Түпқараған ауданында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды
Ақмарал Берекет
|
11:44, 13 маусым 2025

polisia.kz
Түпқараған аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес жол жүру ережелерін өрескел бұзған азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды оtpannews.kz.
Соттың мәліметінше, 2025 жылғы 25 сәуірде сағат 16:23 шамасында Т. есімді азамат «BMW» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, «Ақтау – Қаламқас – Қаражанбас» тас жолының 76/77-шақырымында жолдың үздіксіз ақ жолақ сызығын кесіп өтіп, жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынған жерден қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін айтып, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
«Сот Т.-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Оның кінәсін мойындауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енді.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