Otpan News
Бейнеу аудандық ауруханасы заманауи көпбейінді медициналық орталыққа айналады
Otpan News
19:36, 5 қараша 2026

Бейнеу аудандық ауруханасы заманауи көпбейінді медициналық орталыққа айналады

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 5 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы құрылыс барысын тексеріп, атқарылған жұмыстардың сапасы мен нысанды пайдалануға беру мерзіміне қатысты мәселелерді қарады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.1981 жылы салынған аурухана ғимаратының жалпы көлемі 54 146 шаршы метр. Өткен жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары аясында нысандағы 11 блоктың алтауында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта негізгі А1 блогындағы жұмыстар 97 пайызға, А блогындағы жұмыстар 84 пайызға орындалған. Ал К және L блоктарында құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 70 пайыз. Аталған блоктарда инженерлік желілерді тарту және қасбетті әрлеу жұмыстары аяқталған. Қазір ішкі әрлеу, плитка төсеу және сылақ жұмыстары жалғасуда.Жоспарға сәйкес, негізгі А және А1 блоктарын қараша айының соңында пайдалануға беру көзделіп отыр. Қалған блоктарды 2027 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа беру жоспарланып отыр.Сонымен қатар аурухананың барлық блоктары орталықтандырылған су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу қазандығын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аумақты абаттандыру аясында бордюрлер орнатылып, брусчатка төселуде. Сондай-ақ 29 жарық шамы орнатылып, 38 түп туя ағашы егілген.Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін аурухана заманауи талаптарға сай көпбейінді медициналық ұйым ретінде қызмет көрсетеді. Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында мекеменің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа диагностикалық мүмкіндіктер қарастырылуда.Атап айтқанда, ауруханада магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетін орналастыруға дайындық жүргізілуде. Бұған дейін асханаға қатынау үшін пайдаланылған жерасты өткелі де медициналық мақсатқа бейімделмек. Бұл пациенттердің ғимараттан сыртқа шықпай-ақ МРТ, компьютерлік томография (КТ), рентген және басқа да диагностикалық тексерулерден өтуіне мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, палаталар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пациенттердің жағдайын тұрақты бақылауға арналған жүйелер орнатылады. Сондай-ақ палаталар бейнебақылау камераларымен жабдықталады.Нысанды аралау барысында облыс әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына баса назар аударып, барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар инженерлік жүйелерді сапалы орнату, заманауи медициналық талаптарды сақтау және аурухананың алдағы уақытта тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі
Otpan News
15:58, 4 қараша 2026

Елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуаты артады — Энергетика Министрі

Жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту нәтижесінде автомобиль отынын өндіру көлемі ұлғайып, оның сапасы «К-5» стандартына дейін жақсарады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.— Биыл біз мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын әзірледік. Оған сәйкес, жұмыс істеп тұрған үш зауыттың жалпы қуаттылығын жылына 18 миллион тоннадан 27,7 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, — деді министр.Сонымен қатар министр Ақтөбе облысында қуаты орташа мұнай өңдеу зауытын салу жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2 миллион тонна болады.Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жаңа зауыт ішкі нарықты қамтамасыз етуге және Орталық Азия елдеріне өнім жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шамамен екі жылға созылады. Бұл автомобиль отыны мен басқа да мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.— Қазір мұнай өнімдерін жеткізу кезінде қиындықтар туындап отыр. Біз ресурстық әлеуеті жоғары ел ретінде көршілес мемлекеттерді де мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз. Жоба екі жылдан кейін аяқталады. Болашақта бұл тек автомобиль отынының ғана емес, авиациялық отынның да қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.Бұдан бөлек, жоспарланған 27,7 миллион тонна өндірістік қуаттылыққа кірмейтін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Ақкенженовтің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанның орналасатын жері таңдалып жатыр. Жоба бойынша шешім жақын арада қабылданады.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!