Otpan News
Өмірзақ ауылында мәдениет үйін салу жоспарланып отыр
Ақмарал Берекет
15:27, 18 қараша 2026

OTPANNEWS.KZ. – Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев тұрғындар алдында есеп берді. Кездесуге Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қатысып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарларына тоқталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қазіргі таңда Өмірзақ ауылы мен оған қарасты «Ақ желкен», «Оймаша» және «Рауан» тұрғын алаптарында 8 мыңға жуық адам тұрады. Елді мекендерде 3 мектеп, 11 балабақша және 2 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді.Ауыл әкімінің айтуынша, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыс қолға алынған. Атап айтқанда, Өмірзақ ауылын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта 2 шақырым құбыр тартылған. Сонымен қатар тұрғын үйлерді жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жолдарды күтіп ұстау және абаттандыру шаралары атқарылуда.Әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Өмірзақ ауылында 200 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысын қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Бұдан бөлек ауыл мен Рауан тұрғын алабында спорт кешендерін салу, балалар ойын және футбол алаңдарының санын арттыру жоспарланған.Кәсіпкерлікті қолдау және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл 4-6 жобаны жеңілдетілген несиемен қаржыландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ ауыл маңындағы мал қораларын көшіру мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.Кездесу барысында Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш ауылдың даму әлеуетін арттыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажет екенін атап өтті.Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Көтерілген сұрақтарды қарау және оларды заң аясында шешу жолдарын пысықтау бойынша қала әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Спорт

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады
Otpan News
18:07, 16 қараша 2026

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады

Otpannews.kz. - Ақтау қаласында «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласында еңбек ететін қыз-келіншектер арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық додаға өңірдегі медициналық ұйымдардан жасақталған 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.Турнирдің басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жанна Сайым сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.«Медицина қызметкерлері күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапты қызмет атқарады. Спорттық іс-шаралар мамандардың күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, әріптестерімен бейресми ортада бас қосуына мүмкіндік береді. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың да маңызды құралы. Бүгінгі турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, медицина ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады», – деді Жанна Сайым.Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Әр кездесу тартысты өтіп, ойыншылар шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін танытты. Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. 2-орынды Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының командасы иеленсе, жүлделі 3-орын Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрамасына бұйырды. Ал Жаңаөзен қаласының құрама командасы 4-орынға тұрақтады.Турнир қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай сыйлықтармен, арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Сабира Оңдасова «Үздік ойыншы», Жасмина Жұмашева «Үздік байланыстырушы», ал Сапаргүл Қаратаева «Үздік шабуылшы» атанды.

Эксклюзив

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

15:57, 15 қараша 2026

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті
Жанкелді Қаржан14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!