Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Түпқараған ауданында 13 өлі құс табылды

Түпқараған ауданында 13 өлі құс табылды

Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутино елдімекендері маңындағы теңіз жағалауында өлі құстардың денесі табылды. Аталған жағдай Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мониторингтік жұмысы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Мониторингке аумақтық инспекция, балық шаруашылығы инспекциясы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қатысты.


Жағалаудың әр учаскесінен барлығы 13 құс өлексесі табылды. Олардың арасында үйрек тектес құстар, үлкен су құзғыны және шағалалар бар. Алайда құстардың денелері шіри бастағандықтан зертханалық сынама алу мүмкін болмады, – деді орман шаруашылығы инспекциясының өкілдері.


Аумақтық инспекция Түпқараған ауданы әкімдігіне құстардың өлексесін арнайы орындарда жою жұмыстарын ұйымдастыру туралы хат жолдаған. Қазіргі уақытта мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!