Otpan News Logo
Енді болашақ мұғалімдер ауызша емтихан тапсырады: ҰБТ жүйесіне түбегейлі өзгерістер енеді
Анонс
Жаңалықты көру →

Енді болашақ мұғалімдер ауызша емтихан тапсырады: ҰБТ жүйесіне түбегейлі өзгерістер енеді

Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі өзгеріп, ҰБТ форматы жаңғыртылады. Енді мұғалім болғысы келетін талапкерлердің тек білімі ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары да сынға түспек, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді. Оның айтуынша, білім саласындағы бұл қадамдар жай ғана кезекті реформа емес, адами капиталды дамытуға бағытталған сапалы жаңа кезең.Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін гибридті бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл дегеніміз – ҰБТ нәтижесі арқылы пәндік білімін тексеріп, ауызша емтихан арқылы коммуникациялық дағдыны анықтау. Мұндай өзгерістің басты себебі – педагог мамандығының ерекше жауапкершілігінде. Бұдан былай халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленген Admissions Insight Test тапсырмалары арқылы талапкердің ойлау қабілеті мен талдау дағдылары ескеріледі.Үкімет ҰБТ жүйесін тұтастай жаңғыртуды көздеп отыр. Ең негізгі өзгерістер қатарында ҰБТ-ны бір рет тапсыру жүйесін бекіту бар. Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті баға болады. Ал дайындық үшін сынақ тестілеулері сақталады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылдау жүйесі тоқтатылуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, шартты түрде оқуға түскендердің 60%-ға жуығы жыл соңында шекті баллды жинай алмайды.Бұдан бөлек жоғары оқу орындарына дарынды жастарды өз бетінше іріктеуге мүмкіндік беру қарастырылуда.«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді әділ іріктеуге бағытталған қадам. Білім саласы экономиканың сұранысына жауап беретін, нақты дағдыларды меңгерген мамандарды даярлауы тиіс»,- деді Аида Балаева.Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі еңбек нарығы мен әлемдік трендтер жаңа талаптар қойып отыр. Педагогикалық оқу орындарына кездейсоқ адамдардың бармауы, керісінше, бала психологиясын түсінетін, жан-жақты тұлғалардың келуі — мемлекеттің басты басымдығы.Жаңа жүйе талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және білім сапасының артуына негіз болмақ.

Author AvatarРоза Әділханқызы

15:04, 17 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты
Анонс
AuthorРоза Әділханқызы
15:38, 8 сәуір 2026

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
11:20, 4 сәуір 2026

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?
Жаңалықты көру →
19:58, 17 сәуір 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Ақтауда «Студенттік жол» халықаралық жобасы ұйымдастырылды
Жаңалықты көру →
18:27, 17 сәуір 2026

Ақтауда «Студенттік жол» халықаралық жобасы ұйымдастырылды

Маңғыстауда Еуропалық иммундау апталығы басталады
Жаңалықты көру →
18:02, 17 сәуір 2026

Маңғыстауда Еуропалық иммундау апталығы басталады

Маңғыстауда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейтілуде
Жаңалықты көру →
17:53, 17 сәуір 2026

Маңғыстауда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейтілуде

Маңғыстау облысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізді
Жаңалықты көру →
17:45, 17 сәуір 2026

Маңғыстау облысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізді

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды
Жаңалықты көру →
16:06, 17 сәуір 2026

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды

Каспий жағалауынан екі жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Жаңалықты көру →
16:04, 17 сәуір 2026

Каспий жағалауынан екі жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады
Жаңалықты көру →
15:45, 17 сәуір 2026

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады

Маңғыстауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
Жаңалықты көру →
13:34, 17 сәуір 2026

Маңғыстауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті

Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі өз мәресіне жетті
Жаңалықты көру →
12:26, 17 сәуір 2026

Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі өз мәресіне жетті

FlyArystan Ақтаудан Батумиге тікелей рейсті іске қоспақ
Жаңалықты көру →
11:43, 17 сәуір 2026

FlyArystan Ақтаудан Батумиге тікелей рейсті іске қоспақ

Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды
Жаңалықты көру →
11:22, 17 сәуір 2026

Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды

Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды
Жаңалықты көру →
09:58, 17 сәуір 2026

Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

Маңғыстаулық түлектерге Шымкентте тегін білім алу мүмкіндігі ұсынылды
Жаңалықты көру →
09:22, 17 сәуір 2026

