Өңірде жұмысшы мамандар «Ауқымды инновациялық шешімдер» байқауына қатысты
2025 жылы “Жұмысшы мамандықтар жылы - жаңа мүмкіндіктерге жол ашу” атты аймақтағы жұмысшы жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған жоба аясында Маңғыстау өңірінде “Ауқымды инновациялық шешімдер” байқауы өтті.
Байқауға 9 жұмысшы жас өтініш берді. 5 жоба іріктеліп шықты. Комиссия құрылып, баға берілді. Аталған жобаның жеңімпаздары мен ынталандыру жобаларымен 23 қазан күні жастармен кездесу ұйымдастырылды әрі жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тлеген Абишев қатысты.
Жоба жеңімпаздары:
- 1 орын және 300 мың теңгемен - Сүгіров Абай - Қаражанбасмұнай компаниясының жас маманы.
- 2 орын 200 мың теңгемен - Қойлыбай Асқар - Өзенмұнайгаз жас маманы.
- 3 орынмен 100 теңгемен - Қылышбаев Төлеген - КазТрансОйл мекемесі жас маманы марапатталды.
96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев