Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Ұлы Жеңіске 80 жыл: Шебірде мәдени-рухани шара басталды
Махаббат Нұржанқызы
|
16:33, 3 мамыр 2025

Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылында Пір Бекет атаның 275 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлер рухына тағзым» атты кең ауқымды мәдени-рухани шара басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Жандос Романұлы мен ауыл тұрғындары қатысты. Бағдарлама ауыл тарихына арналған энциклопедиялық кітаптың тұсаукесерінен басталды. Бұл туынды — Шебірдің бай мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды еңбек.


Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған шара барысында 16 шақырымдық ошақ бәйге, 18 шақырымдық ұшқыр бәйге, қазақша күрес пен қол күресінен сайыстар ұйымдастырылды.


Бұл шара — ауыл тұрғындарының бірлігін бекемдеп, өскелең ұрпаққа салт-дәстүр мен ұлттық спортты насихаттауға бағытталған, — деді аудан әкімінің орынбасары Жандос Романұлы.


Кештің соңын эстрада әншілері көркем концерттік бағдарламамен түйіндеді. Айта кетейік, мерекелік жиын ертең де жалғасын таппақ.

Жеңіс
80жыл
48
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!