сезінемін? Олимпиададан кейін тәнім қалай өзгерді, өмірім өзгерді – соған қарай икемделіп жүріп жатырмын. Қайталап айтамын, мен қазір басқа дзюдошымын. Жасап жатқан әр қадамыммен мақтанамын: жаттығу жасаймын, одан ләззат аламын. Қандай да бір сандық көрсеткішті айтқым келмейді. Жарысқа дайынмын ба, жоқ па, мен жай ғана өз спортты ләззат алып сүйемін. Сол мен үшін аса маңызды. - Кешегі Бакуде өткен әлем чемпионатында сіздің басты қарсыласыңыз, жапониялық Ута Абэ топ жарды. Біріншілілікті көрген болсаңыз, оған қазір қандай баға бересіз? – Ол техникалық және физикалық тұрғыдан өте мықты, ақылды спортшы. Оның күресін ұнатамын. Бірақ бәрін уақыт көрсетеді. Grand Slam турнирлерінде кездесеміз деп үміттенемін. Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар. Ол мықты болды, бірақ тек ол емес, басқа да испаниялық спортшылар менің салмағымда әлем чемпионатында қола мен күміс медаль иеленді. Олар да өсіп келе жатқан жас спортшылар. - Жалпы осы жарысқа қатысуға дейінгі дайындық кезеңі қанша уақытты алды? – Ұзақ, әрине. Мен сәбилі болғанннан кейін 2-3 ай өткен соң кілемге, жаттығуға шықтым. Біртіндеп қалпына келдім. Шамамен 1 жыл емес, 10 ай уақытым кетті деуге болады. – Декреттік демалыстан кейін қайта оралу қаншалықты қиын болды? – Психологиялық тұрғыдан қиын болды. Қазір біз басқаша жұмыс істейміз. Бұрын бапкерлер маған 1 жылға немесе 3 айға жоспар қоятын, ал қазір біз әр апта сайын өзімді қалай сезінетінімді, денемнің қалай әсер ететінін талқылаймыз. Өйткені денем өзгерді, қазір бәрі тек мені тыңдайды, бапкерлер де мені тыңдайды. – Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы кездесуде Жапонияның қарымды дзюдошысы Ута Абэмен кездесіп, жеңіске жеттіңіз. Кездесу алдында қандай ой болды? – Бұл белдесуде бапкеріммен тактиканы нақтылап қойдық. Ол маған қалай әсер етеді, татамиде қалай реакция жасайды – оны тек бір Құдай біледі ғой. Бұл жеңісті мен Құдайдың көмегімен жасадым деп ойлаймын. Ешкім менің бұны жасайтынымды білген жоқ, бірақ мен өзім білдім, толық сендім. Күрес кезінде денем автоматты түрде жұмыс істейді. Біз тактикалық, ментальды, физикалық және техникалық тұрғыдан ол жеңіске толық дайын болдық. – Ақтаудағы Азия кубогына қатысу туралы шешімші қашан қабылдадыңыз? - Тамыз айында біз қазандағы жарысқа қайта ораламыз деп шештік. Мен оған дейін дейін бала еміздім, ал тамызда балагны омыраудан шығардым. – Неліктен Ақтау турнирін таңдадыңыз? – Бакудегі әлем чемпионатының алдында Испанияда да бір турнир һтті. Бірақ ол жаққа бару біз үшін алыстау болды. Сондықтан Ақтауға келуді жөн көрдік. Сондықтан Ақтау турнирін таңдауымыз бекер емес. - Әңгімеңізге рахмет!

Ақтауда көлікпен адам қаққан жүргізуші айыппұл арқалады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:33, 20 қазан 2026

Ақтауда көлікпен адам қаққан жүргізуші айыппұл арқалады

ОTPANNEWS.KZ. - Ақтауда жаяу жүргіншіні қағып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.Сот шешімімен оған 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға 16 қыркүйек күні 17-шағын ауданындағы «Грин Плаза» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жол аумағында болған. «Hyundai Solaris» автокөлігін жүргізген жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан азамат Ж.-ны қағып кеткен. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келген.Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін мойындап, жол-көлік оқиғасының абайсызда болғанын түсіндірді. Ал жәбірленуші жүргізушіге қатысты материалдық және моральдық талаптары жоқ екенін айтып, оны кешіргенін жеткізді.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ақтау полицейлері қауіп төнген екі балаға көмек көрсетті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:22, 20 қазан 2026

Ақтау полицейлері қауіп төнген екі балаға көмек көрсетті

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда «102» арнасына 31Б шағынауданындағы №15 үйдің екінші қабатында кішкентай баланың ашық терезе маңында тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жағдай баланың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерде 6 және 4 жастағы екі баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын анықтаған. Белгілі болғандай, балалардың әжесі су алуға төменге шығып кеткен көрінеді.Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Абзал Анарбайұлы мен учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Асылбек Көженов балаларды құтқаруға дереу кіріскен. Соның нәтижесінде полицейлер екінші қабаттағы пәтердің терезесіне көтеріліп, үйдің ішке кірген. Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында екі бала да дер кезінде қауіптен құтқарылып, олар зардап шеккен жоқ.Бұл орайда Маңғыстау облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, кішкентай балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Маңғыстау - жаһандық туризм орталығы: Өңірде қандай ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
10:19, 20 қазан 2026

Маңғыстау - жаһандық туризм орталығы: Өңірде қандай ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысы қайталанбас табиғатымен, тарихи-мәдени орындарымен және Каспий теңізінің жағалауымен отандық және шетелдік саяхатшыларды баурап келеді. Биылдың өзінде өңірге келген туристер саны миллионнан асып, оның ішінде шетелдік қонақтардың үлесі айтарлықтай өсті. Бұл көрсеткіш Маңғыстаудың халықаралық аренадағы танымалдығын арттыра түскені анық. Маңғыстау шетелдік туристерді қабылдау бойынша республикада 5-орында. Бұл - өңірдің туристік әлеуетінің жоғары екенін және инфрақұрылымның қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.Көлік инфрақұрылымы: Жаңа әуежайлар, рейстер мен теміржолдарТуристер ағынын арттыру үшін, ең алдымен, көлік қатынасын жеңілдету – басты орында. Биыл халықаралық қатынастар кеңейіп, Үрімші (Қытай) мен Батуми (Грузия) бағыттарына тұрақты тікелей рейстер, сондай-ақ Ереванға (Армения) маусымдық рейс ашылды. Сонымен қатар Кендірлі демалыс аймағында жалпы құны 55 млрд теңгені құрайтын жаңа әуежайдың құрылысы белсенді жүріп жатыр. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Оған қоса Шетпе теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Жыл соңына дейін Маңғыстау және Бейнеу вокзалдары қолданысқа беріледі. Сәуір айынан бастап «Қарағанды – Жезқазған» пойыз бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, ішкі туризмге үлкен серпін берді.Табиғи нысандар мен жаңа туристік бағыттарМаңғыстаудың визит картасына айналған Бозжыра шатқалы мен өзге де аудандарда заманауи қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп жатыр. Жыл басынан бері Бозжырадағы сервистік орталық, Бейнеудегі демалыс базасы және Шетпедегі «Qazaq Camp» туристік лагері ресми түрде іске қосылды. Ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын Бозжыраға апаратын жаңа автожолдың құрылысы басталды. Маусым айында ашылған Бозжыра жол бойындағы туристік қызмет көрсету орталығы қазіргі таңда күніне 100-ден астам саяхатшыға сапалы қызмет көрсетуде.Маңғыстаудың жерасты мешіттері - әлемдік туризм назарында Өңірдің туристік әлеуетін әлемдік деңгейге көтерген басты жаңалықтардың бірі - Маңғыстаудың бірегей жартасты-жерасты мешіттерінің ЮНЕСКО - ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне ресми түрде енуі. XII - XVIII ғасырлар аралығында қалыптасқан бұл қасиетті орындар ғасырлар бойғы ұлттық архитектура мен рухани дәстүрдің қайталанбас үлгісі. Оған қабырғаларына табиғи жарық түсетіндей етіп үңгіліп, ауа алмасатын жүйесіне дейін ойластырылған Бекет ата жерасты мешіті және көне палеолит дәуірінің іздерін сақтаған Шакпақ ата мешіті дәлел.Бүгінде бұл қасиетті мекендерге келетін саяхатшылардың қарасы жыл сайын көбейіп келеді. Статистика көрсеткендей, Маңғыстауға келетін шетелдік және отандық туристердің әрбір үшіншісі міндетті түрде осы жерасты мешіттеріне бағытталған экспидициялық және этно-туристік маршруттарды таңдайды. Әсіресе Франция, Германия, Жапония және Қытай елдерінен келетін саяхатшылардың бұл көне ескерткіштерге деген қызығушылығы өте жоғары.Әлемдік қауымдастық жоғары бағалаған бұл тізімге өңірдегі Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе сияқты бес көне жерасты мешіті енгізілді. Бүгінгі таңда бұл киелі орындарға зиярат етіп қана қоймай, тарихтың тылсым сырына үңілу үшін келетін шетелдік саяхатшылар мен зерттеушілердің қарасы жыл санап артып келеді. ЮНЕСКО көлеміндегі бұл мәртебе Маңғыстауды жаһандық этнотуризмнің басты орталығына айналдырып отыр. Ақтау жағалауы және демалыс аймақтарын абаттандыруТеңіз жағалауы - Ақтау қаласының басты мақтанышы әрі туристік артықшылығы. Қалалық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. Мысалы, «Ақбота» саябағы мен жағалау толықтай абаттандырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи әрі жайлы демалыс кеңістігіне айналады. Солдат жағажайының сапасын арттыру үшін жергілікті бюджеттен 898,3 млн теңге бөлінді. Жаңартылған жағажай келесі шомылу маусымында ел игілігіне беріледі.Медициналық және сауықтыру туризміӨңірде туризмнің жаңа бағыты – сауықтыру мен медициналық демалыс белсенді қолға алынуда. Ақтау қаласында жалпы сыйымдылығы 630 орындық 2 термалды санаторий-курорттық кешеннің құрылысы басталды. Медициналық туризмді жаңа деңгейге көтеретін бұл нысандарды 2027–2028 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.Қорытындылай келе, өңірде жүзеге асырылып жатқан демалыс инфрақұрылымы мен жаңа туристік жобалар өңірді Орталық Азиядағы ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналдырып қана қоймай, Маңғыстаудың Қазақстан мақтанышына айналуына сеп болмақ.

Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
20:45, 19 қазан 2026

Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстауда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың зияткерлік қабілетін дамыту және олардың тоғызқұмалақ ойынын меңгеруіне мүмкіндік жасау, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Орталықтың негізін қалаушы Шынар Құрметтің айтуынша, мұнда 7 мен 16 жас аралығындағы балалар білім алады. Орталық 50 баланы қамтуға арналған.- Біздің негізгі мақсатымыз – ұлттық ойынымызды дәріптеп, оның дамуына өз үлесімізді қосу. Мен тоғызқұмалақты бала кезімнен ойнаймын. Төртінші сыныптан бастап мектепті бітіргенге дейін облыстық және республикалық жарыстарға қатыстым. Сол кезден бастап балаларға өзімнің білгенімді үйретіп, осындай орталық ашуды армандайтынмын. Бүгінде сол арманым жүзеге асып жатыр, - деді Шынар Құрмет.Оның сөзінше, орталықтың ашылуына Жастар басқармасы қолдау білдіріп, Жастар орталығынан арнайы кабинет бөлген. Бұл бастама Маңғыстауда ерекше балаларға тоғызқұмалақ ойынын үйретуге бағытталған алғашқы орталықтың бірі ретінде жүзеге асып отыр.Жаңа орталық балалардың ұлттық мұраға қызығушылығын арттырып, олардың ойлау қабілеті мен зейінін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тоғызқұмалақ арқылы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, ұлттық спорттың қолжетімділігін кеңейтуге жол ашады.

Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
19:23, 19 қазан 2026

Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық «Үздік ауыл» жобасының екінші кезеңіне өтті.Жобаның мақсаты - ауылдардың әлеуетін танытып, жетістіктерін насихаттау және елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу. Байқау ауылдардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, олардың мүмкіндіктерін республикалық деңгейде танытуға жол ашады.Жоба аясында Бейнеу ауылының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың белсенділігі мен елді мекеннің ерекшеліктері көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ ауылдың жетістіктері мен туған жерді көркейтуге бағытталған жұмыстар таныстырылады.Бейнеу ауылының екінші кезеңге өтуі – Маңғыстау өңірінің жетістіктерін кеңінен насихаттап, ауылдың әлеуетін танытуға берілген мүмкіндік. Бұл кезеңде тұрғындардың қолдауы мен белсенділігі де маңызды рөл атқарады.Осыған орай, барша маңғыстаулықтарды Бейнеу ауылын қолдап, «Үздік ауыл» республикалық жобасы аясында дауыс беруге шақырамыз. Әр дауыс ауылымыздың абыройын асқақтатып, туған жердің дамуына қолдау білдіруге үлес қосады.

Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:53, 19 қазан 2026

Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

OTPANNEWS.KZ.- Республика күні мен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Маңғыстау облысында «Тәуелсіздік – Әділетті Қазақстанға бастайтын саналы жол» атты іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева мәлімдеді.Спикердің айтуынша, жоспар бойынша өңірде 100-ден астам іс-шара өткізу көзделген. Мерекелік бағдарлама аясында 23 қазанда облыстық салтанатты жиын, азаматтарды марапаттау рәсімі мен концерт өтеді. Ал 25 қазанда өңірде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында Батыр ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі мен «Маңғыстау» теміржол вокзалын ашу жоспарланған.- 20-25 қазан аралығында әлеуметтік желілерде «Менің Қазақстаным» челленджі, 23–25 қазан күндері «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтеді. 25–26 қазанда қала-аудандардың орталық алаңдары мен саябақтарында жәрмеңкелер, концерттер және басқа да мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ 17–25 қазан аралығында #RepublicDay аясында мерекелік жеңілдіктер мен жәрмеңкелер өткізіледі, - деді Гүлмира Балғожаева.Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиеваның айтуынша, 23 қазанда Ақтау қаласында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған облыстық салтанатты жиын өтіп, жасанды интеллект көмегімен әзірленген «Тәуелсіздік шежіресі: жаңғырған бейнелер» цифрлық көрмесі ұсынылады. - Өңірдің қала-аудандарында концерттер, көрмелер, шығармашылық кездесулер және патриоттық бағыттағы іс-шаралар өтеді. Мерекелік шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ел тәуелсіздігінің жетістіктерін насихаттауға және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған, - деді Гүлнар Базаралиева.

Ақтауда оқушыларға теңіз суын ауызсуға айналдыру жолын түсіндірді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
15:44, 19 қазан 2026

Ақтауда оқушыларға теңіз суын ауызсуға айналдыру жолын түсіндірді

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – №31 жалпы білім беретін мектепте «Каспий – ортақ мұра» тақырыбында экологиялық дәріс өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада оқушыларға Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, суды тұшыту технологиясы және су ресурстарын үнемдеудің маңызы түсіндірілді. Іс-шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, су ресурстары басқармаларының, білім басқармасының және Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өтті.Дәріс барысында «Кендірлі» су тұшыту зауытының жұмысы таныстырылды. Маңғыстау облысында орналасқан кәсіпорын Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз етуге үлес қосады. Зауытта теңіз суын тұшыту үшін кері осмос технологиясы қолданылады. Бұл әдіс суды арнайы мембраналар арқылы өткізіп, құрамындағы тұздардың басым бөлігін бөлуге мүмкіндік береді.«Оқушыларға теңіз суының зауытқа жеткізілуінен бастап, тазартылып, сапасы тексеріліп, тұтынушыларға берілуіне дейінгі кезеңдер түсіндірілді. Алдымен теңізден алынған су құм мен ұсақ қоспалардан тазартылады. Кейін мембраналар арқылы тұздар бөлініп, тазартылған суға қажетті минералдар қосылады және залалсыздандырылады. Сапасы тексерілгеннен кейін су құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіледі. Дәрісте зауыттың жобалық қуаты туралы айтылды. Кәсіпорын толық қуатында тәулігіне 50 мың текше метр су өндіруге есептелген. Сонымен қатар оқушыларға ауызсу қорының шектеулі екенін ескере отырып, суды күнделікті тұрмыста тиімді пайдалану жолдары көрсетілді»,- деді ұйымдастырушылар. «Кендірлі су тұшыту» зауытының басшысы Мақсат Ибағаровтың айтуынша, дәрістің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа судың қалай өндіріліп, тазартылып, тұтынушыларға жеткізілетінін түсіндіру және су ресурстарын үнемдеуге үйрету.«Дәріс оқушылар үшін қызықты өтті. Олар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, су ресурстарын тиімді пайдалану жолдарымен танысты. Мұндай шаралар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Әсіресе, суды үнемдеуге бағытталған заманауи технологиялар мен шешімдер туралы өскелең ұрпаққа түсіндіру маңызды деп есептеймін. Себебі экологияны жақсарту мен су қорын сақтау әрқайсымыздың табиғатқа деген жауапкершілігімізден басталады», – деді Мақсат Ибағаров.Дәріс соңында оқушылар суды үнемдеуге қатысты қарапайым әрі тиімді әдеттермен танысты. Мамандар тіс тазалағанда немесе қолды сабындағанда шүмекті жауып қою, судың босқа ағып тұрғанын байқаса, ересектерге хабарлау қажеттігін атап өтті.

