Бибісара Асаубаева ер адамның ең басты үш қасиетін атады
Фото: Ашық дереккөзден
Елімізге белгілі маңғыстаулық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі жазылушыларының бірқатар сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жерлесіміздің желіден ұзақ уақыт көрінбей кетуі көпшіліктің назарын ерекше аударған еді.
«Мен әлеуметтік желіден саналы түрде үзіліс алдым. Бұл уақытта отбасыммен көбірек болуға, спортзалға баруға, кітап оқуға және жаңа хоббилерді меңгеруге уақыт бөлдім. Маған өз-өзіңмен өмір сүру, өзгелермен салыстырмай, жақсы көрінуге ұмтылмау ұнайды», - деді Бибісара.
Шахматшы соңғы уақытта жалғыздық пен тыныштықта көбірек уақыт өткізуді жөн көрген. Жазылушылардың бірі одан ер адамның ең маңызды қасиеттері туралы да сұраған болатын.
«Парасаттылық, мейірімділік және уәдесінде тұра білу. Әрине, жақсы қасиеттер көп, бірақ мен үшін осы үшеуі ең маңызды», - деп жауап берді шахматшы.
Айта кетейік, 21 жастағы маңғыстаулық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жуырда Самарқандта өткен беделді FIDE “Үлкен Швейцарка” турнирін үшінші орынмен аяқтады.
65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев