Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Шетпелік оқушылар Дубайдан жеңіспен оралды

|
14.11.2025 10:39
Шетпелік оқушылар Дубайдан жеңіспен оралды

Шетпелік оқушылар Дубай қаласында өткен халықаралық ағылшын тілі олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Rainseed оқу орталығының жетекшісі Асел Мамбетбаеваның жетекшілігімен қатысқан шәкірттер білімдерін халықаралық деңгейде дәлелдеді.


Атап айтсақ, Жанель Жайық – 1 орын, Назерке Жетібаева, Аймира Кеңес – 2 орын, Айрайлым Муратбаева, Бақыт Ақторғын, Әсем Бақыт, Сабина Сағынбекқызы, Таңшолпан Қонашева, Сымбат Талғатқызы – 3 орын алды. 


Сондай-ақ, №1 мектептің оқушысы Айзат Темірхан сөйлеу дағдысы бойынша ерекше нәтиже көрсетіп, Super Champion атағына ие болды. 


Олимпиадаға Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова елдерінен оқушылар қатысты.


Асель Мамбетбаева шәкірттерінің бұл жетістігін – табандылықтың, сапалы дайындық пен ағылшын тіліне деген қызығушылықтың нәтижесі деп атап өтті.

35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!