Otpan News
Ақтауда этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылым өкілдерінің мемлекеттік органдармен кеңесі өтті
Otpan News
10:01, 13 қараша 2026

Ақтауда этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылым өкілдерінің мемлекеттік органдармен кеңесі өтті

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласында этномәдени бірлестіктер, медиаторлар, қоғамдық құрылымдар мен құзырлы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен кеңес беру отырысы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Жиынның мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, этносаралық түсіністікті дамыту және этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру. Кездесуге этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, қоғамдық медиаторлар, ақсақалдар кеңесі мен аналар алқасының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.Жиында этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру, киберқылмыстың алдын алу және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға модераторлық еткен облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, медиатор Оңайбек Әбділов қоғамдық келісімді сақтауда өзара түсіністік пен медиация институтының маңыздылығына тоқталды.Кеңес беру барысында полиция департаментінің өкілдері көші-қон заңнамасының талаптары, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібі және интернет алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының маманы тұрғын үй жинақ жүйесі мен баспана алуға арналған қаржылық мүмкіндіктерді түсіндірді.Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзырлы орган өкілдерінен жауап алды. Кездесу мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!