Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мемлекет басшысы Мәскеуде «Белгісіз жауынгер бейітіне» гүл шоғын қойды

|
12.11.2025 14:24
Мемлекет басшысы Мәскеуде «Белгісіз жауынгер бейітіне» гүл шоғын қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Мәскеудегі Александр бағында орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы ескерткішке гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бір минут үнсіздік жарияланғаннан кейін оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Одан кейін Құрмет қарауылы Қазақстанның ресми делегациясының алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.


Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Соғыс жылдарында майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.


Бұл рәсім — соғыста қаза тапқан жауынгерлерге деген мәңгілік құрметтің және Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи байланыстардың символы.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!