Маңғыстаулық түлектерге Шымкентте тегін білім алу мүмкіндігі ұсынылды

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны
Жаңалықты көру →
21:42, 16 сәуір 2026

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

Маңғыстауда жеті адам құтқарылды
Жаңалықты көру →
17:00, 16 сәуір 2026

Маңғыстауда жеті адам құтқарылды

Жыл басынан бері қоныс аудару бағдарламасы бойынша солтүстікке 40 отбасы көшті
Жаңалықты көру →
16:26, 16 сәуір 2026

Жыл басынан бері қоныс аудару бағдарламасы бойынша солтүстікке 40 отбасы көшті

Барар жеріне жете алмай далада үсіп өлген "Бесқонақ" туралы не білеміз?
Жаңалықты көру →
16:19, 16 сәуір 2026

Барар жеріне жете алмай далада үсіп өлген "Бесқонақ" туралы не білеміз?

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру іс-шараларына қатысты қатаң ұстанымын білдірді
Жаңалықты көру →
16:18, 16 сәуір 2026

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру іс-шараларына қатысты қатаң ұстанымын білдірді

Мамандығын қызы үшін алмастырып, тьютор болды: Өңірде инклюзия мамандары тапшы
Жаңалықты көру →
15:30, 16 сәуір 2026

Мамандығын қызы үшін алмастырып, тьютор болды: Өңірде инклюзия мамандары тапшы

Advertisement
Ақтауда «Студенттік жол» халықаралық жобасы ұйымдастырылды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
18:27, 17 сәуір 2026

Ақтауда «Студенттік жол» халықаралық жобасы ұйымдастырылды

17 сәуір күні Ақтаудағы Каспий өңірі «Болашақ»колледжінде «Студенттік жол - білім мен тәжірибеге ашық жол» атты халықаралық тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Іс-шараның мақсаты – халықаралық әріптестікті нығайту, студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім мен өндірісті ұштастыру бағытындағы жұмысты дамыту.Жиын барысында Францияның Académie de Paris өкілі Реда Фарах, сондай-ақ Lycée Galilée оқу орны басшысының орынбасары Olivier Tang, Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының директоры Мирсат Измухаммедов және өңірлік ұйым өкілдері өз пікірлерін білдірді. Салтанатты жиында колледж басшысы Гүлжан Қаламқали сөз сөйлеп, оқу орнының жетістіктеріне тоқталды. –29 жылдық тарихы бар колледжіміз мыңдаған білікті маман даярлап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар халықаралық байланыстардың кеңеюі білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді Гүлжан Қаламқали.Бағдарлама аясында шеберлік сыныптары, ашық сабақтар мен зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып, студенттер мен шетелдік қонақтар арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты. Қонақтарға Маңғыстау өңірінің тарихи орындары таныстырылып, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді. Сонымен қатар серіктес мекемелер базасында студенттердің өндірістік тәжірибеден өту үдерісі таныстырылып Mangystau Hub инновациялық орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.

Маңғыстауда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейтілуде
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
17:53, 17 сәуір 2026

Маңғыстауда қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейтілуде

Маңғыстау облысы бойынша қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Дархан Темірболат айтты, деп хабарлайды otpannews.kz. Спикердің айтуынша, қаржы пирамидалары қазіргі таңда қоғамға елеулі қауіп төндіріп отыр. Олар азаматтарды жоғары табысқа қысқа мерзімде қол жеткізуге болады деген жалған уәделер арқылы алдап, қаражатын күмәнді жобаларға салуға итермелейді.-Осы бағытта интернет кеңістігіне, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тұрақты мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде қаржы пирамидасының белгілері бар жобалар анықталып, оларға құқықтық баға берілуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде төрт қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Атап айтқанда, «Асар Баспана», «Live Good» және «Sax Invest» жобаларының заңсыз әрекеттері әшкереленді, - деді Дархан Темірболат.Сонымен қатар, департамент тарапынан профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда. Халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындармен кездесулер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылып келеді.Мамандар тұрғындарды күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және қаржы пирамидасының белгілері байқалған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарласуға шақырады.

Маңғыстау облысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
17:45, 17 сәуір 2026

Маңғыстау облысында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жүргізді

​Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 13-17 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дін танулық сауаттылығын арттыру жәнедін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды. Аталған іс-шараға: Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы - Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы - дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы - дінтанушы, сарапшы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒЖБМ ҒК фСДИ Дінтану орталығы директор орынбасары, дінтану ғ. PhD секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндірутобының мүшелері қатысты. Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Тұрғындар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Теріс діни идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Интернет-кеңістікте діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратудың қауіптілігі», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң және оның талаптарын сақтау», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы (зайырлылық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік», «Террористік және экстремистік болып табылатын деструктивті іс-әрекеттер және олардың қауіптілігі» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар, әскери қызметкерлер мен сарбаздар, еңбек ұжымы және т.б. тұрғындар қамтылды.

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
16:06, 17 сәуір 2026

Ақтауда мас күйінде бұзақылық жасаған 18 жастағы тұрғынға айыппұл салынды

Ақтау қаласында жас жігіт мас күйде көңіл көтеру орындарының сыртқы қабырғасындағы кафельді сындырған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.Оқиға 16 сәуір күні Ақтау қаласының 12 шағынауданында орналасқан мекемелердің бірінің алдында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жігіттің қабырғаға жақындап келіп, оны ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті, бұзақыны сабырға шақырмақ болған адам да соққының астында қалған.«2026 жылдың 16 сәуірінде сағат 01:16 шамасында Ақтау қаласы, 12 шағынаудандағы «Terra Restobar» мекемесінің алдында алкогольдік ішімдік ішкен 18 жастағы жігіт анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдық шығын келтірілген жағдайда, нысан иелеріне оны өндіріп алу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгіну ұсынылады», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Каспий жағалауынан екі жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
16:04, 17 сәуір 2026

Каспий жағалауынан екі жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

«Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен және Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Каспий теңізі жағалауын мониторингтеу барысында жағалауға шығып қалған итбалықтардың өлекселерін анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.17 сәуірде батыстан соққан желдің әсерінен Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауына 191 итбалықтың өлексесі шығып қалғаны белгілі болды. «Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупінің алдын алу, сондай-ақ оның салдарын жою жөніндегі қағидаларға сәйкес жұмыс тобын құру, өлген итбалықтардан сынама алу, өлімнің алдын ала себептерін анықтау және өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнына «Каспий итбалығы» РММ, балық шаруашылығы инспекциясы, әкімдік, Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі, экология департаменті, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, гидробиология және экология институты, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, «Qazaq Balyq» республикалық балық шаруашылығы және аквакультура қауымдастығы өкілдері барды», - деп жазылған балық шаруашылығы комитетінің ресми хабарламасында. Гидробиология және экология институты мамандарының пікірінше, итбалықтар шамамен бір ай бұрын өлген, алайда олардың өлекселері Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жағалауына тек қазір батыстан соққан дауылды желдің әсерінен жеткен көрінеді.Қазіргі уақытта жағалау мониторингі жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда екенін айтылды.

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
15:45, 17 сәуір 2026

«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысында «Таза аула» науқаны ұйымдастырылады

18 сәуірде Ақтау қаласында «Таза аула» экологиялық науқаны аясында ауқымды сенбілік өткізіледі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.Іс-шара Каспий теңізі жағалауында, 15-шағын аудан «Самал-1» тұрғын алабынан бастап амфитеатр алаңына дейінгі аумақта сағат 09:00-де басталады.Сенбілік барысында тазалық жұмыстары Каспий теңізі жағалауы мен жағалау бойындағы кәсіпкерлік нысандар, тарихи орындар, саябақтар аумағында жүргізіледі. Сонымен қатар, қала және аудан орталықтары да қамтылады.Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын аталған экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Маңғыстауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
13:34, 17 сәуір 2026

Маңғыстауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен және Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп азаматтарға арналған «Тегін заң көмегі» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі кәсіби кеңес беру арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Сонымен қатар, акция азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерін шешуге нақты қолдау көрсету болыр отыр. Шараға Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Кәрімов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы А.Досмағанбетов, сондай-ақ заң қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Іс-шара жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, заң консультанттарының және адвокаттардың белсенді қатысуымен өтті. Акция барысында азаматтарға әртүрлі құқық салалары бойынша тегін кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына нақты құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында облыс аумағында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 50-ге жуық елді мекенде құқықтық кабинеттер ашылды. Аталған кабинеттер ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Олар «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ eGov, e-Өтініш, «Ашық НҚА» сияқты мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл бастама, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал топтар мен шалғай ауыл тұрғындары үшін аса маңызды. Құқықтық кабинеттер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауына нақты мүмкіндік беруде. Маңғыстау облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтық көмекке деген сұранысын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді және бұл ретте мемлекеттік органдармен, заң қауымдастықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатуда. Департамент алдағы уақытта да халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсетуге, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асыра бермек. Әділет департаменті заң үстемдігін қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда және құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыруда сенімді әрі тиімді институт ретінде өз қызметін жалғастыруда.

Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі өз мәресіне жетті
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
12:26, 17 сәуір 2026

Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі өз мәресіне жетті

Ақтауда ұлттық өнер мен құндылықты ұштастырған “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалінің қорытындысы Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Жеңімпаздар бұйымдарын музейге сыйлық ретінде табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген қолөнер шеберлері қатысып, қорытынды іс-шарада Ә.Кекілбаев атындағы ұлттық музейге экскурсия жасады. 74 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны, шашақ өнері бойынша бас жүлде иегері Бақтылы Ботанаева фестивальдің жоғары деңгейде өткенін айтты."Бала кезімнен қолөнерге деген қызығушылығым жоғары болды. Сол уақыттан бері шашақтың түр-түрін жасаймын. Мұражайға келушілер қазақтың ұлттық бұйымдарын көріп, есінде сақтасын деген ниетпен музейге "ағаш үйдегі уықтың аяқ бауы" деп аталатын шашақты табыстадым. Осындай іс-шаралар жиі болса, қазақтың ұлттық коды келешек ұрпаққа боямасыз жетеді деп ойлаймын",- деді шашақ өнері бойынша бас жүлде иегері Бақтылы Ботанаева.Бұл фестиваль 2018 жылдан бастау алды. Сол уақыттан бері жоба өз жемісін беріп келеді. "Құрақ пен шашақ үндестігі" фестивалінің ұйымдастырушысы Тілектес Болатбаева барша қатысушыларға алғыс білдірді."Бұл шара ұлттық рухтың сақталуына бағытталған. Біздің ұлттық дәстүріміз, бұйымдарымыз өте әдемі. Өзіндік мән-мағынасы бар. Ұлттық қолөнерді дамытып, осы бұйымдар арқылы ұлттық код қалдыру - негізгі мақсатымыз. Салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды келешек ұрпаққа түпнұсқада жеткізу біздің міндет деп білеміз",- деді "Құрақ пен шашақ үндестігі" фестивалінің ұйымдастырушысы Тілектес Болатбаева.

Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
09:58, 17 сәуір 2026

Маңғыстаулық зияткерлер грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды

Тараз қаласында алғаш рет грэпплингтен AIGA нұсқасы бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты ақтаулық оқушылар үшін олжалы болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері ел біріншілігінен жеңіспен оралды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең мықты спортшылар арасында Маңғыстау облысының құрама командасы сапында өнер көрсеткен ақтаулық зияткерлер өз шеберліктерін дәлелдеді.Жарыс нәтижесінде Ақтау қаласындағы НЗМ оқушылары қоржынға екі бірдей жүлде салды. 7-сынып оқушысы Музаффар Батыржан қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді. Бір жылдан бері грэпплингпен айналысатын ол бұған дейін таэквондо мен кикбоксингте шыңдалған. Ол бұл жетістігі бапкері Ринат Руслановпен бірлескен қажырлы еңбегінің жемісі екенін айтты. Ал 9-сынып оқушысы Абылайхан Демеген жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға табан тіреді. Грэпплингпен алты ай айналысса да, Абылайхан бапкері Есболат Медеуовтің сенімін ақтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.“Бұл чемпионат отандық спорт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Зияткер оқушылардың тек білімде ғана емес, спортта да алдыңғы қатарда болуы – жан-жақты дамудың жарқын үлгісі. Маңғыстаулық өрендердің бұл табысы – облыс құрамасы үшін де, білім ордасы үшін де үлкен мақтаныш. Жаңа биіктерді бағындырған жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз”,- деді НЗМ баспасөз қызметі.

