Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ақтауда автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды: Такси бағасы шарықтады
Нұргүл Алясова
|
13:06, 21 шілде 2025
скрин

Ақтауда 21 шілде күні таңертең қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысқа шықпай қалуынан тұрғындар уақытында жұмысқа, балабақшаға жете алмай қалды, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Жұмысқа шықпай қалғандар «Caspian Trans Corporation» және «Каспий Авто Парк» компанияларының жұмысшылары. 


Бұл жағдайды пайдаланған такси жүргізушілері жол жүру құнын қымбаттатып жіберген. Тұрғынның бірі әлеуметтік желіде 5 шағынауданнан 11 шағынауданға жету үшін таксиге 2 мың теңге төлегенін жазып жатыр. 


Мәселеге қатысты Ақтау қаласының әкімдігі түсініктеме берді.


- Мәселенің мән-жайын анықтау және шешу бойынша әкімдік тарапынан жедел жұмыс тобы құрылып оқиға орнына барды. Автобус жүргізішілері тарапынан жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, тамақтану, тынығу уақыттарын ұзарту сияқты мәселелер көтерілді. Жұмыс тобы мен жұмыс беруші заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселені шешудің жолдары қарастырылып жатыр. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде автобустар сағат 11:00-де қайтадан жұмысқа шықты», - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі.
35
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!