Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бейнеу ауданында 62 кәсіпкерге 16,6 миллион теңге артық салық салынған

|
13.11.2025 14:50
Бейнеу ауданында 62 кәсіпкерге 16,6 миллион теңге артық салық салынған
Ашық дереккөзден

Бейнеу аудандық прокуратурасы 62 кәсіпкерге жалпы сомасы 16,6 миллион теңге болатын заңсыз салықтық хабарламалар жіберілгенін анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Тексеру барысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық есептеу кезінде сатылған мүліктің құнын қате мәліметтер негізінде есептегені белгілі болды. Соның салдарынан кәсіпкерлерге негізсіз хабарламалар жолданған. Бұдан бөлек, салық органының есептеу кезінде бағалау арқылы анықталған нарықтық құн немесе уәкілетті органның кадастрлық құны туралы мәліметтерді ескермегені белгілі болды. 


«Салдарынан кәсіпкерлердің есепшоттары бұғатталып, қызметі уақытша тоқтатылды», – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.


Анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Соның нәтижесінде заңсыз хабарламалар жойылып, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 62 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!