Otpan News Logo
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты
Анонс
Жаңалықты көру →

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты

Бүгін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде кәсіби білім беруді халықаралық стандарттарға сай трансформациялау мақсатында маңызды кездесу өтті. Колледж базасына Теміртау жоғары политехникалық колледжінің басшылығы мен Бейжіңнен келген «Жаңа Жібек жолы – Кәсіби көпір» консалтингтік компаниясының өкілі Junfeng Zhan бастаған делегация арнайы келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Кездесудің негізгі нәтижесі — колледждің Халықаралық қауымдастыққа (альянсқа) кіруі және Қазақстан-Қытай арасындағы бірлескен жобаларды бастауы болды.Колледж заманауи нарық сұранысына сай келесі салаларда мамандар даярлауды жоспарлап отыр: IT және Жасанды интеллект: Цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА):Дрондарды басқару және қызмет көрсету. Телекоммуникация: Байланыс жүйелерін жаңғырту. Жеңіл өнеркәсіп: Автоматтандырылған тігін жабдықтарына қызмет көрсететін мамандар даярлау.Кездесуге тек білім беру саласының өкілдері емес, сонымен қатар ірі жұмыс берушілер — «Қазақтелеком» АҚ, «Мұнайтелеком», «Жамалай ЛТД», «Медиана ЛТД» және «Рахимбэби» компаниялары қатысты. Бұл колледж түлектерінің нақты өндірістік қажеттіліктерге сай даярлануына мүмкіндік береді.Тараптар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.Ақтау технологиялық сервис колледжі өңірдегі жаңа буын мамандарын даярлайтын халықаралық хабқа айналуды көздеп отыр. Бұл қадам Маңғыстау облысының кадрлық әлеуетін арттырып, технологиялық дербестігін нығайтуға жол ашады.

Author AvatarРоза Әділханқызы

15:38, 8 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
11:20, 4 сәуір 2026

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
09:55, 23 наурыз 2026

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды
Жаңалықты көру →
18:06, 9 сәуір 2026

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

«Халықтық бухгалтер»: Маңғыстауда кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетілуде
Жаңалықты көру →
17:12, 9 сәуір 2026

«Халықтық бухгалтер»: Маңғыстауда кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетілуде

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жаңаша жұмыс істемек
Жаңалықты көру →
16:59, 9 сәуір 2026

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жаңаша жұмыс істемек

Ақтаудағы мектеп-лицей ерекше қажеттілігі бар балаларды олимпиадаға қалай дайындайды?
Жаңалықты көру →
16:51, 9 сәуір 2026

Ақтаудағы мектеп-лицей ерекше қажеттілігі бар балаларды олимпиадаға қалай дайындайды?

Ақтауда 40-қа жуық шағынаудан техникалық сусыз қалды
Жаңалықты көру →
16:26, 9 сәуір 2026

Ақтауда 40-қа жуық шағынаудан техникалық сусыз қалды

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді
Жаңалықты көру →
16:25, 9 сәуір 2026

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты
Жаңалықты көру →
16:24, 9 сәуір 2026

Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді
Жаңалықты көру →
16:23, 9 сәуір 2026

Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
Жаңалықты көру →
16:22, 9 сәуір 2026

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Атамекен ауылындағы үйлердің қабырғасы жарылып, едені опырылған
Жаңалықты көру →
16:18, 9 сәуір 2026

Атамекен ауылындағы үйлердің қабырғасы жарылып, едені опырылған

Жаңаөзенде дәстүрлі тәттілер заманауи форматта дайындалады
Жаңалықты көру →
15:01, 9 сәуір 2026

Жаңаөзенде дәстүрлі тәттілер заманауи форматта дайындалады

Жаңаөзендік отбасы форель өсіріп, шаруашылықпен айналысады
Жаңалықты көру →
14:05, 9 сәуір 2026

Жаңаөзендік отбасы форель өсіріп, шаруашылықпен айналысады

Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды
Жаңалықты көру →
14:03, 9 сәуір 2026

Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды

Франция жастары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Жаңалықты көру →
13:45, 9 сәуір 2026

Франция жастары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстанда инвесторларды қорғау күшейтілуде
Жаңалықты көру →
11:44, 9 сәуір 2026

Қазақстанда инвесторларды қорғау күшейтілуде

Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзінен
Жаңалықты көру →
11:42, 9 сәуір 2026

Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзінен

Инвесторларды қорғау форумы Қазақстанның Бас прокуратурасында өтті
Жаңалықты көру →
11:38, 9 сәуір 2026

Инвесторларды қорғау форумы Қазақстанның Бас прокуратурасында өтті

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Advertisement
«Халықтық бухгалтер»: Маңғыстауда кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетілуде
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
17:12, 9 сәуір 2026

«Халықтық бухгалтер»: Маңғыстауда кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетілуде

«Халықтық бухгалтер» республикалық акциясы жалғасуда. Жоба 2026 жылдың 30 маусымына дейін созылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.Бұл акцияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсету мақсатында іске қосты. Негізгі міндет - кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің нормаларын қатесіз қолдануға, бухгалтерлік және салықтық есепті дұрыс жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеуге көмектесу.«Біз бақылаудан салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшіп жатырмыз. «Халықтық бухгалтер» - бұл бизнесін адал жүргізетін және айыппұл мен артық шығыннан аулақ болып, сауатты жұмыс істеуге тырысатындар үшін үлкен қолдау», - деп атап өтті департамент өкілдері.Консультацияны жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері мен жаңа салық заңнамасын қолдануда қиындық көріп жүрген барлық тұлғалар ала алады. Консультация Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына екі рет - сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі. Өткізілетін орын арнайы «Халықтық бухгалтер» маңдайшасымен белгіленген.Кеңесті кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар және Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары береді.«Халықтық бухгалтерден» не сұрауға болады:арнайы салық режимдерін қолдану тәртібі;бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу ережелері;салық есептілігін толтыру және тапсыру;электрондық жүйелермен жұмыс істеу (салық төлеушінің кабинеті және т.б.);айыппұлдарға әкеп соғатын типтік қателіктер және оларды болдырмау жолдары.Маңғыстау облысының көптеген кәсіпкерлері бұл мүмкіндікті белсенді пайдаланып, ыңғайлы форматта тегін білікті көмек алуда.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жаңаша жұмыс істемек
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
16:59, 9 сәуір 2026

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жаңаша жұмыс істемек

Жаңа ережелер ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды otpannews.kz.Құжатта республикалық деңгейден бастап, аудандық және ауылдық деңгейге дейінгі барлық сатыдағы комиссияларды жасақтау тәртібі нақты белгіленген.Комиссиялардың негізгі міндеттеріне балалардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, зорлық-зомбылықтың және қоғамға қарсы мінез-құлықтың алдын алу шаралары кіреді.

Атамекен ауылындағы үйлердің қабырғасы жарылып, едені опырылған
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
16:18, 9 сәуір 2026

Атамекен ауылындағы үйлердің қабырғасы жарылып, едені опырылған

Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы “Қызғалдақ” көшесінің тұрғындары үйіміз суға кетті деп дабыл қағады. 74 үй орналасқан қызғалдақ көшесінде тұратындан жаңбыр жауса қорқа бастайды. Жауын-шашын суынан зардап шеккен тұрғындар енді жер астындағы су үйімізді құлататын болды деп шағымданып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Атамекендегі “Қызғалдақ” көшесі тұрғындарының айтуынша, қар мен жаңбыр жауса болғаны көшені су басады. Жылдың төрт мезгілінде де судан жапа шегіп отырған тұрғындар үйлері құлауға айналғанын мәлімдеді. “Сумен арпалысып жүргенімізге 10 жылдай болды. Соңғы уақытта мәселе артып, жер астындағы су үйге дейін кіріп кетті. Бұл суды сорып шығару үшін “дренаж” қойды. Ол үздіксіз жұмыс істеп тұр, бірақ су кетер емес. Үйдің қабырғалары жарылып, құлауға айналды. Үй сыртынан қарасаң жарылған жерден үйдің іші көрініп тұр”,- дейді Атамекен ауылы, “Қызғалдақ” көшесінің тұрғыны Әлия. Тұрғындардың айтуынша, үйдегі жарылған қабырғалардан бөлек едендер де опырылған. Қарашадан бері үйін су басқан тұрғындар облыс әкімдігінен көмек сұрайды. “Мына су қарашадан бері тұр. Дренаж жұмыс істеп тұрса да мына жиналған су азайған жоқ. Су шығаратын лоток та, су сорғы (насос) да бар. Үйдегі суды тіпті шлангпен де шығарып жатырмыз. Мынандай үйде қалай өмір сүретінімізді білмейміз. Әкімдік жаңа канализация салуға бюджет бөлінгенін күтеміз дейді. Оған дейін үйіміз құлап қалады. Қазір тіпті үйді жөндеуден өткізу де мүмкін емес. Жер астындағы су кетпей үйдің бәрі құлайтыны белгілі”,- дейді Атамекен ауылы “Қызғалдақ” көшесінің тұрғыны Сайлау Бегенов. Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдік мәселені толық шешпегендіктен Президентке хат жазғандарын да айтты. Олар қазіргі үйлерін толық сүруге жіберіп, жері құрғақ үй беруін сұраған.

