Ақтауда салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді
Ақтау қаласында орналасқан “Ана мен бала” орталығында 11 қараша күні салмағы 6,690кг нәресте туды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Прэклампсияның ауыр дәрежесі, яғни жоғары қан қысымымен, қант диабеті және артық салмақ секілді бірнеше күрделі диагнозбен орталыққа түскен жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырған.
“Анасының бұл диагноздары балаға да әсерін береді. Мұндай балалар болашақта семіздікке, инсулинге төзімділік және өзге де ауруларға бейім келеді. Сондықтан жүктілікке дайындалып, алдын ала тексерілуден өту керек”,- делінген “Ана мен бала” орталығының хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, баланың үлкен салмақпен дүниеге келуі - нормадан ауытқу. Мұндай жағдайлар ана мен бала өміріне қатар қауіп төндіреді. Үлкен салмақпен туудың басты себебі – жүкті әйелдегі артық салмақ, гормондық бұзылыстар немесе қант диабеті.
71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев