Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда өңірлік өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

|
14.11.2025 10:18
Ақтауда өңірлік өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Ақтауда «Жыр әнім сенсің - Маңғыстау!» XIV «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық өнер фестивалінің үздіктері анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Бұл жолы айтулы өнер сайысының бас жүлдесі Маңғыстау ауданының өнерпаздарына бұйырды.

 

Жыл сайын өтетін танымал фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат - өңірдің жас таланттарын анықтау, шығармашылығын шыңдау болып отыр. Өнерлі өрендердің салтанатты іс-шарасына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев арнайы қатысып, қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, марапаттарды табыстады.

 

«Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Осындай жүйелі түрде ұйымдастырылатын шығармашылық байқаулардың арқасында өңірдің талантты өнерпаздары елге ғана емес, шет елдерге де таныла бастады. Сондықтан осындай өнер мерекелерін ұйымдастыру біз үшін аса маңызды. Фестиваль жұлдыздары көбейіп, Маңғыстау өнері тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде жарқырай берсін», - деді МО әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев.

 

Фестиваль қорытындысы бойынша Бейнеу, Түпқараған мен Қарақия аудандарының жүлделі үшін бұйырып, өзара бөлісті. Ал екінші орынға Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының өнерпаздары ие болды. Бірінші ақтаулықтарға бұйырса, бас жүлде Маңғыстау ауданынан келген өнер иелерінің еншісіне жазылды.

 

Айта кететін жайт, «Жыр әнім сенсің - Маңғыстау!» XIV «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық өнер фестивалінде бас жүлде үшін автокөлік сыйға берілсе, бірінші орын үшін 4 млн, екінші орынға 3 млн, ал үшінші орынға екі млн теңде көлемінде ақшалай сыйлық берілді. 

27
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!