Жаңаөзенде дәстүрлі тәттілер заманауи форматта дайындалады
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
15:01, 9 сәуір 2026

Жаңаөзенде дәстүрлі тәттілер заманауи форматта дайындалады

AQ DÁM кәсіпорны 2020 жылы құрылған. Кәсіпкердің ұлттық тәттілер бағытын таңдауы кездейсоқ дүние емес. Төл өніміміз — түйе сүтінің қолжетімділігі және ұлттық өнімдерді дәріптеуге деген ұмтылыс басты себеп болған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.Кәсіпорын директоры Даниял Төлеуіш өндірістің негізгі мақсаты — қазақтың дәстүрлі өнімдерін сақтай отырып, оларды заманауи форматта қайта жаңғырту екенін атап өтті. Бүгінгі таңда компанияда 9 адам жұмыс істейді.«Біз бірнеше бағытта жұмыс істейміз: супермаркеттерге жеткізу, бөлшек сауда және корпоративтік тапсырыстарды орындау. Орташа есеппен айына бірнеше мың өнім шығарылады. Негізгі нарығымыз — Маңғыстау облысы, сонымен қатар сұраныс бойынша Қазақстанның басқа өңірлеріне де жеткізіп тұрамыз. Болашақта компания халықаралық нарыққа, соның ішінде ең алдымен Қытайға шығуды жоспарлап отыр»,- дейді кәсіпорын басшысы Даниял Саматұлы.Қазіргі таңда ассортиментте мынадай өнімдер бар: Жент және балқаймақ; Түйе құрты, құрт және ірімшік; Қатқан шекер, тары, талқан; «Рафаэлло» ірімшігі; Бал мен жаңғақтар.Алдағы уақытта ұлттық десерттердің жаңа заманауи түрлерін, ыңғайлы форматтарды (ready-to-eat, жеңіл тағамдар), сыйлыққа арналған жиынтықтарды көбейту және дәстүрлі рецептілер мен заманауи технологияларды ұштастыратын «ноу-хау» элементтерін енгізу жоспарлануда.Өндіріске қажетті шикізат жергілікті фермерлерден және жеке түйе шаруашылығынан алынады. Алдағы уақытта кәсіпорын өңірдегі бренд позициясын нығайтып, өндіріс көлемін ұлғайтуды, заманауи бағыттағы мықты ұлттық бренд қалыптастырып, республикалық және экспорттық деңгейге шығуды көздеп отыр.

Жаңаөзендік отбасы форель өсіріп, шаруашылықпен айналысады
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:05, 9 сәуір 2026

Жаңаөзендік отбасы форель өсіріп, шаруашылықпен айналысады

Мұнайшылар қаласы үшін таңсық бизнесті жаңаөзендік отбасы дамытып отыр. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап мұнда жеке қосалқы шаруашылықта форель өсіре бастады, деп хабарлайды otpannews.kz.Жаңаөзен тұрғыны Лаура Қостұрлыева осыдан бірнеше жыл бұрын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан бастапқы бизнесті іске қосуға және жүзеге асыруға 1,2 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алған. Ал өткен жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасының финалистеріне арналған грант иеленді.Лаураның жолдасы көптен бері балық аулаумен айналысады, ал ұлы Алматыдағы «Балық мектепте» білім алған.«Онда ол форель өсірудің барлық қыр-сырын үйренді. Әзірге бізде балықтың бір ғана түрі бар. Бірақ біз жер телімін алдық, сондықтан өндірісті кеңейтіп, балықтың түр-түрін өсіруді жоспарлап отырмыз»,- дейді кәсіпкер.Қазіргі уақытта қосалқы шаруашылықта өнімнің аз көлемде — шамамен 1,5 тонна өндіріледі. Форельді Жаңаөзендегі өз дүкендерінде сатады. Дегенмен, өндіріс кеңейген кезде жаңа өткізу нарықтары пайда болады деп сенім білдірді кәсіпкер.

Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:03, 9 сәуір 2026

Маңғыстаулық ақын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстан Жазушылар Одағының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, ақын Анар Шамшадинова халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.Марапатты Алматыда өткен «Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі» тақырыбындағы жиында Қазақстан жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов табыстады. Бұл марапат ақынға «Сен келерсің бір күні…» жыр жинағы үшін берілген.-«Сен келерсің бір күні…» жыр жинағы - менің алтыншы кітабым. Бұл жинақ 2024 жылы жарық көрген. Кітапқа таңдаулы туындылар жинақталған. Еңбекті бағалаған Қазақстан жазушылар одағына алғысымды білдіремін, - деді Анар Шамшадинова.

Франция жастары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
13:45, 9 сәуір 2026

Франция жастары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды экологиялық іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. Білім басқармасының хабарлауыша, Франциядан келген студенттер «Ғаламдық жасыл қолдар достығы» экоакциясына қатысты.Erasmus бағдарламасы арқылы Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне келген Raspail мектебінің студенттері «Таза Қазақстан» жобасының маңызымен танысты. Іс-шара барысында колледж ауласындағы студенттік аллеяға 15 түп көшет егілді.Шараға “AMANAT” партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Марат Абзал және студенттік парламент мүшелері де қатысты.- Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі, - дейдң ұйымдастырушылар.

Бір донор – жеті өмір: Маңғыстауда ағза донорлығын дамыту мәселесі көтерілді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
10:04, 9 сәуір 2026

Бір донор – жеті өмір: Маңғыстауда ағза донорлығын дамыту мәселесі көтерілді

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, Маңғыстау облысында 200-ден астам адам ағза трансплантациясына мұқтаж. Олардың басым бөлігі – өмірін гемодиализ аппаратына байлап отырған жандар. Өңірдегі медицина саласының мамандары мен республикалық сарапшылар бас қосып, адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – мәйіттік донорлықты дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен жиында Республикалық трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының директоры Айдар Ситказинов өңірдегі ахуалды баяндады. Оның айтуынша, облыс бойынша ағза ауыстыру кезегінде тұрған 200-ден астам науқастың 90%-ға жуығы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысында.«Бұл науқастар өмірін ұзарту үшін аптасына 3–4 рет гемодиализ процедурасын қабылдауға мәжбүр. Мұндай жиындар еліміздің бірқатар өңірінде өткізілді және республика көлемінде жалғасын табады»,- деді Айдар Ситказинов. Бүгінде Қазақстанда трансплантацияның басым бөлігі тек туыстық (тірі) донорлар арқылы жүзеге асады. Алайда, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мәйіттік донорлықты жолға қоймай, күту парағындағы өлім-жітімді азайту мүмкін емес.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, бір ғана мәйіттік донор жеті адамның өмірін құтқара алады. Бірақ бұл бағытта кедергілер аз емес.«Егер осы бағытты жүйелі түрде дамытсақ, күту кезегі азайып, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туар еді. Сондықтан халық арасында да, медицина қызметкерлері арасында да түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет»,– деп атап өтті Бекболат Ізбасаров. Жиын барысында ағзалық донорлыққа қатысты келісім беру мәдениеті де сөз болды. Қолданыстағы заңнама бойынша, әрбір азамат көзі тірісінде донор болуға келісім бере алады немесе одан бас тарта алады. Өкінішке қарай, қазіргі статистика көңіл көншітпейді: ресми түрде донорлыққа қарсылық білдірушілердің үлесі келісім берушілерден әлдеқайда көп.Маңғыстаулық дәрігерлердің айтуынша, донорлық мәселесі тек медициналық емес, ең алдымен гуманитарлық мәселе. Қоғамда ағза донорлығына деген оң көзқарас қалыптаспайынша, жүздеген науқастың «жаңа өмірге» деген үміті бұлыңғыр болып қалмақ.

Қосбұлақта 1,4 км жол құрылысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
17:54, 8 сәуір 2026

Қосбұлақта 1,4 км жол құрылысы жүргізіліп жатыр

Шетпе ауылының Қосбұлақ-2 шағынауданында ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы жүріп жатыр. Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын жол құрылысы ауыл инфрақұрылымын дамытады. Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов жұмыс басында болып, инфрақұрылымдық жобаның іске асу барысын тексерді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Қазіргі уақытта «СК А-Строй монтаж» ЖШС мердігер мекемесі ұзындығы 1,4 шақырым болатын жолдың негізгі қабатын толық аяқтап, асфальт жабындысын төсеуге кірісті. Жобаның жалпы құны 486,4 млн теңгені құрайды.Мұнда тек көлік жолы емес, тұрғындардың жайлылығы үшін 2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Жаңа жолдар шағын аудан ішіндегі қозғалысты реттеп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттырмақ.Ауыл инфрақұрылымын кешенді түрде жақсарту мақсатында Қосбұлақ-2 шағын ауданындағы жалпы ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын екінші кезеңнің жобасы да дайын. Бұл ауқымды жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып, алдағы уақытта жүзеге асырылмақ. Оның жалпы құны 6,1 млрд теңгеге бағаланған.Нысан басында болған аудан басшысы жол сапасының маңыздылығына тоқталды. Ғалымжан Ниязов жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі бекітілген стандарттарға сай орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақшұқыр ауылының кіреберісін қоқыс басқан
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
17:21, 8 сәуір 2026

