«Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан» жолының құрылысы 2027 жылы аяқталады
Маңғыстау облысында «Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан» автожолының Темірбаба өткеліндегі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, жобалау құжаттары дайын. Айналма жолдың 11 шақырымы салынған, ал негізгі жолда жер жұмыстары 7 шақырымда, геотекстиль төсеу 4 шақырымда, қиыршықтас пен құм қоспасы тағы 4 шақырымда жүргізілген. Жоба 2025–2027 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асады.
84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев