Otpan News
Ақтаулық оқушы Каспийді қорғауға мультфильм арқылы үн қосты
Ақмарал Берекет
11:30, 24 қараша 2026

Ақтаулық оқушы Каспийді қорғауға мультфильм арқылы үн қосты

OTPANNEWS.KZ. – Ақтау қаласының 10 жастағы тұрғыны Карина Шарипова Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерттеп, осы тақырыпта мультфильм дайындады. Жас зерттеуші туған өлкесінің табиғатына алаңдап, теңіздің қазіргі жағдайына қоғам назарын аударуды мақсат еткен. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.Каринаның «Каспий теңізінің экологиялық мәселелері» тақырыбындағы зерттеу жұмысына табиғат пен жануарларға деген сүйіспеншілігі арқау болған. Ол теңіз жағасында серуендеген кезде су деңгейінің төмендеп, жағалау сызығының өзгеріп жатқанын байқаған. Сонымен қатар аққулар мен Каспий итбалықтарының қырылуы туралы ақпараттар да оның осы тақырыпқа қызығушылығын арттырған.Зерттеу барысында оқушы теңіздің тартылу себептерін, экологиялық қауіптерді және олардың жануарлар дүниесіне әсерін зерделеген. Ал өз тұжырымдарын мультфильм арқылы көрерменге түсінікті тілде жеткізіп, Каспийді қорғаудың маңызын көрсетуді көздеген.– Қызым бала кезінен табиғат пен жануарларға ерекше қызығушылық танытады. Каспий теңізінің жағдайына алаңдап, осы тақырыпты зерттеуге өзі ниет білдірді. Біз оның бастамасын қолдап, ізденісіне көмектестік, – деді анасы Алина Шарипова.Жас зерттеушінің басты мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық мәселелеріне қоғам назарын аударып, туған өлкесінің табиғатын қорғауға үлес қосу. Ол болашақ ұрпақтың да Каспийдің әсем табиғатын тамашалап, байлығын көре алғанын қалайды.

Жаңаөзенде мұнай саласының қызметкерлерімен кездесу өтті
Otpan News
11:24, 24 қараша 2026

Жаңаөзенде мұнай саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін «Әділет» партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаөзен қаласындағы №5 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа әлеуметтік нысандардың салынуы, Кендірлі әуежайының құрылысы, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру және жұмыссыздық мәселелері сөз болды.– Жаңаөзен қаласының тұрақты дамуы үшін мұнай-газ өнеркәсібімен қатар экономиканың өзге де салаларын дамыту маңызды. Кендірлі әуежайы, жол инфрақұрылымын жаңғырту және туристік әлеуетті дамыту бағытындағы жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар халық санының өсуіне байланысты жаңа әлеуметтік нысандар салу, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелеріне жүйелі түрде көңіл бөлу қажет, - деді кандидат Орынбасар Сейдов.Кездесуде аталған мәселелерді шешуге бағытталған партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар мен бастамалар да талқыланды.Жиын соңында кандидаттар еңбек ұжымымен пікір алмасып, қызметкерлердің сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төлендіДайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды

Спорт

Женевада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч басталды – Қазақстан ұйымдастырушылар қатарында
Otpan News
09:29, 24 қараша 2026

Женевада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч басталды – Қазақстан ұйымдастырушылар қатарында

22 қараша күні БҰҰ-ның Еуропадағы штаб-пәтері Женевадағы Ұлттар сарайында 2026 жылғы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың ресми ашылу салтанаты өтті. Швейцария 2004 жылдан бері алғаш рет әлемдік шахмат тәжі үшін матчты қабылдап отыр. Сондай-ақ, бұл биыл қыркүйек айында FIDE президенті болып сайланған Тимур Турловтың басшылығымен өтетін алғашқы чемпиондық матч. Тақта басында қазіргі әлем чемпионы, Үндістан өкілі Гукеш Доммараджу мен өзбекстандық үміткер Жавохир Синдаров кездеседі.Шараны Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі бірлесе ұйымдастырды. 2011–2013 жылдары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметтерін атқарған болатын. Матчқа арналған баспасөз мәслихатының 2013 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылған Ұлттар сарайының Қазақстан залында өтуінің символдық мәні зор.«2026 жылғы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың өтуіне орай сіздерді Ұлттар сарайында қарсы алу мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстан үшін шахмат жай ғана спорт түрінен әлдеқайда биік. Шахмат пен дипломатияның арасында табиғи байланыс бар. Екеуі де стратегиялық ойлауды, сабырлылықты, көрегендік пен ережелерге құрметпен қарауды талап етеді. Ең бастысы екеуі де әртүрлі көзқарастарды түсінудің және бір-біріне сыйластықпен қараудың маңыздылығын еске салады. FIDE-нің Gens Una Sumus «Біз – бір отбасымыз» деген ұраны Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде ерекше мәнге ие болып отыр. Шахмат бәсекелестік пен өзара құрметтің қатар жүре алатынын көрсете отырып, түрлі елдердің, мәдениеттер мен буындардың адамдарын біріктіреді», – деді ҚР-дың Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан.Сонымен қатар Ержан Қазыхан Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, бұл оқиғаның Қазақстанның халықаралық беделі үшін маңызын атап өтті.Өз сөзінде FIDE президенті чемпионаттың Женевада өтуі федерацияның мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын көрсететінін жеткізді. Ал кейінірек Тимур Турлов әлеуметтік желідегі парақшаларында осы матчтағы Қазақстанның шешуші рөліне ерекше тоқталды.«Біздің еліміз іс жүзінде жылдың басты шахмат оқиғасын ұйымдастырушылардың біріне айналды. Ресми баспасөз мәслихаты 2013 жылы сол кезде БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесін басқарған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан Женевадағы Ұлттар сарайының Қазақстан залында өтті. Мемлекет басшысының тікелей қатысуы мен қолдауының арқасында біз осы матчты дәл Женевада ұйымдастырып, оның негізгі іс-шаралары үшін қаланың ең айтулы орындарын таңдай алдық. Бұл жобаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және жеке өзі Ержан Қазыхан зор үлес қосты. Оған және барлық дипломатиялық командаға көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деп жазды FIDE президенті Тимур Турлов әлеуметтік желідегі парақшасында.FIDE басшысы баспасөз мәслихатында онлайн-шахматты дамыту, оқыту ісіне жасанды интеллектіні енгізу және көрсетілімдерді жетілдіру ойынды одан әрі түрлендіріп, оған деген қызығушылықты арттыра түсетінін атап өтті.«Үкіметтермен және әлемнің ірі технологиялық корпорацияларымен ынтымақтастықты нығайту FIDE дамуының негізгі бағыттарының біріне айналуға тиіс деп сенемін. Цифрлық платформалар адамдарға тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектесе отырып, шахматтың дамуында шешуші рөл атқарды. Цифрландыру алдағы уақытта да әртүрлі елдердегі адамдардың мүмкіндіктерін теңестіруге ықпал етеді деп үміттенемін. Жасанды интеллект шахмат индустриясы үшін тек ойыншыларды даярлауда ғана емес, кең ауқымда зор мүмкіндіктер ашуға қауқарлы. Ол шахмат көрсетілімдерін айтарлықтай жақсартып, жаңадан бастаушылар мен әуесқойлар үшін әлдеқайда қызықты әрі түсінікті ете алады», – деп мәлімдеді Тимур Турлов.Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаровтың жасы 20-да. Бұған дейін классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчта мұндай жас қарсыластар ешқашан кездеспеген.«Матчқа бұрынғыдан әлдеқайда тәжірибелі болып келгенімді сезінемін. Бірақ, білесіз бе, бірінші партия үшін үстел басына отырған сәтте осы уақытқа дейін болғанның бәрі ұмытылады деп ойлаймын. Бұл – мүлде басқа матч, мүлде басқа қарсылас, басқа орын. Мен өзге дүниелер туралы көп ойламаймын, тек осы он төрт партияда барымды салуға тырысамын. Жавохир Синдаров қазіргі таңда бабына енген ең мықты ойыншылардың бірі екені сөзсіз. Бұл нағыз сынақ болмақ», – деді Гукеш Доммараджу.«Бұл тәж үшін бақ сынайтыныма өте қуаныштымын. Матчтан шынайы қуаныш алуға тырысамын, бәсекенің өте ауыр болатынын білемін. Бұл менің алғашқы тәжірибем, дегенмен қандай жағдай болмасын, бақыттымын. Кейбір шахматшылар өмір бойы ойнаса да, тәж үшін таласу мүмкіндігіне ие бола алмайды. Сондықтан бүгін осындай мүмкіндік бұйырғанына қуаныштымын», – деп атап өтті Жавохир Синдаров.Матч классикалық уақыт бақылауымен 14 партиядан тұрады. Алғашқы ойын 24 қарашаға жоспарланған. Партиялар Колоньидегі Мартин Бодмер қорында өтеді. Жүлде қоры 2,5 миллион долларды құрайды. Чемпионаттың титулдық серіктесі Salesforce, бас серіктесі Freedom компаниялар тобы.

Эксклюзив

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

15:57, 15 қараша 2026

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті
Жанкелді Қаржан14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!