Ақшұқыр ауылының кіреберісін қоқыс басқан

Ақшұқыр ауылының кіреберісінде тұрмыстық қатты қалдық пен құрылыстан шыққан қоқыс үйіліп қалған. Ауылға қоқысты үйіп тастайтын тұрғындардың бұл әрекеті бақыланып, құқықтық жауапкершілікке тартылса да бассыздық азаймай отыр. Ашық далада баланың жөргегінен бастап ескі киім-кешек, мал өлекселері мен шіріген тамақ қалдықтары да бар, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Ауыл әкімдігінің өкілдері баяндағандай, бұл аумақты қоқыстан тазарту бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Тұрғындардың өтінішімен ауыл арасына контейнерлер қойылса да далаға қоқыс тастау азаймады. Кейін Ақшұқыр жұрты конейнерлерді алып тастауды сұрапты. “Ауылдан қатты қалдықтарды шығарумен жақында ғана құрылған “Түпқараған тазалық” мекемесі айналысады. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша бір жыл бұрын қоқыс контейнерлерін алып тастадық. Сондықтан қазіргі таңда қоқыс шығару кестесі жасалды. Тұрғындар көшеге қоқыстарын шығарып, бір жерге жинайды. Ал техника бәрін тиеп, Баяндыдағы қоқыс полигонына апарады”,- дейді Ақшұқыр ауылы әкімінің орынбасары Шыңғыс Есенқосов. Ауылда 29 көше бар. Аптаның 6 күнінде осы көшелердегі қоқыс кезек-кезек шығарылады. Шыңғыс Есенқосовтың айтуынша, ауылда сенбілік маусымы басталды. Алдағы аптадағы жоспар бойынша осындай қоқыс үйінділері жиналған аумақтар тазартылады. “Тұрғындарға қоқысты далаға тастамау туралы үнемі ескертіп жүрміз. Сонда да бұндай әрекеттер тоқтамай тұр. Тіпті ауыл ішінде бақылауға алынып, айыппұл арқалағандар да бар. Бірақ адамдар тұрмыстық қалдықтарын ашық далаға тастап жүр”,- дейді ол. Жыл басынан бері қоқысты осындай ашық алаңға тастаған 335 тұрғын ӘҚБтК 505-бабы бойынша айыппұл арқалаған. Ауыл тұрғындары бұл қоқыстар жазды күні саситынын айтады. Ауылдастарының мұндай жағымсыз әрекеттерінен зардап шеккен Ақшұқыр жұрты тазалыққа шақырады. “Күндіз ұсталып қаламыз деп қорыққандар түн жамылып осы жаққа қоқыс тастайды. Арам өлген малдың өлекселері, үй қалдықтары, жөндеу жұмыстарынан шыққан материалдар мен қоқыстан көз ашпай келе жатырмыз. Адамдар неліктен бұлай жасайтынын түсінбей-ақ қойдым”,- дейді Ақшұқыр тұрғыны Бердібек Бүркіталиев.

Қазақстанда 377 шақырым жылу желісі жаңартылады
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
16:38, 8 сәуір 2026

Қазақстанда 377 шақырым жылу желісі жаңартылады

Қазақстанда жылыту маусымы аяқталып, ауқымды жөндеу жұмыстарының кезеңі басталды. Энергетиктер тозған коммуникацияларды жаңартуға кірісті. ҚР Энергетика министрлігінің басты бағыты - жылу желілерін ауқымды реконструкциялау арқылы олардың тозу деңгейін төмендетіп, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, деп хабарлайды otpannews.kz.Бүгінгі таңда республика бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13,4 мың шақырымды құрайды. Өткен жылы 323 шақырым жылу желісіне реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл көрсеткіш тозудың орташа деңгейін 52%-дан 50%-ға дейін төмендетуге және халықты жылумен қамтамасыз ету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.Биыл 377 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланған. Жылу желілері қатты тозған Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары басты назарда. Энергетикалық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылға 130 шақырым жылу желісін реконструкциялау белгіленген. Бұл кешенді жұмыстар желілердің тозу деңгейін 48%-ға дейін азайтуға септігін тигізеді.Жалпы алғанда, 2029 жылға дейін ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 1,6 мың шақырым жылу желісін жаңарту көзделген. Бұл стратегиялық қадам жылу жүйесінің тозуын 42%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сайөтесте қымыз өндірісі дамып келеді
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
15:57, 8 сәуір 2026

Сайөтесте қымыз өндірісі дамып келеді

Елімізде отандық өнімге сұраныс жыл сайын артып келеді. Экономиканың тұрақтылығына үлес қосатын отандық өнімді өндірушілерге мемлекет тарапынан да қолдау бар. Өңірдегі мыңдаған кәсіптің ішінде Сайөтес ауылында қымыз дайындап шығаратын Мырзатай Қойшыбаевтың отбасылық кәсібі табысты жұмыс істеп тұр. Кәсіп иесі otpannews.kz сайтының тілшісіне қымыз өндірісі туралы аз-кем ақпарат берді. Балалық шағы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған Мырзатай Қойшыбаев бұл сала таңсық емес дейді.- Бала күнімде Қызан, Ақшымырау жақта тұрдық. Анам асыл тұқымды жылқы, түйе фермасын басқарды. Сол ортада түйе, жылқы сауды. Біз де осы мал шаруашылығын біліп, көріп өстік, - дейді Мырзатай Қойшыбаев.Еңбекке ерте араласқан жас бригада да қой бағып, мал шаруашылығын жанына серік етті. Алматыдағы ауылшаруашылығы институтында оқып, агрономия факультетін тәмамдаған ол туған жеріне оралып, түрлі қызмет атқарды. Мектепте жұмыс істеп, ауылдық кеңесте хатшы болды. 2010-2012 жылдары Сайөтес ауылының әкімі қызметін де атқарды. Дегенмен мал шаруашылығы саласынан ажырамаған Мырзатай Қойшыбаев жылқы малын баптап, қымыз өндірумен айналысуға денсаулығы әсер еткенін айтады.- Берігерек келген соң сырқаттанып қалдым. Сол кезде жылқының саумалын ішіп, шипасын көрдім. Содан бастап осы өнімге деген қызығушылық пайда болды. 2015 жылдан бері қымыз өндірумен айналысамыз, - дейді кәсіпкер. Бүгінде тұрақты дамып келе жатқан отбасылық бизнесте 5-6 адам жұмыс істейді. Айына 4-5 мың литр қымыз өндіріледі. - Қымызды өндіру үшін арнайы жылқы баптаймыз. Сауын биелеріміз бар. Табиғи өнім болғандықтан су қоспай дайындалады. Өңірдің орталығы Ақтауда дүкеніміз бар. Дайын өнімді жан-жаққа жібереміз. Маңғыстаудан бөлек Атырауға да жеткіземіз, - дейді ол.Бұл кәсіпке мемлекеттік қолдаудың да тигізген пайдасы зор. Кәсіпкердің айтуынша, үкімет тарапынан берілген субсидиялар өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.- Жем-шөпке субсидия аламыз. Соның арқасында қымызды халыққа қолжетімді бағада ұсынып отырмыз. Қазір бір литрі 700-800 теңге шамасында, - деді Мырзатай Қойшыбаев. Сондай-ақ, кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында қымызды құюға арналған арнайы құты шығаратын аппарат сатып алған. - Қымыздың дәмі мен сапасы тек сүтке емес, оны дайындау тәсіліне де байланысты. Сондықтан дәстүрлі әдістерді сақтауға тырысамыз. Күбілер арыш ағашынан жасалып, арнайы шөптермен ысталады. Жалпы мал бағу, одан дайын өнім шығару үлкен еңбекті талап ететін машақаты көп жұмыс. Осы орайда мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар екенін айта аламын. Біз қолдаудың арқасында баклажка жасап шығаратын арнайы аппарат алдық. Қазір барлық қажетті құралды өзімізден жасап шығаруға мән беріп отырмыз, - дейді Сайөтес ауылының кәсіпкері. Алдағы уақытта Мырзатай Қойшыбаев кәсібін кеңейткісі келеді. - Ауылшаруашылғы саласының өркендегенін қалаймыз. Өнімдерге де сұраныстың бар екені көріп отырмыз. Алдағы уақытта сиырдың сүтінен ірімшік, сарымай сияқты өнімдерді көп көлемде өндіруді қолға алғымыз келеді, - деді ол.Өңірдің кәсіпкерлік басқармасы да әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер үшін және «Бір ауыл – бір өнім» финалистеріне арналған бағдарлама аясында облыс әкімдігі тарапынан грант пен қолдау жеткілікті дейді.

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп otpannews.kz сайтының тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иеленген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, турнирдің төртінші күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) қана қола жүлде үшін сынға түседі. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.Сонымен бірге, бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Грек-рим күресінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын жүлдені иеленді. Бұл медальды ұлттық құрама қоржынына 72 келіде сынға түскен Алматбек Аманбек салды. Белдесуден кейін спортшы otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, чемпионаттағы әсерімен бөліскен еді.- Биылғы Азия чемпионатында өз дегенімізге жеттік. Елден тек алтын үшін келдік. Сол үшін осы жолда аянбай еңбек еттік. Бізге жанкүйер болған барша ағайынға алғысым шексіз. Оның ішінде маған барынша сенген ағаларыма, жақын достарыма ерекше алғысымды айтамын. Олар мені соңына дейін қолдаумен болды.- Финалда қарсыласыңның партердегі қателігін тиімді пайдаландыңыз. Жалпы, белдесу алдындағы жоспарыңыз қандай еді?- Бұл кездесуге менің тактикам басқаша болды. Алдымен қарсыласты тоқтатып отыруға тиіс болдым. Оның әлсіз жерін білгендіктен, сол бойынша жұмыс істеуім керек еді. Дегенмен, бүгінгі белдесуде қателескен тұсын сәтті пайдалана алдым.- Жартылай финалдан кейін «алтын аламын» деп сенімді түрде айттыңыз. Иран балуанының әлеуетін қалай бағалайсыз?- Бұған дейін Албанияда өткен рейтингтік турнирде Иран балуанымен белдесуде басым түсіп жатып, екінші кезеңде қателікпен есе жіберіп едім. Ол жолы 77 келіде күрестік. Ұпай беріп қойғаннан кейін белдесу соңына дейін есеп айырмасын қысқарта алмадым. Сол жеңілістің қарымтасын бүгін қайтаруға толық мүмкіндік туды.- Дегенмен, кешегі жартылай финалдағы белдесу қиын болған секілді...- Жартылай финалда жолыққан қырғыз балуаны да, финалда сынға түскен Иран спортшысы да физикалық тұрғыда өте мықты. Біреуін әлсіз, біреуін ыңғайсыз қарсылас деп айта алмаймын. Белдесуде өзіңнің күресіңді жүргізуге тырысасың. Кеше 100 пайыз барымды салсам, бүгін оны екі есе жүктемемен міндетімді орындап шықтым.- Күзде әлем чемпионаты өтеді. Дайындық жұмыстары қалай жалғасады?- Алда елімізде әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді. Бірақ Азия біріншілігінің алдында аға бапкеріміз «олимпиадалық емес салмақта чемпион болған балуандар бірден әлем чемпионатына баратын құрамаға кіреді» деді. Енді соған барымызды салып дайындаламыз. Қателіктермен жұмыс істеуім керек. Қазіргі сәтте маған жақсылап тынығу қажет болып тұр.- Финалға жолдама алғаннан кейін тура бір күн уақыт өтті. Осы аралықта өзіңді қалай сезіндің?- Жақсы сезіндім деп айта аламын. Бапкерлерім үнемі қасыма келіп, жағдайымды сұрап, ойымды бөлумен болды. Күресті ойламасын деп психологиялық тұрғыда дайындады.