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:05, 19 қазан 2026

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Жуырда Ақтау қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты қазақ жеңіл атлеті Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан дәстүрлі республикалық жарыс «Аминиада» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен бақ сынады. Биылғы додада алғаш рет биіктікке секіруден жарыс өткізіліп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті Дәурен Мұратбайдың айтуынша, өңірде жастардың жеңіл атлетикаға деген қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты спорттың бұл түрін дамытуға және жаңа бағыттарды енгізуге басымдық берілуде.- Жеңіл атлетика тек жүгірумен ғана шектелмейді. Оның құрамына биіктікке және ұзындыққа секіру, әртүрлі қашықтыққа жүгіру және басқа да бағыттар кіреді. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша жұмыстарды жоспарлап, облыстық спорт саласына қатысты алдағы міндеттерімізді айқындап, жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Біздің мақсатымыз - өңірде жеңіл атлетиканы дамыту, жас спортшыларды тәрбиелеу және жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттыру, - деді Дәурен Мұратбай.Ал Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының аға жаттықтырушысы Асия Рабаеваның айтуынша, өңірде жеңіл атлетиканың бірнеше бағыты бойынша спортшылар даярланады. - Кедергімен жүгіру бағыты бойынша дайындықтар басталды. Сонымен қатар, маңғыстаулық жеңіл атлеттер ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және найза лақтырудан да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Биіктікке секірудің жаңа бағыт ретінде енгізілуі жас спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың спорттық әлеуетін дамытуға жол ашады. Өңірде жеңіл атлетиканың жаңа бағыттарын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ, - деді Асия Рабаева.

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:14, 14 қазан 2026

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

OTPANNEWS.KZ. - Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қос бірдей алтын медаль иеленді. Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, 60 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков финалда дәл осы санат бойынша фаворит саналған әрі әлем чемпионы Елмир Алиевті (Әзірбайжан) 13:4 есебімен жеңіп, жаһандық додадағы алғашқы алтынды алып берді. Бұған дейін отандасымыз мамыр айында U23 санатында Азия чемпионы атағын да иеленген еді.72 келіде күрескен Юсуф Ашрапов та финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен камбэк жасап кетті. Бір ерекшелігі Армения өкілі бұған дейін U17 және U20 санатындағы жаһандық додада отандасымыздан басым түсіп, топ жарған еді.Одан бөлек, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын да алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жерлесіміз ақтық сында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналатын Ясин Әли Яздимен (Иран) өзара мықтыны анықтайды.Ал 130 келідегі Джохар Узаров қола жүлде үшін күреседі.Айта кетейік, 2017 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатында бұған дейін грек-рим күресінен 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы ғана топ жарған болатын.

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
13:46, 9 қазан 2026

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі

Баку. OTPANNEWS.KZ - Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-консультанты Роберт Мшвидобадзе отандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы әлеуетіне шолу жасады. Оның пікірінше, спортшылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, ішкі бәсекелестікті күшейту қажет. Маман әйелдер дзюдосының қазіргі деңгейіне, жас балуандардың мүмкіндігіне және ұлттық құраманың болашағына қатысты ойымен бөлісті. - Қазақстан дзюдосының қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? Құраманың нәтижелеріне көңіліңіз тола ма? - Өздеріңіз де байқап жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп, алға жылжып келеміз. Қазақстанда бұл жұмысты енді ғана бастап жатырмыз. Соған қарамастан, ілгерілеу бар екенін көріп отырмын. Спортшыларымыз көп жаттығады, олардың әлеуеті де жоғары. Шын мәнінде, бізде өте мықты балуандар бар. Сондықтан алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенемін. - Дегенмен, кейбір шешуші белдесулерде жеңіліп қалып жатамыз. Бұған не себеп? - Қазір біздің ең басты әрі ең үлкен мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі. Олар кейде қарсыластары өздерінен мықты деп ойлайды. Бұл - үлкен қателік. Әрине, халықаралық жарыстарда бәсекелестік жоғары. Бірақ қарсыластың мықтылығын мойындау мен одан қорқудың арасы екі бөлек. Спортшы өз мүмкіндігіне сеніп, татамиге жеңіске жету үшін шығуы керек.Өз күштеріне деген сенімділікті қалыптастыра алсақ, нәтижеміз де жақсарады. Өздеріңіз де көріп жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп келеміз. Осы сенімділікті толық қалыптастырсақ, көп ұзамай жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. - Соңғы уақытта финалдық белдесулерде де жеңілістер болды. Бұл нені аңғартады?- Соңғы аптада ғана алты финалда жеңіліп қалдық. Бұл, әрине, жақсы нәтиже емес. Бізде әлі де жұмыс істейтін тұстар көп. Ұмтылатын белестеріміз де аз емес. Бірақ финалға дейін жетудің өзі спортшының белгілі бір деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Ендігі міндет – шешуші сәттерде жеңіске жетуді үйрену. Ол үшін техникалық және тактикалық дайындықпен қатар, психологиялық тұрғыдан да мықты болу қажет. - Әйелдер дзюдосындағы бәсекелестік деңгейі туралы не айтасыз? Әсіресе ауыр салмақ дәрежелерінде жағдай қалай? - Қазір әйелдер дзюдосында ішкі бәсекелестік жеткіліксіз деп есептеймін. Жалпы, бұл бағытта әлі де атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, жас қыздардың қатарға қосылып, жаттығып, бар күшін салып жүргені қуантады. Олардың дамуына мүмкіндік беруіміз керек. Мысалы, Азия ойындарында әйелдер құрамасы жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Екі күміс және екі қола медаль жеңіп алдық. Командалық жарыста да қыздарымыз жақсы күресті. Мұның өзі белгілі бір ілгерілеудің бар екенін көрсетеді. - Жас спортшылардың өсіп-жетілуі үшін не қажет? - Ең алдымен, уақыт қажет. Жаңа жүйе қалыптасып жатқан кезде бірден нәтиже талап ету оңай емес. Әрине, мен де бәрін бірден қалаймын. Барлық жарыста жеңіске жетіп, алтын медальдарды бірден алғым келеді. Бірақ дзюдо – өте күрделі спорт түрі. Әлемде 184 елдің спортшылары дзюдомен айналысады. Бәсекелестік өте жоғары, әр елдің балуандары жақсы дайындалып, барын салады. Сондықтан спортшыны да, құраманы да кезең-кезеңімен дамыту керек. Жас балуандар тәжірибе жинап, халықаралық жарыстарда шыңдалуы тиіс. - Бүгін әлем чемпионатында күресіп, алғашқы айналымда сүрінген Аруна Жангелдинаның өнеріне қандай баға бересіз?- Аруна жаман күрескен жоқ. Дегенмен, әзірге мұндай ірі жарыстарға толық дайын емес деп ойлаймын. Оған әлі де тәжірибе жинау қажет. Жас спортшылардың дамуы бірден жүзеге аспайды. Сондықтан оларға уақыт беріп, жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. - Алдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан қандай нәтиже күтесіз?- Алдағы әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Қазақстан бұрын-соңды әлем чемпионаттарында қол жеткізген нәтижелерінен де жоғары көрсеткішке жетеді деп сенемін. Біздің спортшыларымыздың әлеуеті жеткілікті. Ең бастысы – өз күштеріне сеніп, дайындық барысында атқарған жұмыстарын татамиде көрсете білу. - Демек, Қазақстан дзюдосының басты мақсаты – спортшылардың өзіне деген сенімін арттыру ма? - Иә, бұл - ең маңызды мәселелердің бірі. Құрамадағы әр спортшыны көрген сайын оның қалай күресетінін білемін. Біздің жігіттер өте көп жаттығады, олардың мүмкіндіктері жоғары. Бірақ кейде өздерін қарсыластарынан төмен бағалайды. Спортшы өзіне сенуі керек. Егер біз осы сенімділікті қалыптастыра алсақ, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. Қазақстан дзюдошыларының көптеген алтын медаль жеңіп ала алатынына сенімдімін. Біздің қолымыздан келеді. Ол үшін жүйелі еңбек етіп, алға қарай ұмтылуымыз қажет.

