Маңғыстаулық жас каратэшілер халықаралық аренада жүлдеге ие болды
Нұргүл Алясова
|
13:18, 18 шілде 2025

Маңғыстаулық жас спортшылар Астанада каратэден өткен «Kazakhstan Open 2025» халықаралық турнирге алғаш рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды, деп otpannews.kz.
10-13 шілде аралығында Қазақстан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткен додада 6 елден келген 560-тан астам спортшы өзара мықтыны анықтады.
Дүбірлі додада Маңғыстау облысының Қызылсай ауылынан бақ сынаған 14 жастағы спортшы Матжан Мәдениет 52 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленді. Ал Басқұдық ауылынан қатысқан Анищенко Захар 63 келі салмақта қола жүлдені қанжығаға байлады.
- Турнирде алғаш рет шетелдік қарсыластармен татамиге шықтым. Әрине, қобалжу болды.Бұл жеңіс – менің ғана емес, мені баптап дайындаған жаттықтырушымның, әрдайым қолдау көрсеткен ата-анам мен ауылдастарымның ортақ еңбегінің нәтижесі. Енді әлем чемпионы болу – менің басты мақсатым. Бұл арманымның орындалатынына сенемін, – деді жас спортшы Матжан Мәдениет.

Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