Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Өңірде мемлекеттік қызмет алу кезінде азаматтардың құқықтары қорғалуда

|
12.11.2025 21:15
Өңірде мемлекеттік қызмет алу кезінде азаматтардың құқықтары қорғалуда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2025 жылдың он айындағы қорытындысы бойынша 192 қызмет алушының құқықтарын толық қалпына келтірді.


Қызмет алушылардың құқықтары өтініштер негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, сұрау салулар, қашықтықтан бақылау нәтижелері және «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы қалпына келтірілді.


Құқықтары қорғалған азаматтардың басым бөлігі жер қатынастары және сәулет-қала құрылысы салаларына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш білдірген.


Жыл басынан бері Департаментке келіп түскен шағымдардың ішінде 17-сі жоспардан тыс тексеру, 22-сі сұрау салу арқылы қаралды. Нәтижесінде, дәлелденген шағымдар бойынша қызмет алушылардың құқықтары толық қалпына келтірілді.


Мысалы, Департаментке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы Ақтау қалалық ХҚКО арқылы тұрғын үйді жекешелендіру қызметін көрсету кезінде Қағида талаптарының сақталмауына қатысты шағым түскен.


Талдау барысында тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бойынша бастапқы жарна мөлшері Қағидада 10 пайыз деп көрсетілгеніне қарамастан, ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінде 30 пайыздық жарна талап етілгені анықталды.


Бұл сәйкессіздікті жою мақсатында Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақпараттық жүйені Қағида талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсыным енгізді. Нәтижесінде, жүйеге өзгерістер енгізіліп, тұрғынжай құнының 10 пайызы мөлшерінде жарна енгізу арқылы қызмет алушының өтінімі қабылданды.


Жалпы, Департаменттің араласуымен:


  • 99 қызмет алушының құқығы – қашықтықтан бақылау нәтижесінде,
  • 52 қызмет алушының құқығы – жоспарлы тексеру нәтижесінде,
  • 8 қызмет алушының құқығы – Telegram-бот арқылы қалпына келтірілді.


Анықталған бұзушылықтар бойынша 39 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолданылды.


Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарға тап болған азаматтар Департаментке тікелей жүгінуіне немесе «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы шағым түсіруіне болады.


Мекенжай: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 71 ғимарат, 2-қабат




Тоқтамыс Жұмағұлов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы


28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!