Otpan News
Ақтауда 25 метрлік бассейннің құрылысы аяқталуға жақын
Otpan News
12:02, 11 қараша 2026

Ақтауда 25 метрлік бассейннің құрылысы аяқталуға жақын

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 11 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында салынып жатқан 25 метрлік бассейннің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Негізгі құрылымдар толық тұрғызылып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары мен инженерлік желілерді қосу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны биыл жыл соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланған.Жаңа спорт нысаны тәулігіне 200 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Кешенде келушілерге арналған екі бассейн қарастырылған. Оның бірі - ұзындығы 25 метрлік спорттық бассейн болса, екіншісі балалардың қауіпсіздігі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталатын арнайы бассейн.Сонымен қатар нысанда ерлер мен әйелдерге арналған жеке душ, киім ауыстыру бөлмелері мен санитарлық тораптар қарастырылған. Кешен құрамында ерлер мен әйелдерге арналған бөлек монша бөлімдері де болады.Нысанның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында автономды жылыту қазандығы орнатылады. Бұл жүйе ғимаратты тұрақты жылумен және ыстық сумен қамтуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына, нысанның белгіленген мерзімде аяқталуына және инженерлік жүйелердің талапқа сай жабдықталуына назар аударды. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға қалған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде тапсырмалар берді.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!