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
10:31, 9 қазан 2026

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті

OTPANNEWS.KZ - №31 ЖББМ базасында «Келешек мектептері» оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңіне аудан, қала бойынша 9 командадан, 36 оқушы қатысты.Турнирдің негізгі мақсаты – «Келешек мектептері» оқушылары үшін бірыңғай ұлттық шахмат алаңын қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, стратегиялық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында шахматты кеңінен насихаттау.Турнирдің ашылуында Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы директорының орынбасары Али Қабаков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыста №31 жалпы білім беретін мектептің директоры Ескендір Кумбаев және турнирдің бас төрешісі, Маңғыстау облысы Шахмат федерациясының бапкері Капаров Азамат тілектерін білдірді.Үздіктер қатарында:I орынды – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектебі; II орынды– Ақтау қаласы, №35 жалпы білім беретін мектебі;III орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебі бар. Аймақтық кезеңнің жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық ұлттық финалда Ақтау қаласының №31 жалпы білім беретін мектеп командасы Маңғыстау облысының намысын қорғайды.

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:27, 7 қазан 2026

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ атудан жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық спортты дәріптеп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысады.Жарыс 18-24 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылған. Чемпионаттың басты мақсаты - дәстүрлі садақ атуды жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрлерінің дамуына серпін беру және оның бұқаралық сипат алуына ықпал ету.Сайыс бағдарламасына дәстүрлі садақ атудың бірнеше бағыты енгізілген. Атап айтқанда, спортшылар пута, қалқан, Орта Азия және жамбы нысаналары бойынша жекелей сында өнер көрсетеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.Жарыстың жабылу салтанаты 7 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы Әмин Тұяқов атындағы стадионда өтеді.

Жаңаөзенде қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
15:05, 6 қазан 2026

Жаңаөзенде қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті

OTPANNEWS.KZ. - 4 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы «Энергетик» спорт кешенінде 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу бойынша Маңғыстау облысының чемпионаты өтті.Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, жас балуандардың шеберлігін арттыру және ҚР чемпионатына баратын Маңғыстау облысының құрама командасын жасақтау.Жарысқа облыстың қалалары мен бес ауданынан келген жас балуандар қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.Жарыс нәтижесі:32 кг🥇 1-орын — Әліпбай Д (Бейнеу ауданы)🥈 2-орын — Дәлубай Е (Бейнеу ауданы)🥉 3-орын — Парахат Е (Бейнеу ауданы)🥉 3-орын — Дүйсенов Н (Бейнеу ауданы)35 кг🥇 Арыстан Азат (Ақтау қаласы)🥈 Силих Ерасыл (Жаңаөзен қаласы)🥉 Абдолхаким Абдулазиз (Маңғыстау ауданы)🥉 Балтабай Досжан (Ақтау қаласы)38 кг🥇 Рзагали А (Жаңаөзен қаласы)🥈 Инербаев Ж (Рахат БЖСМ)🥉 Серік Д (Маңғыстау ауданы)🥉 Бекболат А (Жетібай ауылы)42 кг🥇 Амангелді У (Жас Батыр спорт мектебі)🥈 Мақсут Е (Жаңаөзен қаласы)🥉 Бағдатұлы Е (Ұлттық спорт)🥉 Реш Д (Бейнеу ауданы)46 кг🥇 Абдрахман С (Мұнайлы ауданы)🥈 Сақтаған Р (Жас Батыр)🥉 Орынбасар А (Энергетик спорт мектебі)🥉 Исламұлы А (Рахат БЖСМ)50 кг🥇 Аманжолов Ш (Жас Батыр спорт мектебі)🥈 Ринатұлы А (Жетібай ауылы)🥉 Кемелхан Д (Рахат БЖСМ)🥉 Сәрсен А (Жаңаөзен қаласы)55 кг🥇 Серік Б (Ақтау қаласы)🥈 Абдынахул А (Ұлттық спорт)🥉 Нарынбай Қ (Жаңаөзен қаласы)🥉 Сүндетбайұлы А (Жаңаөзен қаласы)60 кг🥇 Абдымомын Н (Ақтау қаласы)🥈 Рзабек К (Маңғыстау ауданы)🥉 Шегебай Б (Бірлік спорт клубы)🥉 Исабай М (Сүлеймен спорт клубы)65 кг🥇 Басбай М (Теңге БЖСМ)🥈 Ерболат Д (Маңғыстау ауданы)🥉 Байболсин Н (Жас Батыр спорт мектебі)🥉 Киікбай И (Ардан спорт клубы)+65 кг🥇 Тіркеш Б (Энергетик спорт мектебі)🥈 Миргенбай Р (Ақтау қаласы)🥉 Жумахан Ж (Сүлеймен спорт клубы)🥉 Чаканбаев М (Бейнеу ауданы)

Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
09:54, 24 қыркүйек 2026

Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысында өнер көрсетті. Финалдық бәсекеде Шмелева мен Токарницкая екінші нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль салды.Соңғы жылдары Қазақстанда есу спортын дамытуға, соның ішінде заманауи спорт инфрақұрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістанда салынған халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы. 2025 жылы пайдалануға берілген кешеннің аумағы шамамен 100 гектарды, ұзындығы 2,2 шақырымнан асады. Заманауи нысан спортшылардың толыққанды жаттығуына, оқу-жаттығу жиындарын ел аумағында өткізуге және есу спортынан ірі халықаралық жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Жаңа спорт инфрақұрылымы ұлттық құраманың сапалы дайындығына жағдай жасап, Қазақстанда есу спортын одан әрі дамытуға қосымша серпін беріп отыр.Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкаяның күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы кезекті медалі болды.

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
09:50, 24 қыркүйек 2026

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.Қазақстандық спортшылар бұған дейін ірі халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Яковлев пен Чернухин ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды. Азия ойындарындағы жеңіс олардың халықаралық аренадағы табысты нәтижелерінің жалғасы болды.Айта кетейік, академиялық есуден жарыстар Қазақстан құрамасы үшін жалғасуда. Бүгін Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік сында А финалында да бақ сынайды.

Алексей Луценко алтын дубль жасап, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan NEWS
09:56, 23 қыркүйек 2026

Алексей Луценко алтын дубль жасап, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды.Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Луценконың нәтижесі – 4 сағат 13 минут 11 секунд.Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жарыста тұғырдың алғашқы екі сатысына көтерілді. Евгений Федоров Алексей Луценкодан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді. Қола жүлде Жапония өкілі Юхэй Тодомеге бұйырды. Тағы бір қазақстандық Николя Винокуров жарысты жетінші орында аяқтады.Бұл – Алексей Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін, 20 қыркүйекте қазақстандық спортшы жекелей сын жарысында топ жарып, 41 минут 24,05 секунд нәтижемен чемпион атанған болатын.Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындары-2026 додасында алтын дубль жасап, құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізді.Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей сында жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында Луценко жекелей және топтық жарыста екі алтын медаль иеленді. Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей сында тағы да чемпион атанып, топтық жарыста күміс жүлде жеңіп алды. Енді Жапонияда спортшы өз жүлде қоржынына тағы екі алтын медаль қосты.Айта кетейік, Луценко Азия ойындарындағы топтық жарыста бұған дейін 2018 жылы да чемпион атанған.Ерлер арасындағы топтық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірден екі жүлдеге ие болды – Алексей Луценко алтын, Евгений Федоров күміс медаль жеңіп алды.

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында қола жүлде иеленді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:08, 22 қыркүйек 2026

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында қола жүлде иеленді

Нұрқанат Әжіқанов Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.Каратэ WKF бойынша кумитэ бәсекесінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Филиппин спортшысы А. Батиканды 10:1 есебімен сенімді жеңіп, қола медаль иеленді.Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.Каратэ Қазақстан ұлттық құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.

YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!