Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Жаңаөзенде тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты
Ақмарал Берекет
|
12:47, 16 шілде 2025
Фото: ТЖД

Жаңаөзен қаласының Өркен шағынауданындағы 64-үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтаған.


«Алдын ала мәлімет бойынша, шатырдың жалпы ауданы 150 шаршы метр болса, оның жанған бөлігі 40 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.


Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Жаңаөзен
өрт
31
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!