2025 жылы ең қысқа күн қашан болады?
2025 жылы ең қысқа күн 21 желтоқсанда болады. Ғалымдар сөзінше, бұл кезде қысқы күн тоқырауы басталады, деп хабарлайды otpanews.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.
Мәскеу планетарийінің әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Людмила Кошманның айтуынша, дәл осы күні күн аспан экваторынан оңтүстікке қарай 23,5° ең төмен еңкею нүктесіне жетеді.
Бұл түн солтүстік жарты шарда ең ұзақ, ал күндіз ең қысқа болатын уақыт деген сөз.
Желтоқсан айының басында күндізгі уақыт ұзақтығы 7 сағат 27 минут болса, 21 желтоқсанда ол 6 сағат 59 минут 51 секундқа дейін қысқарады. Ай соңына қарай күн ұзақтығы 7 сағат 5 минутқа дейін артады, – деді Кошман.
Маманның айтуынша, осы күннен кейін күн ұзара бастайды және 2026 жылдың 21 маусымында, яғни жазғы күн тоқырауы кезінде, оның ұзақтығы 17 сағат 33 минутқа жетеді.