Маңғыстаулық түлектерге Шымкентте тегін білім алу мүмкіндігі ұсынылды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
09:22, 17 сәуір 2026

Маңғыстаулық түлектерге Шымкентте тегін білім алу мүмкіндігі ұсынылды

Маңғыстау өңірі мен Шымкент қаласы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту аясында Ақтау қаласына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің делегациясы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.Делегация құрамында университет ректорының міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жилбаев, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лаззат Байырбекова және Үздіксіз білім беру орталығының басшысы Рауан Бегалиева бар.Сапардың мақсаты – Маңғыстау жастарын сапалы жоғары білім алудың жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру, мемлекеттік гранттар туралы ақпарат беру, сондай-ақ талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда кәсіби бағдарлық қолдау көрсету.Биылғы оқу жылында мемлекет тарапынан педагогикалық мамандықтарға 13 226 грант бөлінген, бұл ретте техникалық және IT-бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университет Маңғыстау түлектерін грант негізінде оқуға және сұранысқа ие білім алуға шақырады.Жыл сайын аталған оқу орнының 1000-ға жуық студенті мемлекеттік грант иегері атанады. Сонымен қатар Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры тарапынан 300-ге жуық грант беріледі. Бұдан бөлек, биыл түріктің Гази университетінің филиалында оқу үшін тағы 100 грант бөлуге өтінім берілген.Еліміздің оңтүстігіндегі жетекші білім ордаларының бірі саналатын университет білім сапасына ғана емес, студенттерге жайлы жағдай жасауға да баса мән береді. ЖОО-да 58 заманауи оқу-әдістемелік зертхана мен виртуалды шеберхана жұмыс істейді. Студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі, ал барлық оқу корпустары тегін Wi-Fi желісіне қосылған.Шығармашылық әлеуетті дамыту үшін 12 үйірме мен еріктілер бірлестігі қызмет етеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында студенттер Польша, Чехия, Түркия және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады.Бұл сапар Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Университет басшылығы өңір жастарын Шымкенттегі заманауи білім беру мүмкіндіктерін пайдалануға шақырып, білікті маман даярлау мен табысты болашақ үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.Оқуға түсу, білім алу, тұру жағдайлары, мемлекеттік және қосымша гранттарды иелену, білім беру бағдарламаларын таңдау және басқа да сұрақтар бойынша талапкерлер мен олардың ата-аналары келесі байланыс нөмірлері мен электронды пошталар арқылы толық кеңес ала алады:Тел: +7 775 722 3098;E-mail: blazzat69@mail.ru, info@okmpu.kz. Мамандар оқуға түсудің барлық кезеңдерін түсіндіріп, бағыт таңдауға көмектесуге дайын.

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
21:42, 16 сәуір 2026

«ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді тапсыру науқаны

Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі туралы (2025 жыл бойынша) мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну науқаны ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелерге байланысты 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.«ҮЕҰ Дерекқорына» мәлімет ұсыну ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, гранттарға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық конкурстарына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.Мәліметтер «Еsep.govtec.kz/npo» цифрлық платформасы арқылы қабылданады және белгіленген Қағидаларға сәйкес ұсынылады.Мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы әрі дұрыс ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.Сұрақтар пайда болған жағдайда, облыстың қала-аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерінің, сондай-ақ ҚР МАМ және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерімен келесі мәліметтер арқылы байланыса аласыз:ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, тел: 74-04-28, 74-04-20.Техникалық қолдау «ЦҮҚО» ШЖҚ РМК - center@govtec.kz.

Маңғыстауда жеті адам құтқарылды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
17:00, 16 сәуір 2026

Маңғыстауда жеті адам құтқарылды

Маңғыстау облысында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖД өкілдері туыстары 3 күн бойы таппаған 4 адамды және көлігі батпаққа батқан 3 адамды құтқарып, көмек көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 14 сәуір күні Қарақия ауданы аумағында, Жаңаөзен қаласынан 137 шақырым жерде орналасқан Бекет-Ата жерасты мешіті маңында төрт адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.Іздестіру-құтқару жұмыстарын күшейту мақсатында Атырау қаласынан «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылып, оның көмегімен әуеден барлау жүргізілген. Нәтижесінде жоғалып кеткен адамдар табылып, көмек көрсетілді.

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:41, 10 сәуір 2026

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты

Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізіп, ҚР ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 76 келіде күресетін балуан бұл турнирде жүлде алатынына сенімді болғанын алға тартты. Otpannews.kz тілшісімен әңгіме барысында спортшы чемпион болсам деген мақсатының әзірге орындалмай қалғанын жеткізді.- Құрлық біріншілігінде сіз үшін ең күрделі белдесу қай кезеңде болды?- Ең қиын белдесу Моңғолия балуанына қарсы кездесуде өтті. Бұған бұрынғы жарақатымның да белгілі деңгейде әсері бар. Одан бөлек, әдіс жасау кезінде қарсыласымның аяғына өтіп тұрып, құлаудан аман қалдым. Өздеріңізге белгілі, мен есе жіберген моңғол спортшысы бүгін Азия чемпионы атанды.- Қола жүлде үшін күресте оңтүстіккореялық спортшымен қаншалықты «таныссыз»?- Біз Азия чемпионатынан бір ай бұрын Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынына қатыстық. Сол уақытта Оңтүстік Корея құрамасы да келген болатын. Сол кезде қарсыласымды біраз зерттеп көрдім. Жасы менен үлкендеу, әрі тәжірибелі спортшы. Дегенмен, өзімнің қола жүлдені қиындықсыз иеленетініme сенімді болдым.- Бұған дейін күрескен құраманың өзге балуан қыздары есе жіберіп жатты. Бұл жағдай сізге психологиялық тұрғыда қалай әсер етті?- Ұлттық құрама Азия чемпионатына сақадай сай келді. Жарыс болғаннан кейін жеңіс пен жеңілістің болуы — заңды құбылыс. Жалпы, қыздарымыздың ешқайсысы осал емес. Өзге мемлекет балуандарынан кем түспейді, тіпті кейде асып түседі. Бағы мен бабы қатар шаппаған болар. Бір жағынан, психологиялық тұрғыдан аздап сенімсіздік болды деп ойлаймын.- Ұзақ үзілістен кейін спорттық бабыңызға толық келдіңіз бе?- Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралдым. Сол уақыттары ота жасаттым. Азия біріншілігі мен үшін алғашқы халықаралық жарыстардың бірі болды. Финалға шығып, алтын аламын деген мақсат қойғанмен, бұйырғаны қола жүлде болды.- Турнирде жанкүйерлер қолдауын сезіне алдыңыз ба?- Иә. Бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Трибунада отырып қолдау көрсетіп, құдды Қазақстанда күрескендей сезім сыйлады. Барлығымыз да жанкүйерлердің қолдауын сезініп отырмыз. Күрес федерациясына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп otpannews.kz сайтының тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иеленген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, турнирдің төртінші күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) қана қола жүлде үшін сынға түседі. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.Сонымен бірге, бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Грек-рим күресінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын жүлдені иеленді. Бұл медальды ұлттық құрама қоржынына 72 келіде сынға түскен Алматбек Аманбек салды. Белдесуден кейін спортшы otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, чемпионаттағы әсерімен бөліскен еді.- Биылғы Азия чемпионатында өз дегенімізге жеттік. Елден тек алтын үшін келдік. Сол үшін осы жолда аянбай еңбек еттік. Бізге жанкүйер болған барша ағайынға алғысым шексіз. Оның ішінде маған барынша сенген ағаларыма, жақын достарыма ерекше алғысымды айтамын. Олар мені соңына дейін қолдаумен болды.- Финалда қарсыласыңның партердегі қателігін тиімді пайдаландыңыз. Жалпы, белдесу алдындағы жоспарыңыз қандай еді?- Бұл кездесуге менің тактикам басқаша болды. Алдымен қарсыласты тоқтатып отыруға тиіс болдым. Оның әлсіз жерін білгендіктен, сол бойынша жұмыс істеуім керек еді. Дегенмен, бүгінгі белдесуде қателескен тұсын сәтті пайдалана алдым.- Жартылай финалдан кейін «алтын аламын» деп сенімді түрде айттыңыз. Иран балуанының әлеуетін қалай бағалайсыз?- Бұған дейін Албанияда өткен рейтингтік турнирде Иран балуанымен белдесуде басым түсіп жатып, екінші кезеңде қателікпен есе жіберіп едім. Ол жолы 77 келіде күрестік. Ұпай беріп қойғаннан кейін белдесу соңына дейін есеп айырмасын қысқарта алмадым. Сол жеңілістің қарымтасын бүгін қайтаруға толық мүмкіндік туды.- Дегенмен, кешегі жартылай финалдағы белдесу қиын болған секілді...- Жартылай финалда жолыққан қырғыз балуаны да, финалда сынға түскен Иран спортшысы да физикалық тұрғыда өте мықты. Біреуін әлсіз, біреуін ыңғайсыз қарсылас деп айта алмаймын. Белдесуде өзіңнің күресіңді жүргізуге тырысасың. Кеше 100 пайыз барымды салсам, бүгін оны екі есе жүктемемен міндетімді орындап шықтым.- Күзде әлем чемпионаты өтеді. Дайындық жұмыстары қалай жалғасады?- Алда елімізде әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді. Бірақ Азия біріншілігінің алдында аға бапкеріміз «олимпиадалық емес салмақта чемпион болған балуандар бірден әлем чемпионатына баратын құрамаға кіреді» деді. Енді соған барымызды салып дайындаламыз. Қателіктермен жұмыс істеуім керек. Қазіргі сәтте маған жақсылап тынығу қажет болып тұр.- Финалға жолдама алғаннан кейін тура бір күн уақыт өтті. Осы аралықта өзіңді қалай сезіндің?- Жақсы сезіндім деп айта аламын. Бапкерлерім үнемі қасыма келіп, жағдайымды сұрап, ойымды бөлумен болды. Күресті ойламасын деп психологиялық тұрғыда дайындады.

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:22, 8 сәуір 2026

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:14, 8 сәуір 2026

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық бірішілігінің алтынына қол жеткізді. Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:23, 8 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны біріншілікті сәтті бастады, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. Әйелдер күресінен өткен іріктеу бәсекесінде ұлттық құрамадан 5 балуан бозкілемге шықты. Оның ішінде тек Марал Тәңірбергенова (50) пен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалға өтті. Шұғыла ширек финалдық белдесуде Қытай Тайпейінің балуанын 9:2 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалдық кезеңде Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен шеберлік байқасады. Ең жоғары салмақтағы Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалмен тартысты белдесуде соңғы секундтарда ұпай алып, жеңіске жетті. Қазақ балуаны жартылай финалда Моңғолия спортшысы Даваанасан Энх Амармен кездеседі. Дегенмен, бүгін белдесуге шыққан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Виктория Кусаинова (59 кг) алғашқы айналымда үнді балуандарына қарсы тегеурінді қауқар таныта алмады. Ал Елена Шалыгина (68 кг) Жапония өкілінен 10:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, бүгін грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 4 салмақта жүлде үшін бозкілемге шығады. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:58, 7 сәуір 2026

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Алматбек Аманбек финалға шықты. Ұлттық құрама мүшесі 72 келіде қырғызстандық Амантұр Исмаиловты 3:1 есебімен жеңіп, шешуші сәтте үмітті толық ақтады.Ол классикалық күрестен ҚР ұлттық құрамасынан финалға шыққан жалғыз балуан атанып отыр. Жауапты белдесуден кейін спортшымен otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкекте сұхбаттасқан еді.- Жартылай финалдағы белдесуім өте тартысты өтті. Бапкерлерім айтқан тактикалық амалды толық жүзеге асыра алдым деп есептеймін. Қарсыласым қырғыздың даңқты балуанымен күресім ойдағыдай өтті. Ертең финалдық белдесуде тактикамен жеңісті жұлып аламын деген ойдамын. Бұйырса, елге алтын медальмен ораламын.- Кешегі белдесулерде құрама балуандары жаппай жеңіліп жатты. Жартылай финалда табандылық танытуыңа сол жағдай қаншалықты әсер етті?- Жарыста бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Олар үшін ештеңе айта алмаймын. Кішігімде қателіктер болғаны рас. Жалпы, Азия чемпионатына барлығымыз тыңғылықты дайындықпен келдік. Қазақстан ұлттық құрамасы жүлде үшін өте дайын болды.- Амантұр Исмаиловтың әлеуетін қалай бағалайсың?- Өте жоғары бағалаймын. Физикалық және тактикалық тұрғыда да мықты балуан. Аллаға шүкір, бүгін жеңіс менің еншіме бұйырды.- Қырғыз жанкүйерлерінің қарсыласыңды қиқулап қолдауы сізге кедергі келтірмеді ме?- Оның барлығын өзіме қабылдадым. Эмоцияға бой алдырмай, салқынқандылық таныттым. Елімізде жарыстарда қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүрмін. Қырғыз жанкүйерлері өте мықты. Күрес десе делебесі қозып, ішер асын жерге қояды. Бүгін де жұмысын тастап аренаға жиналып отыр. Бұл жағынан қазақтар да қалыспайды. Азия чемпионатына елден арнайы келген көрермендер бар.Айта кететін жайт, Азия чемпионатында грек-рим күресінің алтауы жүлде үшін күресуге мүмкіндік алса, оның бесеуі қола жүлде үшін сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:25, 7 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов үшінші орын үшін белдесуде жеңіске жетті, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан балуаны Довлетмурат Байрамовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесудің алғашқы кезеңінде партердегі мүмкіндігін тиімді пайдаланған отандасымыз таблодағы есепті 9:0-ге жеткізді.