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:22, 8 сәуір 2026

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:14, 8 сәуір 2026

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық бірішілігінің алтынына қол жеткізді. Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:23, 8 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны біріншілікті сәтті бастады, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. Әйелдер күресінен өткен іріктеу бәсекесінде ұлттық құрамадан 5 балуан бозкілемге шықты. Оның ішінде тек Марал Тәңірбергенова (50) пен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалға өтті. Шұғыла ширек финалдық белдесуде Қытай Тайпейінің балуанын 9:2 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалдық кезеңде Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен шеберлік байқасады. Ең жоғары салмақтағы Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалмен тартысты белдесуде соңғы секундтарда ұпай алып, жеңіске жетті. Қазақ балуаны жартылай финалда Моңғолия спортшысы Даваанасан Энх Амармен кездеседі. Дегенмен, бүгін белдесуге шыққан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Виктория Кусаинова (59 кг) алғашқы айналымда үнді балуандарына қарсы тегеурінді қауқар таныта алмады. Ал Елена Шалыгина (68 кг) Жапония өкілінен 10:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, бүгін грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 4 салмақта жүлде үшін бозкілемге шығады. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:58, 7 сәуір 2026

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Алматбек Аманбек финалға шықты. Ұлттық құрама мүшесі 72 келіде қырғызстандық Амантұр Исмаиловты 3:1 есебімен жеңіп, шешуші сәтте үмітті толық ақтады.Ол классикалық күрестен ҚР ұлттық құрамасынан финалға шыққан жалғыз балуан атанып отыр. Жауапты белдесуден кейін спортшымен otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкекте сұхбаттасқан еді.- Жартылай финалдағы белдесуім өте тартысты өтті. Бапкерлерім айтқан тактикалық амалды толық жүзеге асыра алдым деп есептеймін. Қарсыласым қырғыздың даңқты балуанымен күресім ойдағыдай өтті. Ертең финалдық белдесуде тактикамен жеңісті жұлып аламын деген ойдамын. Бұйырса, елге алтын медальмен ораламын.- Кешегі белдесулерде құрама балуандары жаппай жеңіліп жатты. Жартылай финалда табандылық танытуыңа сол жағдай қаншалықты әсер етті?- Жарыста бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Олар үшін ештеңе айта алмаймын. Кішігімде қателіктер болғаны рас. Жалпы, Азия чемпионатына барлығымыз тыңғылықты дайындықпен келдік. Қазақстан ұлттық құрамасы жүлде үшін өте дайын болды.- Амантұр Исмаиловтың әлеуетін қалай бағалайсың?- Өте жоғары бағалаймын. Физикалық және тактикалық тұрғыда да мықты балуан. Аллаға шүкір, бүгін жеңіс менің еншіме бұйырды.- Қырғыз жанкүйерлерінің қарсыласыңды қиқулап қолдауы сізге кедергі келтірмеді ме?- Оның барлығын өзіме қабылдадым. Эмоцияға бой алдырмай, салқынқандылық таныттым. Елімізде жарыстарда қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүрмін. Қырғыз жанкүйерлері өте мықты. Күрес десе делебесі қозып, ішер асын жерге қояды. Бүгін де жұмысын тастап аренаға жиналып отыр. Бұл жағынан қазақтар да қалыспайды. Азия чемпионатына елден арнайы келген көрермендер бар.Айта кететін жайт, Азия чемпионатында грек-рим күресінің алтауы жүлде үшін күресуге мүмкіндік алса, оның бесеуі қола жүлде үшін сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:25, 7 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов үшінші орын үшін белдесуде жеңіске жетті, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан балуаны Довлетмурат Байрамовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесудің алғашқы кезеңінде партердегі мүмкіндігін тиімді пайдаланған отандасымыз таблодағы есепті 9:0-ге жеткізді.Осылайша Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаттарында алтыншы рет жүлде иеленді. Отандық балуан бұған дейін құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген еді.Сондай-ақ, 77 келіде Қазақстан балуаны Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовке есе жіберді (1:10).