Түпқарағандық студенттер жұмысшы мамандармен кездесті
23 қыркүйек күні «Жұмысшы мамандықтар жылы – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» жобасы аясында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенттерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге өңірдің жас мамандары қатысты. Олардың қатарында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының 4-разрядты слесарь-жөндеушісі Жанаман Бақтөреев, «Қаражанбасмұнай» компаниясының ұңғыма зерттеу операторы Азамат Сүйеуов, Форт-Шевченко қаласындағы «Қазпошта» операторы Шынар Нұрадинова болды.
Сонымен қатар кездесуге «Риза-Ана» қоғамдық қорының директоры Бибігүл Рамазанова қатысып, жастарға өз тәжірибесін бөлісті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандарды қолдау, мүмкіндіктер сөз болды.
105
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев