Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда баспасөз хатшылары бейнеролик түсіруді меңгеріп жатыр

|
12.11.2025 16:01
Ақтауда баспасөз хатшылары бейнеролик түсіруді меңгеріп жатыр

Ақтауда «Қырағы көз» жобасы аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшыларына арналған «Бейнероликтерді түсіру, монтаждау және таратудың заманауи әдістері» оқыту курсының үшінші күні өтті. Оқыту курсын Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қазақстан жастары фракциясы» ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Курсқа 25-тен астам облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік орган мен ұйымның баспасөз хатшысы, PR және медиа маманы, сондай-ақ ақпараттық саясат саласында жұмыс істейтін қызметкерлер қатысты.


Оқытуда қатысушылар кәсіби бейне түсірудің негізгі техникалық тәсілдерімен танысып, жарық қою, кадр композициясын құру және камерамен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік жаттығулар орындады. Тренерлер бейнежазбаның сапасын арттыруда жарық пен ракурс таңдаудың маңыздылығына тоқталып, табиғи және жасанды жарық көздерін пайдалану, сондай-ақ түсірілім алдында кадрды дайындау мен экспозицияны реттеу жөнінде нақты мысалдар келтірді. Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, өзара тәжірибелік түсірілім жұмыстарын жүргізді. Әр топ өз түсірілім материалын талқылап, кәсіби кеңес алды.


Курс тыңдаушыларының айтуынша, мұндай тәжірибелік сабақтар теорияны іс жүзінде бекітуге әрі мемлекеттік мекемелердің ақпараттық контент сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.


Айта кетейік, оқыту курсы алдағы күндері монтаж және бейнероликтерді әлеуметтік желілерде ілгерілету әдістері бойынша жалғасады.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!