Ертең турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан балуандары арасынан Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Азия чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады. Сонымен қатар, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлде үшін күреседі.Сондай-ақ, әйелдер күресі бойынша белдесулер басталады.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:56, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында қырғыз балуанына есе жіберген Нұрсұлтан Тұрсынов жеңілісінің себебін атады. Грек-рим күресінен 87 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі қарсыласының өз жанкүйерлері алдында лас күрескенін алға тартты, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.«Жартылай финалдық белдесуде қарсыласым баспен ұрып, аяқтан шалып, лас күресті көрсетті. Сондай-ақ партерде есем кетіп, ол тиісті ұпайын иеленіп кетті. Енді ертең қола жүлде үшін күресемін», - деді ҚР ұлттық құрамасының балуаны.Сонымен бірге Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шыққан Асан Жанышевпен алғаш рет бозкілемде кездескенін айтты.«Қырғыз балуанымен алғаш рет күрестім. Белдесуде сылбыр болдым деп айта алмаймын. Екеуміз де партерге түсіруге тырыстық, бірақ ойымыз іске аспады. Жанкүйерлердің қырғыз балуанын қатты қолдауы мені еш қобалжытқан жоқ. Жалпы, бәрі ойдағыдай болып жатқан еді. Алайда баспен екі-үш рет ұрғаннан кейін қайта ұмтылғаныммен нәтиже болмады. Сол себепті жеңіс бізге бұйырмады», - деді Нұрсұлтан Тұрсынов.Биылғы Азия чемпионатында 87 келі салмақ дәрежесінде барлығы 11 балуан қатысты. Қазақстан құрамасының мүшесі іріктеу кезеңін ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Сынхван Лиді 7:1 есебімен жеңген болатын.Айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес балуан өнер көрсетті. Алайда олардың тек екеуі ғана жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл ретте Нұрсұлтан Тұрсынов түркіменстандық Давлетмурад Байрамовпен қола жүлде үшін белдеседі, ал 77 келіде Қаһарман Қисметов үшінші орын үшін өзбекстандық Дониёрхон Накибовпен шеберлігін сынайды.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:44, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының төрт балуаны жартылай финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.Олардың қатарында Ербол Камалиев (60 кг), Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) сынды ұлттық құрама мүшелері бар. Өкінішке қарай, 67 келіде күрескен Бағдат Сабаз алғашқы белдесуінде (1/8 финал) оңтүстіккореялық Чон Ханжеге 4:7 есебімен жол берді.60 келіде Ербол Камалиев Қытай Тайбэйінен келген Су Йонг Суді мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Енді ол финал жолдамасы үшін солтүстіккореялық спортшымен күреседі.Ал Алматбек Аманбек (72 кг) қытай балуаны Ли Дунъюйді 3:1 есебімен жеңді. Отандасымыз енді жартылай финалда қырғызстандық танымал балуан Амантұр Исмаиловпен күреседі.82 келіде Ибрагим Магомадов әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, өзбекстандық Арам Варданяннан 3:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалға шыққан Магомадовтың келесі қарсыласы – Катар балуаны Шахин Бадагимофрад.97 келіде Ислам Евлоев жапониялық Юри Наказатоны мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Белдесу барысында қазақстандық балуан бір минут ішінде екі төрт ұпайлық әдісті орындап, келесі кезеңге кедергісіз өтті. Енді Евлоев финалға жолда парсы балуаны Мохаммадхади Саравимен кездеседі.Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Қаһарман Қисметов (77 кг) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

YouTube бейнелер
Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?
YouTube
Бейнені көру →
15:21, 3 сәуір 2026

Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?

Жаңа салынған үйлерден пәтер алар кезде құрылыс мекемесінің қандай рұқсат құжаттары болуы қажет? Арзан бағаға бола фундаменті құйылған үйге ақша салмас бұрын қандай құжаттарды тексеру керек және кім үлескер бола алады? Осы сұрақтарға Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қала құрылысын бақылауы бөлімі басшысы Аманқосұлы Қуандық жауап берді.

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді
YouTube
Бейнені көру →
11:56, 26 наурыз 2026

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!