Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Түпқарағанда қалдықтарды өңдейтін полигон салынып жатыр
Жанкелді Қаржан
|
04:42, 16 ақпан 2025

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында «Түпқараған ауданындағы тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды өңдейтін кешені бар полигон құрылысы» туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының орынбасары Х.Төлеуішов өңірлік Жол картасының 99 тармағының орындалу барысы жайлы баяндады.

Өндірістік және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу кешенін салу үшін 2021 жылы «ECSAD» ЖШС-ға 20 га жер телімі бөлінген болатын. Кешен құрылысы Ақтау қаласынан 52 шақырым жерде жүріп жатыр. Кешен құрамына сұрыпталмаған қалдықтарды орналастыру полигоны және құрылыс қалдықтарын қабылдау, оларды уақытша сақтау орындары кіреді.

Жоба бойынша қабылданған құрылыс қалдықтары сұрыпталып, ұсақталады. Ұсақталған құрылыс қалдықтары жөндеу жұмыстарына, өндірістік жолдарды салуға, полигондарды тығыздауға және тұрмыстық қатты қалдықтарды одан әрі рекультивациялауға пайдаланылады. Жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Кеңес төрағасы О.Тоғжанов бұл жобаның аудандағы экологиялық мәселелерді шешуге үлкен ықпалын тигізетіндігін, өңірлік Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы партиялық бақылауда екендігін атап өтті.

56
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!