Осылайша Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаттарында алтыншы рет жүлде иеленді. Отандық балуан бұған дейін құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген еді.Сондай-ақ, 77 келіде Қазақстан балуаны Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовке есе жіберді (1:10).Ертең турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан балуандары арасынан Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Азия чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады. Сонымен қатар, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлде үшін күреседі.Сондай-ақ, әйелдер күресі бойынша белдесулер басталады.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:56, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында қырғыз балуанына есе жіберген Нұрсұлтан Тұрсынов жеңілісінің себебін атады. Грек-рим күресінен 87 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі қарсыласының өз жанкүйерлері алдында лас күрескенін алға тартты, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.«Жартылай финалдық белдесуде қарсыласым баспен ұрып, аяқтан шалып, лас күресті көрсетті. Сондай-ақ партерде есем кетіп, ол тиісті ұпайын иеленіп кетті. Енді ертең қола жүлде үшін күресемін», - деді ҚР ұлттық құрамасының балуаны.Сонымен бірге Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шыққан Асан Жанышевпен алғаш рет бозкілемде кездескенін айтты.«Қырғыз балуанымен алғаш рет күрестім. Белдесуде сылбыр болдым деп айта алмаймын. Екеуміз де партерге түсіруге тырыстық, бірақ ойымыз іске аспады. Жанкүйерлердің қырғыз балуанын қатты қолдауы мені еш қобалжытқан жоқ. Жалпы, бәрі ойдағыдай болып жатқан еді. Алайда баспен екі-үш рет ұрғаннан кейін қайта ұмтылғаныммен нәтиже болмады. Сол себепті жеңіс бізге бұйырмады», - деді Нұрсұлтан Тұрсынов.Биылғы Азия чемпионатында 87 келі салмақ дәрежесінде барлығы 11 балуан қатысты. Қазақстан құрамасының мүшесі іріктеу кезеңін ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Сынхван Лиді 7:1 есебімен жеңген болатын.Айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес балуан өнер көрсетті. Алайда олардың тек екеуі ғана жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл ретте Нұрсұлтан Тұрсынов түркіменстандық Давлетмурад Байрамовпен қола жүлде үшін белдеседі, ал 77 келіде Қаһарман Қисметов үшінші орын үшін өзбекстандық Дониёрхон Накибовпен шеберлігін сынайды.

YouTube бейнелер
Адвокат Айбек Сүйіндіков: "Заңды білу - табысты кәсіптің кепілі"
YouTube
Бейнені көру →
14:53, 17 сәуір 2026

Адвокат Айбек Сүйіндіков: "Заңды білу - табысты кәсіптің кепілі"

Бүгінде кәсібің қарқынды дамуы үшін заң саласынан да сауатты болуың керек. Кәсіпкерлер үшін әрбір келісімшарт пен кез келген шешім тек қаржылық тұрғыда емес, құқықтық жауапкершілікпен де тікелей байланысты. Осындай күрделі әрі өзекті тақырыптарды тереңірек түсіну мақсатында біз заң саласының тәжірибелі маманымен сұхбат құрдық. Бүгінгі кейіпкеріміз – «Omirbolat & Suyundukov & Assauova» адвокаттық кеңсесінің серіктесі, кәсіби адвокат Айбек Суюндуков. Ол өз тәжірибесінде кәсіпкерлер жиі жіберетін қателіктерден бастап, бизнесті заң тұрғысынан қорғау жолдарын, жаңа құқықтық өзгерістер мен олардың әсері туралы кеңінен әңгімеледі.

Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?
YouTube
Бейнені көру →
15:21, 3 сәуір 2026

Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?

Жаңа салынған үйлерден пәтер алар кезде құрылыс мекемесінің қандай рұқсат құжаттары болуы қажет? Арзан бағаға бола фундаменті құйылған үйге ақша салмас бұрын қандай құжаттарды тексеру керек және кім үлескер бола алады? Осы сұрақтарға Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қала құрылысын бақылауы бөлімі басшысы Аманқосұлы Қуандық жауап берді.

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!